- Модернизм әдебиетке өзгеше бағыт ретінде енді. Еуропа әдебиетінде негізгі бағыттардың бірі болыа саналған модернизм өмірді реалистік тұрғыда сурттей отырып, адам баласының өмірі оның тағдырына байланысты екеніні модернистік бағытқұа сай суреттеп оқырмандарға ұсынды.
Әдебиеттің халықтығы — тарихи категория. Прогрессшіл азаматтың жалпы көркемдік даму тарихының эр кезеңінде бүл ұғым эр сипатта болды. Мү_ны бір тұста Пушкин де ескерткен: «Бірқыдыру уақыттан бері біздің арамызда халықтық жайлы сөз қозғау, халықтықты талап ету, халықтықтың жоқтығына қынжылу эдетке айналды. Бірақ халықтық деген сөздің мағынасы не? Оны анықтау ешкімнің ойына келмей жүр».
Шынында да солай еді. Бір ғана орыс эдебиетінің соңғы бір — екі ғасырдағы тарихына көз салсақ, бүл эдебиетгің халықтығы жайлы әр білгіштің пікірі эр тарап екенін көреміз.
2.Модернизмнің әдебиеттегі түрлері саналуан. Өнердің кәусар туындысы халық өмірінің терең жэне мөлдір қайнарынан шымырлап шығады да, сол халықтың өзінінің рухани сусынына айналады. Горькийде мынадай нақыл бар: «Зевсті халық жасаған, Фидий тасқа қашаған». Рас — ақ. Шын мэніндегі өнерде халық даналығының таңбасы жатады. Демек, өнердің элгідей жасампаз күші оның халықтан туып, халық қажетіне жарауында жатыр. Жер бетінде халық бар болса, халық өмірімен біте қайнаған, хальщ мақсатына қылтқысыз қызмет ететін өнер де бар. Әдебиет пен өнердің халықтығын, міне, осы тұрғыдан таныған жөн.
Халықтық деген ұғымды тұңғыш рет өткен ғасырдың бас жағында П.А.Вяземский ұсынды. Оның 1825 жылы А.С.Пушкиннің «Бакшасарай фонтанына» алғы сөз ретінде жазған «Кітап бастырушы мен классиктің кеңесуі» деген мақаласында классик «Сөз өнеріндегі халықтық деген не? Бүл фигура Аристотель пиитикасында да Гораций пиитикасында да жоқ қой», -десе, кітап -бастырушы «Гораций пиитикасында жоқ, бірақ шығармаларында бар», — дейді. Бүл — құнды пікір.
- Әдебиеттегі постмодернизм бүгінде модернизмнен кейін келген әдеби бағыт. Бұл бағыт көркенм шығармалардың тәрбие беру құралынан гөрі адам санасына әсер етуді басты мақсат санайды.Сайып келгенде, әдебиеттің халықтығы туралы топшылауларды тұрлаулы түсінік қып қалыптастырған В.Г.Белинский болды. Халықтық дегенді ол альфа мен омега деп ұқты, нағыз көркем творчество бүдан ешқашан ажырай алмайды деп білді. Белинскийдің пікірінше, эдебиеттің өзі, бэрінен бұрын, «халық санасы», «халықтың рухы». Сонымен сыншы «көп ретте халық деген сөздің барып тұрған мағынасыз сөзге айналатынына» қынжыла кеп, халық атын жамылып, қүр күпсіген желбуаздарды қатал сынға алған еді.
Халықтық — эдеби шығарманың терең мазмүнында жатқан түсінік. Халықтық шығарманың тақырыбынан, белгілі бір тақырып арқылы автордың алға қойған мақсатынан бастап, көркемдік шешімге дейін баратын қаһарманнын мінезін, дүниетанымын, іс — эрекетін қамти келе автордың тілі мен стиліне, бағыты мен эдіміне, эстетикалық идеалына көшетін ұғым. Халықтық — ақындық қайнары, сөз өнерінің тамыр тартар топырағы. «Өнер -халықтікі, — деген еді Ленин Клара Циткинге, — еңбекшілердің қалың бүқарасы арасына ол мейлінше терең тамыр жаюға тиіс, осы бүқараға түсінікті жэне үнамды болуға тиіс; осы бүқарының ой — сезімін және жігерін біріктіріп, оларды алға үмтылдыруы керек».
Халықтың сипат ең алдымен белгілі бір көркем шығармада бүкіл халықтық мэні бар мэселенің көтерілуінде жатады. Айталық, Абай өзінің бүкіл ақындық өнерінің өн бойында өзінің туған халқы үшін заманының ең келелі мэселелерін кетеріп отырды. ¥лы ақыннын реализмі мен гуманизмін өз алдына қойғанда, биік эстетикалық идеал түрғысынан өзі өмір сүрген қоғамдық ортадағы керенаулық пен кеселді, оспадарлық пен опасыздықты сынау арқылы қазақ даласындағы феодзлизмнің дағдарысын көрсетуі — бүкіл халықтық күрделі мэселені көтеруі болатын. Абай халықтығының бір шеті осында жатыр. Халық үшін маңызды мэселені көтеру бар да, оны халық түрғысынан шешу не шешпеу бар. Демек, халықтықтың екінші шарты -көркем шығармада суретелген шындық алға тартқан келелі мэселені халық мақсаты мен мүддесіне сай шешу. Тағы да Абайдың ақындығын мысалға алуға болады. ¥лы ақын өзінін барлық көркем туындылары арқылы оқушы жүртты алға, арманға бастады, жарқын келешекке шақырды. Жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа сүйсіндіре келе биік мүратқа меңзеді. Абай халықтығының екінші бір жатыр.