- Әлемдік әдебиет өте кең ауқымға ие.Бүгінде Еуропалық, Азиялық, Латын Америкасы және Африка әдебиеті деп аталатын әдебиеттердің өзіндік даму заңдылықтары мен ерекшеліктері бар. Қазірде Латын Америкасы елдерінің әдебиеті даму үдерісін бастан кешіріп отыр.
Әлемдік әдебиет- бай тәжірибеге ие. Олар өмірдің сан алуан тақырыптарын шығармаға өзек етіп, әрбір адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жан-жақты суреттерге ынта танытуда. Әлемдік әдебиет өкілдері: Габриэль Гарсия Маркес, Кобэ Абэ, Иосиф Бродский және тағы басқа ақын-жазушылардың шығармаларында бүгінгі заман көрінісі, оның кейіпкерлері суреттелген.
- Әлемдік әдебиеттің озық үдерістері жоғарыда аталған қаламгерлер шығармаларынан оны байқауға болады. Бүгінгі әлем әдебиеті шындықты, өмірдегі оқиғаларды, кейіпкерлердің шынайы бейнесін мейілінше көрсетуге ұмтылып отыр. Әдебиеттегі шығармашылық тәсілдің ең негізгісі- реализм болса да, шығармаларда сонымен біргелікте романтикалық әдіс те өз көрінісін тауып отыр. Сондай-ақ, шығармада авангардизм, символизм, экзистенциализм, модернизм және постмодернизм ағымдары толық байқалады. Әлемдік әдебиет оның миф, фантастика секілді элементтері де кеңінен қолданылуда.Бүгінгі әлемдік әдебиет өткендегі барша шығармашылық әдістер мен әдеби бағыттардың,ағымдардың синтезі іспеттес.
- Әлемдік әдебиетте сонымен бірге көркем әдебиет тән қасиет-көркемдік тіл мен көркем біраз болса, тілдің көркемділігінен гөрі кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөзі басты назарда тұтылуда. Бұл жәйт әлем әдебиетшілер әдебиеттегі озық әдеби үдеріс ретінде пайдаланып келеді.
Әлемдік әдебиеттегі озық үдерістер бүгінгі қазақ әдебиетіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Алайда, әдебиет зерттеушілері және қаламгерлер көркем әдебиеттегі көркемдік тілдің жоғары болуын әліде қалайды. Осы орайда қазақ әдебиетінде кейіпкерлер іс -әрекетін, мінез құлқын суреттеуде нақтылыққа ұмтылып отырғанын көрумізге болады.
Жалпы алғанда әлемдік әдебиеттегі озық үдерістерден шет қалуға болмайды. Өйткені, әлемдік әдебиетте көркемдіктен гөрі айтар ойдың ашық, іс -әрекеттің айқын болуын қалайды. Бұл оқырмандарда көркемдіктен шет қақпай өту емес, айтар ойдың мөлдірлігін қамтамасыз етудегі туған ой деп түсінуге болады.