- Көркемдік әдебиеттің қатарында романтизм және реализм болса олар белгілі бір дәуірде пайда болған. Әр кезеңдегі әдебиетте өз көрінісін табады. Мысалы: ауыз әдебиетіндегі батырлар жырының эпикалық сарынның бүгінде қазақ ақындарының поэмаларынан балладаларынан кездестіруге болады. Әдеби дәстүр жалғастығы Жамбылдың «Өтеген батыр» дастан жырында анық көрінген. Сондай-ақ Жамбылдың эпикалық жырларында яки өлеңдерінде эпикалық сарын аз емес. Мысалы: Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған шығармалырында ақын өз кейіпкерлерін эпостық жырларында батырлар секілді суреттейді. Мысалы: «Суға салса батпайды, отқа салса жанбайды» осымен теңеген.
- Романтизм әдісі де ХІХ ғасырдың және ХХ ғасырдағы әдебиетте мейлінше кездеседі. Асқақ рух қаһармандық пен әр дәуірде әдебиетке тән. Өйткені әр уақыт өз заманның кейінгі күннің тәртібіне қоюға ұмтылған. Атап айтқанда ауыз әдебиетінің үлгілері эпикалық жырларды Қобыланды, Алпамыстар қаһармандық кейіпкерлер болса Бауыржан Момышұлының соғыс тақырыбындағы жазылған шығармаларындағы кейіпкерлер мен батырлардың өзінің соғыстағы айла-амал тәсілдері де ерекше мәнге ие.
3.Ондай әдебиеттегі жалғастық әлемдік әдебиетке тән. Сондай проза, поэзия, дараматургия жанрларының бүгінде жалғастықтары арнайы зерттеуді қажет етеді. Проза оның тілі көркемдік сипаты және заңдылықтарының кемшілігімен бүгінде ерекше саралануы тиіс. Өйткені бүгінде проза, поэзия, драматургия кешегі проза, поэзия, драматургияға мүлдем ұқсамайды. Тілде де көркемдік сипатыда ойлау жүйесі де әр алуан.