- Сөз өнер жайлы топшылаулардың туу тарихын, жалпы өнерге тән қасиет (әдемілік) хақындағы қағидалардың қалыптасу тарихын әдебиет пен өнер зерттеуші ғалымдар біздің эрадан бұрынғы (бұдан былай «б.э.б.» деп, қысқартып алып отырамыз. — З.К,) VI ғасырдан, яғни Пифагор тұсынан бері қарай тұтастыра жуйелеп жүр. Дұрысында адам баласының көркемдік талғамының алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын, Ніл мен Нигер, Хуанхэ мен Янцзы, Инд пен Ганг, Тигр мен Евфрат жағалауларын мекендеген көне халықтардың рухаии өмірі мен өнерінен пайда болған.
2.Байырғы вавилон жұртының «Көрмегені жоқ кісі туралы» дастаны немесе көне үнді халқының «Ригведа», «Махабхарата», «Рамаяна» жырлары тәрізді еңбекші бұқараның жер бетінде тұнғыш туғызған әдеби ескерткіштерге бақсақ, адам баласының сөз өнері, соған сабақтас көркемдік пен көріксіздік, ерлік пен ездік, жақсылық пен жамандық, білімдарлық пен надандық, туралы талаптары мен талғамдары тіпті б.э.б. 3-2 мыңыншы жылдарда туып, турлаулы ұғымға айнала бастағанын аңғарамыз.
3.»Көрмегені жоқ кісі туралы» дастан — бірнші вавилон династиясы тұсында, яғни б.э.б. 2 мыңыншы жылдар шамасында туған батырлық поэма. Мұнда Урук қаласының патшасы Гильгамеш, оның, досы Энкиду, олардың ерлік эпос жырланады (И.М.Дьяконов аударып бастырған варианты» Гилыамеш туралы эпос» деп те аталады.