М. Иманжанов шығармаларында баланы саналы тәрбиеге үйрету үшін ең алдымен мектептің өмірімен байланысты күшейту мәселесін алға қоюы.

  1. М.Иманжанов 1916 жылы Қарағанды обылысының, қазіргі Ұлытау ауданында туған. Ауыл мектебінде, Қарсақбайдағы Фзо мектебінде және Алматыдағы есеп-санақ техникумында оқыған. Жоғары білімді, Қазақстан Еңбек Қызыл Ту орденді С.М Киров атындағы мемлекеттік университетінде алды. 1938 жылдан баста, М.Иманжанов журналистік қызметпен шұғылданды. Ол Республіка баспалары редакцияларында, Қазақ радио комитетінде жауапты қызмет атқара жүріп, әдебиетіміздің проза және драматургия салаларында аса жемісті еңбек етті.

М.Иманжанов қазақтың үздік публицистерінің бірінен саналады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Сонет адамдарының күнделікті еңбегі мен ерліктері туралы оның мақалалары өткірлігі, мақсаттылығы, айқындығы және тілінің қарапайым, көркемдігімен көзге түседі. М.Иманжановтың үздік мақалалары жеке кітап болып басылды. Оның очерктері мен әңгімелері 1944 жылдан бері Республикалық газет-журналдарда басылып келеді. 1948 жылы оның «Жастық» деген әңгімелері жарыққа шықты. Тағы да осы жылы Қазақстан жас өспірімдер театрының сахнасында және обылыстық театрларға «Жас өспірім» деген пьесасы қойылды. 1950 жылы ол жұртшылығымызға мектептегі политехнизация мәселесі алғаш көтерген «Алғашқы айлар» деген повесть жазып ұсынды. Бұл повесть қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап болып шықты. Сөйтіп, одақ оқушыларына кең таралып, жұртшылық оны жылы қарсы алды.

1952 жылы жарық көрген «Таныс қыз» атты әңгімелер жинағы жастардың өршіл талабан, асыл мұратын, отаншыл ой сезімін әсерлі бейнелеген шығарма болды. 1953 жылы жазушы «Менің махаббаты» деген екінші пъеса жазды. Бұл пьеса Қазақтық академиялық драма театрының сахнасында болды. Пъесада ғылымның практикамен байланысы жаңа моралдың ескі қалдықтарға қарсы күресі көрсетілген. 1955 жылы тың игеріп жатқан аудандарға барғаннан кейін М.Иманжанов қазақ жазушылары арасында бір інші болып жастардың еңбектегі ерлігіне арналған «Тыңдағылар» деген әңгімелер және очерктер жинағын жазып шығарды. Автордың геройларын жарқын образын жасады. Олардың ой мен арманы қаһармандық істерін тамаша бейнеледі. М.Иманжанов ауыр сырқатқа бой бермей, өмірінің ақтық айларында «Сөнген шал» атты сатиралық комедия жазды.

Қазақ өнері мен әдебиетінің 1958 жылы Москвада өткізілген он күндігінде М.Иманжановтың әңгімелер жинағы орыс тілінде шығарылды. Мұнда «Кондуктор», «Таныс қыз», «Кішкентай көрші», «Ақ моншақ», «Сенім», «Есеновтың тағдыры», «Суреткер» деген әңгімелеріне барыншан назар аударуға болады.

Асқынған дерт Мұқанға тың игерушілер жөнінде жаңа жаза бастаған романын бітіртпеді. М.Иманжанов 1958 жылы 18-наурыз күні ұзақ науқастан кейін дүние салды. Мұқан тек жазушы, драматург, қана емес, жалынды публицист, ойшыл сыншы болатын.

Үкімет пен партия М.Иманжановтың жастар мен жас өспірімдерге балаларға коммунистік тәрбие беру ісіен қосқан алкен үлесін жоғары бағалап, оны Қызыл Жұлдыз ордені мен медалдарымен награттады.

  1. М.Иманжанов балаларға арнап жазған алғашқы шығармаларын Ұлы Отан соғысы тақырыбынан бастады. Оның «Шал», «Ақша», «Бала қаны», «Даладағы от», «Адам туралы аңыз», «Жыртық дәптер» деген әңгімелерін атауымызға болады.

Мұқан әңгімерерінде автордың сөзімен айтқанда…салынып жатқан зәулім үйлерде, күні-түні тынымсыз жұмыс істеген алып завоттарда ұзақ таңды ұйқысыз өткізіп, сарғая отырудан туған ғылым жаңалықтары да, ұзақ жылдар күткен роман, поэмаларды- бәрі де бүгінгі бөбектің ертеңгі түлектің қамы дейтіндей, солар үшін істелген, істеліп жатқан игіліктер сөз болады, жабығу, қанығу яки қамығу, жатырқау дегендерді білмейтін, жүрегін тек қана қуаныш қана жайлаған бөбектердің өмірі суреттеледі. Бұған «Талап», «Бөбек», «Кішкентай көрші», «Жол үстінде», «Жас шебер» деген әңгіімелері дәлел.

Мұқан әңгімелерінде балалардың ішкі дүниесіне кіріп, олардың бойындағы ерекшеліктермен ойындағы мақсат міндеттерді толық игеріп, кейіпкерлерімен еркін пікір алысып отырады. Бір-біріне ойындағыларын ашық айтуға тырысады.

