Қоғамдық байланыс, журналистика, жарнама және үгіт-насихаттың айырмашылығы. Паблик рилейшнз «ақысыз жарнама» емес, ақы төленбейтін нәрсені де жарнамаламайды, себебі бұл қызметтің түрі зор саналы шығындар мен уақытты талап етеді.
Журналистикада коммуникациялық қызметтің өзі мақсат болып табылады. PR-дағы коммуникациялық қызмет тек нақты міндеттерді шешу құралы. Қоғамдық байланыс маманы тек аудиторияны ақпараттандырып қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың пікірі мен көзқарасын, мінез-құлқын нақты міндеттер мен мақсаттарға жету үшін қажетті болатын арнаға бағыттайды. Жарнама нақты сату және сатып алумен шектеледі, тауар мен қызметті жылжытады, материалдарды сатып алады, міндетті төлемақы жүйесімен хабарландырулар жасап, қызметкерлер жалдайды.
Үгіт-насихат – белгілі бір көзқарас, мүдде және сенімге жету үшін қолданылатын тенденциялық ақпарат. PR табысты болуы үшін оған сену керек, ал насихат кез-келген жағдайда күдік немесе келіспеушілік туғызады.
PR-дың маркетингтен айырмашылығы – сатуды жылжыту, паблисити және өзге де аралас бағыттар. PR-дың функциялары
Адам мінез-құлқының заңдылықтарын пайдалану арқылы кеңес беру. Мүмкін болатын тенденцияларды, заңдылықтарды анықтап, салдарын нақты мекеме және бүтін қоғамға алдын-ала айту. Қоғамдық пікірді зерттеу, қоғам тарапынан іс-әрекеттер мен күтулер, пікір қалыптастырып, күтуді қанағаттандыруға арналған нұсқаулар жасау. Пайдаланылған мәліметтердің дәлдігі мен толық ақпараттылыққа негізделген екі жақты байланысты қалыптастырып, орнату. Келіспеушіліктің алдын алу, түсініспеушілікті болдырмау. Өзара құрмет және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру. Жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіру. Қызметкерлермен, жеткізушілермен, тұтынушылармен жағымды байланыс орнату. Өндірістік қарым-қатынастарды жақсарту. Компания ұжымына кәсіби қызметкерлерді, тарту, мамандар ағынын төмендетіп, кәсіби мамандарды тұрақтандыру. Тауар мен қызметті жылжыту. Компанияның пайдасын арттыру жұмысына қатысу. Имидж жасау. Қоғамдық байланыстағы манипуляция жасау.