- Ә.Нүрпейісов қазақ әдебиетінде өкілдік қолтаңба бар, стильдік ерекшеліктері өзгеше, дүниетанымы өте кең қаламгерлердің бірі. Оның шығармалары бүгінде қазақ әдебиетінің бай мұралары болып саналады. Жазушының айызлы туындыларының бірі. Қан мен тер теориясы. Шынайы реализмге суарылған көркем туындының қуаттылығы оның кейіпкерлерінің өміршеңдігінде. Трилогия кейіпкерлері – Блама Ақбала, Тәңірберген, Сүйеу және тб. қай –қайсысы болмасын кесек тұлғалар. Олардың мінез құлықтары іс — әрекеттері және ішкі тұлғалық психологизмі көркем шығармада шебер сүреттелген. «Қан мен тері» романы Арал балықшылары ауылындағы оқиғаны жеріне жете суреттелуімен құнды.
- Жазушының бір көркем әрі терең мазмұнды шығармасы – «Соңғы парыз » атты дилогиясы. Шығарма бүгінгі көкейкесті тақырыпқа арналған. Ол –экология мәселесі. Экологиялық зәрулік қазірде жеке адамның жергілікті жердің ғана проблемасы емес, ол жалпы идеясы осыған меңзейді әрі ашық айтады.
Ә.Нұрпейісов шығармасындағы әдеби дәстүр жайлы сөз еткенде оның шығармаларына тән әдеби үдеріс әлемдік әдебиеттен тыс жатпағандығына дер едік. Бүгінгі әлемдік әдебиеттегі үдерісте кейіпкерлердің нақтылығы, көркемдіктің шарттылығы, сөздің айтар ойдың ашықтығы болса, жазушының жоғарыда аталған қос шығармасында да анық кездеседі.
Жазушы шығармаларындағы айтылар ой мен кейіпкерлердің кесек мінезі, нақты іс әрекеттері басты ерекшеліктердің бірі.
Жазушы көркем әдебиетті шығармашылық тұрғыда қарастырады. Шамадан тыс әсерлеп суреттеу, іс-әрекетті жасанды қолдану – жазуша шеберханасына жат құбылыс.
- Жазушы өз шығармаларында реализмге негізделген туындыларды жасай отырып, романтикалық сарындарды да пайдалана білген. Сондай-ақ кейіпкерлердің өсу кезеңдері де өзара қарым – қатынасты, іс әрекет үстінде көрсетіледі.
Ауыл адамдарының психологиясы кәсіптің ұңғыл – шұңғылдары, табиғат көріністері өзара үйлесімді қалыпта суреттеледі.
Табиғаттың о бастығы уыздай уылжыған күйі, техналогиялардың дамуы, қоршаған ортаға ықпалы, бәрі – бәрі де жазушы назарынан тыс қалмаған.
Жазушы бүкіл шығармашылық әдістің басым бағыты реализмге табан тіреген. Реализм жазушы шығармасының басты өзегі.
Бүгінде оқырмандар сенім іне ие болуда реализм әлі де өзінің күші мен қүдіретінен айырылмаған.