Қорыта айтқанда, бала біздің өміріміздің жалғасы, сондықтада оларға зор құрметпен, ықыласпен қарауға тиістіміз. Сонымен қатар оларға зор міндет, сенім артып отыруда қажет екені әңгімелерде аса бір жылылық пен, қамқорлық пен айтылған.

Мұқанның басты кейіпкерлері өзінің айналасында не болып жатқанына көзін жұма қарайтын парықсыз, тоғышар балалар емес, өмірге шөрілкей аңсап қарайтын, өмір қозғалысына сай қимыл жасайтын оптимист балалар болып суреттеледі. Басты кейіпкерлердің бәрінде де қазақ балаларының еркіндік дүниесіндегі еркін өмір бар. Олар өздерін үлкен өмірдің кішкентай кірпішіндей сезінеді. «Жас шебер» деген очерктегі 7-сыныпты жаңа біті ріп, тігінші даярлайтын қолөнер училищесіне түскен Фарузаның коллектив арасына келгенде, өзін мүлде басқаша сезінгені суреттелген. «Шынында, ойлап отырсаң, коллектив деген тамаша нәрсе ғой. Коллектив шын тамашасың-ау сен. Сен білім беріп, өнерге үйретіп қана қоймайсың, сен адамға ең керекті қасиеитті – ізгілікті, адалдықты, туған отанды сүю сезімін үйретесің. Жолдастық, достық сезімді шыңдап, шыңға көтересің. Көңілге социалистік сана, ой құясың бойға қуат бітіріп, таланттың күйін күйлеп, қанат бітіресің», — дейді жазушы.

Фаруза сияқтылар – жаңа сана, жаңа ой, жаңа мақсат иелері. Бұлар коммунизм құрылысының жаңа қайраткерлері, жалынды жастық өмірдің мұрагерлері. Жас өспірімдерге жасқануды білмейтін қандай күш, қандай жігер болса, Мұқан соны табиғи қалпында көз алдына келтіреді. Мұқан әңгімелеріндегі кішкентай кейіпкерлердің іс-әрекетінен заманымыздың алдыңғы қатардағы адамдарының еңбектану, өсу жолдарын байқап отырамыз.

  1. М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесі – үлкен дайындық, мол ізденіс, зерделі зерттеулердің жемісі.

Мұқан Иманжанов бұл повесінде мектеп жұмысын өндірістік оқумен, өмірмен тығыз байланыстыра жүргізу мәселесін көтерді де, соны ең бір інші болып әдебиеттік аренаға шығарды. Бұл қазақ балалар әдебиетіндегі жазушының жаңашылдығын көрсетеді.

Повестің бас геройы Жақыпбек мектепке келген алғашқы күннің өзінде-ақ партия ұйымының секретары Кереймен кездескенде: «Уақыт ауыл мектебінің жұмысын жаңа арнаға салуды тілейді», — деген талап қояды. Бір беткей, мінезі тік, ойлағанын беті жүзің демей тіке айтатын қызу қанды Жақыпбектің жаңашылдық идеясын жазушы бірден бастап кетеді.

Ауыл мектебі жайындағы жазушының бұл повесі көп ізденудің қорытындысынан, одақтық педагогикалық баспасөз бетінде көтерілген айтыстардан, педагогтардың ұсыныстарынан, озық мектептердің тәжірибелерінен келіп туған игі туынды екені бір ден көзге түседі. Осындай басты мәселені шығармасының өзегі етіп, соның айналасында өтіліп жатқан оқу процестерімен қатар, балалық шақтың әр алуан психологиялық ерекшеліктерін де жіпке тізгендей көз алдыңа келтіреді. Баланың мүддеге деген көзқарасын, коллективке деген сүйіспеншілігін, саналы қуанышын шебер толғайды, мектептің жұмысын байта құру проблемасын алға тартады. Бірақ, мұны Жақыпбек мектеп директоры Күдеріге ханша ұқтырғысы келсе де, ол: «Қиялдаған жақсы – ақ, тек соның өмірмен қабыссын, әйтпесе босқа әбігерлейді… оқушы фермаға барып, сиыр сауғанды көргенде, ханша білім Ала қояды деп ойлайсың », — деп кейін тарта береді.

Мұқан Иманжанов ұтымды жазылған кітабымен мұғалімдердің әр алуан характерлерін, іскерлігін, табандылығын бейнелейді. Мектеб жұмысының өмірімен байланысты жүргізілуі оқушылардың білімін тиянақты, тұрақты және оларды іскер азамат етіп шығаруға баулитынын дәлелдеп берді.

Қорыта айтқанда Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірдегі балалар әдебиеті алдына қойылған тілек – талаптар мүлде күрделеніп кетті. Егер біз балалар өмірінің негізі — саналы тәрбиеде дейтін болсақ, сол саналы тәрбиеге үйрету жолдары қандай болады деген проблема қойылды.

Баланы саналы тәрбиеге үйрету үшін ең алдымен мектептің өмірімен байланысын күшейту мәселесі алға қойылды. Екіншіден, оқудың өрісін кеңейту ісі қолға алынды. Сол арқылы баланы жас кезінен баста – ақ өздерін қызықтыратын, өздері сүйетін белгілі бір мамандыққа, тартымды еңбекке баулу ісі жүзеге асырылады. Үшіншіден қазақ балалар әдебиетінің дамуына орыс балалар әдебиетінен аударылған шығармалар зор әсер етті.