- Бүгінгі әдебиетте әдеби бағыттар мен әдеби ағымдар көптеп саналады. Классицизм, сентиментализм, авангардизм, символизм, экзистенц иализм секілді әдеби бағыттардың әрбірні ерекше зерттеуді қажет етеді. Бұл бағыттар әдебиеттің проза, поэзия, драма жанрында көптеп кездеседі. Лирикалық жанрлардың да өзара түрлері бар. Бұл түрлер көрсетпек болған өмір құбылыстарын қалай суреттеуі, ақыннын көңіл-күйі қалай берілуіне байланысты. Бұл жанрға тән ақынның дүние танушылығы, көзқарасымен өзінің ішкі сезімін, күйініш-сүйінішін дайым ұштастыра жырлау десек, айырмасы, қалай жырлауында ғана. Кейде шаттық, қуаныш, асқақтықты білдірсе, кейде мұң, зарды, кейде көңілдің бижай қоңыр күйін сездіруі мүмкін. Бар адамды бір адамның (ақынның) «қуанышымен қуантып, қайғысымен қайғыртар, шаттығына бөлеп, үмітімен таныстырар, құлағымен есіттіріп, тілімен сөйлер…» (Белинский) лирика дегеніңіз осы ғой!.. Тек ақын талантты болсын да … ірі болсын, қолынан келсе, ұлы болсын! «Ұлы ақын, — дейді Белинский, -өзі туралы, өзінің жеке мені туралы айтса, — жалпы жұрт туралы айтса, — жалпы жұрт туралы, бүкіл адам баласы туралы айтқаны; өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән күллі қасиеттің бәрі бар».
Міне, осы сипаттарына қарап, лирикалық жанр әлденеше түрлерге бөлінеді. Олардың ода, элегия, сатиралық лирика, сонет, мадригал деген түрлеріне тоқталамыз.
Бір таптық топтың ең керекті санаған адамы не нәрсесі туралы ақынның өте қуанышты, өте көтеріңкі тілмен жазған лирикалық өлеңдері ода деп аталады (мысалы, әскердің жеңуі, сарайда болған мейрам т.б.). Россияда ода жазушылар Ломоносов, Державин т.б. болды. Қазақ хандарынын дәуірлеп тұрған кезінде ханның қасындағы ақындардан ода шығарушылар көп болды. Жәңгірдің хан боп тұрған кезінде ханның сарай ақыны-болған Байтоқ ақынның одаға жататын бірнеше өлеңдері бар.
2 Әдеби мектеп отандық және әлемдік әдебиетте өз орнын тапқан. Атап айтқанда, бүгінде қазақ әдеббиетінде Абайдың ақындық мектебі деген ұғым қалыптасқан. Орыс әдебиетінде натуралдық мектеп деген ұғым бар. Әр түрлі маңызды тақырыптарға жазылған қуанышты өлеңдер олардан кейін де болған және күні бүгінге шейін бар.
XIX ғасырдың бас кезінде орыстың дворян әдебиетіндегі оданы шетке қаға бастады. Элегия деп өзінің жай өмірімен байланысты, басында болған күйініш-сүйініштерді (сүйіспендік, табиғат күйін т.б.) суреттеген шығармаларды айтады. Элегияда көңілдің қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды. Сондықтан элегия қайғылы өлең деген түсінік туды.
Қазақ әдебиеті тарихын алсақ, элегияның күшейген кезін XIX ғасыр деп айтуға болады. Мысалы, Шәңгерей ақынның көп өлеңдері де элегияға жатады. Сатиралық лирика (грекше — satura — қосылды.).
Сатиралық эпос сықылды, сатирамен жазылған лирикалык шығармалар да болады. Сатира дворян әдебиетінде де болған.
Бірақ сатиралық лириканың төтенше дәуірлеген кезі тап күресінің күшейіп, нағыз шиеленіскен дәуірде болды.
ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының ішінде сатиралық лириканы көп жазған адам Абай болды. Ол елдегі болыс, билерді шенеп-мінеп, сынға алып, мысқылдап жазған «Дүтбайға», «Болыс болдым мінекей» деген өлеңдері сатиралық лирикаға жатады.
- Қазақ және әлемді әдебиеттегі әдеби мектептер бүгінде әдеби дәстүрді емін –еркін меңгерген. Әдебиеттің түрлі жанрында осы мектептердің әдеби дәстүлерін айқын табуға болады. Бүгінгі әдеби үдеріс отандық және әлемдік әдебиетттегі әлемдік мектептердің дәстүрлерін шығармашылықпен игеруде. Ән өлені деп әнге салып айтуға арналып шығарылған өленді айтады. Ән өлеңі ауыздан-ауызға көіпіп жүреді. Әнмен айтылатын елеңдер лириканың қай түріне болса да, көпшішкке жакын түрады. Ән жүртшылыкка тезірек тарайды.
Лирикалық шығармалар кейде тақырыбы, мазмұнына қарай да бөлінеді: саяси-азаматтық лирика (тақырыбы да, мазмұны да әлеуметтік мәні зор ірі мәселелелерді сөз етеді); сүйіспендік, махаббат лирикасы (негізгі әңгіме сүйіспендік, махаббат туралы, кейде қуанышты, кейде қайғылы болуы мүмкін); табиғат лирикасы, философиялық лирика (ақын лирикалық өлеңдерін философиялық терен мазмұнға құрады.)
Лириканың антик әдебиетінде көп тараған түрлерінің бірі — идиллия (грекше eidyllion — суреттеу, сурет) — әлдебір парықсыздау салтанат, қарекетсіз қызық, уайым-қайғысыз қызғылт өмір туралы жыр