- Кеңес дәуірінде қазақ әдебиеті барлық жанрларда қалыптасып дамыды. Кеңес дәуірінің өзінде-ақ әдебиетіміздің дамуында басты-басты кезеңдер орын алды. Мысалы: 20 жылғы 30-шы 40-45 жылғы 50-ші жылғы, 60-шы, 70-ші, 80-ші жылдардағы әдеби кезеңдер деп аталды. Олардың әрбірі өзіндік ерекшеліктеріне ие. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында қазақ әдебиеті саласында проза, өткен ғасырға қарағанда ерекше дамыды Ж.Аймауытовтың «Бақытсыз Жамал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», М.Әуезовтың «Қилы заман» дүниеге келді.
- Поэзия басымдық сипатқа ие болатын қазақ әдебиетінде орыс және батыс еуропа елдерінде айрықша дамыған проза жанры оның ішінде әңгіме, повесті роман секілді қысқа әрі күрделі жанрлар өз оқырмандарына жол тапты. Сонымен бірге ХХ ғасырда кеңістік дәуір әдебиетіде, (кеңес дәуірі 1977-1991жылы) араб, латын, кирилица харіптері басылып жарық көрді. Мұның көп ретте оқырман жадын жоғалтуға кері ықпал болды. Бір харіптен 2—ші харіптен ауысу оқырман санының азаюынан өзге харіптердегі шығармаларды оқуға көптеген кедергілерді келтірді.
- Бүгінгі ұрпақта 20-30 жылдардың қазақ әдебиетінің туындыларынан оқи алмайтыны жасырын емес. Мысалы: Қытай, Үнді, Араб, Өзбек жеріндегі ұлттық кітапханаларда әдебиеті мен мәдиниеті араб тілі жайында көп кездеседі олар өз зерттеулерін күтіп отыр. Мысалы: Тек қана Ташкент қаласында ХХ ғасырдың 20-жылдарында «Ақжол», «Шолпан» газеті, әдеби көркем журнал шығып тұрған. Оларда М.Жұмабаев, М.Әуезов, С.Сифулиннің шығармалары жарық көрген, қайта құру кезінде (1985-1991) қазақ әдебиетінде ұлттық мүддеге тола тың тақырыптар көтеріле бастады.