Журналистика принциптері

  • Қазақстан журналистикасы әлемдік журналистиканың бір бөлігі ретінде белгілі бір принциптер негізінде жұмыс жасайды. Принциптер журналистік қызметтің теориялық-методологиялық негізін құрайды. Мерзімді басылымдарда, теледидарда, радиода қойылатын негізгі принциптер мыналар: шыншылдық, нақтылық, жеделдік. Сонымен бірге жалпыадамзаттық принциптер де журналистиканың негізгі өзегі.
  • Радионың байланыс құралы ретінде танылғаны да бір ғасырдан астам ауқыт болды.Осы мерзім ішінде журналистиканың жаңа түрі радиожруналистика дүниеге келіп,қалыптасып,дамыды.Өмір сүріп отырған,ғылыми – техникалық прогрестің шарықтау шегіне жеткен осы бір электронды құралдар әлемінде,радионың өзінің мүмкіншілігін аша түсіп, қанатын кеңге жайып отырғандығы шындық.
  • Радио – дүниеге журналистикадан,өнердің көп саласынан кейін келгені мәлім.Бірақ өнердің көптеген салаларынан – кино, театр, эстрада т.б. қарағанда радионың мүмкіндігі орасан зор.
  • Бүгінгі күні мемлекеттер арасында, халықаралық қатнастар аясында инормациялық насихат құралдарының ролі қандай дәрежеге өсіп отырғаны баршаға аян.Ғылыми – техникалық прогресс нағыз шарықтау шегіне жетіп тұр.Миллиондаған,мыңдаған радиостанциялар,мимллияртаған радиоқабылдағыштар, сансыз шғып жатқан газет – журналдар сан – салалы басылымдардан келіп түсіп жататын хабар ақпарат тасқынында ешқандай тосқауыл жоқ.
  • Қазіргі кезде студиядан тыс жасалатын хабарлардың үлес салмағы күн сайын артып отыр.Студиядан тыс хабр ұйымдастыру үшін керекті құрал “Репортер”.Бұл магнитафонды журналистің айрылмас серігі деп айтамыз.Өйткені репортер арқылы кез келген жерден хабар жазып келуге болады.
  • Радиожурналистер алғашқы кәсіби шағын магнитафонды 1952 жылдан бастап қолданды.Оны Киевтің радиозаводы шығарды.Алғашқы оның маркасы “Днепр — 8” деп аталды, кейін “Репортер – 1 ”деп өзгертілді. (Репортер – латын сөз,жаңалық,хабар жеткізуші,әкелуші деген мағананы білдіреді.)