Белгілі балалар жазушысы С.Сарғасқаевтың есімі жас өспірімдерге жақсы таныс. Ол 1925 жылы Жамбыл обылысы, Қордай ауданы, Шарбақты колхозында туған. 1943-48 жылдарында армия қатарында болған. Армиядан қайтқан соң, «Қазақстан пионері», «Жұлдыз» журналында қызметте болды. Ол жастық шағын бірде былай деп жазған еді. «Біз кішкентай үгітшілер едік, бригадалар мен фирмаларды аралайтынбыз. Газеттен мен журналдарды оқып беретінбіз. Жауынгерлік листок тар шығаратынбыз, концерттер көрсететінбіз. Біз сауатсыздыққа күреске қарсы күректік. Аул шаруашылығының зиянды жәндіктерін құртыстық, масақ терістік. Жорыққа шығатынбыз. Жас бөбектер мен қарттарға жәрдемдесетінбіз. Мұны ешқашанда ұмыта алмайсың!».
Мойнына алқызыл галстук тағып,пионер болып, жас ұландар ұйымының жұмысына, жасынан белсене араласқан С.Серғасқаев 1949 жылы республикалық пионер журналының бетінде «Сын» атты алғашқы әңгімесімен көрінді. Осы шағын әңгімесінде ол батыр ағасына еліктеген жас пионер арқылы шындықты сүюді адал болуды жазды.
Алғашқы қаламын пионерді суреттеуден бастаған жазушы мұнан кейін республикалық газеттері мен журналының беттерінен жиі – жиі көріне бастады.
1953 жылы Сарғасқаев «Достар» деген әңгімелер жинағы шықты.
- Сансызбай 1953 жылы «Біз отрядта» повесні ұсынды. Бұл піонер ұйымы өміріне арналған қазақ балалар әдебиетіндегі алғашқы шығарма еді.
Повесть пионер отрядындағы өмірді жан – жақты көрсетеді. Оқиға тартыс төңірегінде құрылған. Мұндағы кейіпкерлер ұдайы өздеріне лайық іс — әрекеттерімен көрінеді. Повестің құндылығын пионерлердің басты еңбегі – оқу процесінің, романтикаға толы пионерлік істердің суреттелуінен көреміз. Отряд пионерлері мейлі футбол мен баскетбол ойнасын, болмаса фермаға саяхат жасасын, белгілі адамдармен кездессін, отряд кітапханасын ұйымдастырып, саун кештерде өнерлерімен танылсын бәрі – бәрінде автор өз кейіпкелерін мектеб – піонер өмірінің қайнаған ортасында жүргізіп, әрқайсысын жеке – дара мінезімен, балаларға тән психологиясын тереңдеп ашумен көрсетуге тырысқан.
Мұндағы басты кейіпкер – ІҮ сынып оқушысы Қайрат. Оның мінезінен тентектік, өнімсіз өктемдік, бос даурықпа, құр мақтан аңғарылады. Ол талай – талай колектив талқысына түседі де, алдында әлі де көрері көп екенін сезінеді.
Повесте Саяттың бейнесі де оқушы назарын аударарлық. Ол оқуда үздік. Отрядта бетке істер – үлгілі пионер. Бірақ, оның осы үлгілі ісі тек мектепте, пионер отрядында ғана. Ол өзімшіл, менмен бала. Автор Саяттың бойындағы мінезді шебер аша білген. Ал Кәрім болса, бір беткей, тік мінез. Осы мінезімен ол кейде достарын үркітеді, аңқылдақ адал жанын бір беткейлігі бүркемелеп кетеді. Жазушы бала психологиясының қилы астарын ұтымды суреттеген.
Повесте Сахи деген қыз бар. Автор он жеңілтек, қисықтығы мен қыңырлығы әлі де қалмаған етіп суреттемек болван, слайда оның бейнесінде күңгірттік бар. Повесте Жамалдың образы бірсыдырғы шыққанымен, отряд вожатыйы Сәуле, Саяттың әкесі Мұрат, мұғалима Ғайша жайында он айта алмаймыз. Бұл адамдар автордың жетелеуімен ғана санатқа қосылған жандарм боп шыққан.
Повесть автордың әп — әдемі пейзаждық көріністер жасап, он шығарма идеясын, кейіпкерлердің күй – жағдайын беруче орынды пайдалана білетіндігін танытты.
- «Шындық» жинағын алатын болсақ «Сұлутөрде достар көп» (бұрын «Сәуленің жаңа достары» аталған) повесін автор бірнеше тақырыпшаларға бөлген. Әр тақырыпша сол тарауда болван оқиғаны қамтитындай атаулармен аталған. Мұндағы оқиға Сұлутөрде өтеді. Шығарманың бас кейіпкерлері де сондағы мектеб балалары.Повесте олардың істері жайлы, колектив жайында сөз болады.
Оқиға сыныпқа жаңа вожатыйдың келетінін хабарлаудан басталады. Қайсар мен Керденнің өзен басында кездесуі, олардың бір – бір імен бір інші рет танысулары сөз болады.
Қаладан жаңа келген Керден – Қайсарға қарағанда, ашық жарқын, жайдары бала. Ұсақ – түйек істермен жұмысы жоқ. Аздап мақтануды жек көрмейді, онысы – балаға тән табиғи мінез. Керден барлық балаларға, мұғалімдерге сүйкімді.
Егер автор «Бүршік жапырақ жарды» повесінде оқиғаның қоюлығымен, табиғат көріністерімен үйірсе, мунда онан да тереңдеп, психологиялық драмматизмге барады. Автор әр баланың қат – қабат мінезін, әдет, қылығын, характер, ой – сезімін бір ден жайып тастамайды, оқиғаны өрбіте отара шум – шымдап, орайымен ашады.
Сансызбай Сарғасқаевтың «Көңілді балалар» жинағындағы үшінші повесі «Жаңа оренда ( «Бір көшенің бойында») деп. Аталған. Бұл « Сұлутөрде достар көп» повесінің жалғасы іспетті, мунда да автор балдырғандар, жетекшілер образын жасауға талаптанған. Бұл балалар әдебиетінде енді ғана қолға алынған игі іс, қызықты проблема.
Балаларға өз өлкесін жақсы таныту үшін жазушылар қолданатын бір шеберлік- пейзажды, жаратылыс сұлулығын әдемі суреттеп, өмірді, қозғалысты толық елестетіп, балалардың уылжыған жас жанына эстетикалық әсер, бойына жігер, қайрат беретіндей етіп көрсету.
Сансызбай адам партреттері мен психологиясын пейзаж арқылы толықтыра суреттеуге шебер. Жалаң пейзажды ғана емес, оны өмірмен, адам тіршілігімен еңбек процестермен байланыстыра суреттейді.
Адам- табиғат презенті. Табиғаттың даму,өзгеру заңдылығы сияқты адамның да сыры, мінезі, іс-әрекеті әр алуан. Жазушы бас кейіпкерлерін табиған көріністерін суреттеуге байланыстара гуманізм рухымен тоғыстырған.
Қорыта айтқанда С.Сарғасқаевтың алған тақырыбы, көтерген мәселесі мектеб оқушылары, пионерлер тұрмысына арналған. Ондағы басты кейіпкерлер тартысы жеңімпазда жаңашыл адамдар өміріне байланысты суреттеледі. Әсіресе Әмір образы- қоғамдық тәртіпті орнатуға, қоғамдық мүлікті көзінің қарашығындай қорғай да сақтай білуге күш жұмсаған милиция өмірімен алынған қазақ балалар әдебиетіндегі жаңалықты, тың образ.