- Өнегелі адамдар образын жасаған жауынгер жазушы Сәуірбек Бақбергенов өзінің өмірбаянын былай бастайды:
“ Жас оқушылар өте әуесқой халық, жазушылармен кездескенде олар ең алдымен:
Сіз қалай жазушы болдыңыз? – деп сұрайды. Атап айтсақ, бұл өте қиын сұрақ. Қиындылығы сол, оған бір – екі сөзбен жауап беру қиын, өйткені жазушы әдебиетке түрлі жолмен келеді ғой. Мен әдетте былай жауап беремін.
- Мен жазушы болмаған болар едім, өйткені балалар үйінде болғанна кейін теміржолшы болғым келген еді. Түркістан теміржол училищесінде оқыдым. Ал содан кейін педагогикалық училищеге түстім, кейін оқытушылар институтын бітірдім. Бірақ теміржолшы да, оқытушы да болмадым, мен солдат болдым.
Соғыс басталды. Оның алғашқы күндерінен бастап ұрысқа қатыстым. Майданнан қайтқаннан кейін менің өзімнің майдандас достарым туралы, басымнан өткеннің бәрі жайында жұртқа айтқым келді. Сөйтіп мен журналист болдым. Республикалық “Социалистік Қазақстан” газетінде істедім. Очерктер, әңгімелер жаздым.
1945 жылы мен батыр атағын алған Талғат Бигелдиновпен кездестім. Мен осы даңқты ұшқыш туралы оқушыларға айтып бергім келді. Бірінші повесімді ұзақ жаздым, әрі қиынға түсті. Жазушы болу оңайға түсе қоймайтынын бірінші рет бастан өткеруге тура келді. Естен кетпес Талғатпен алғашқы жолыққаннан кейін бес жылдан соң менің ол туралы бірінші кітабым шықты.
Бұдан кейін менің әңгімелерімнің, повестерім мен очерктерімнің бірқатар жинақтары шықты. Бұлардың ішінде жастар мен балаларға арналған шығармаларым да бар. Бұларда Талғат Бигелдинов, Кенен Әзірбаев, Роза Бағланова, Шоқан Уәлиханов, Дина Нұрпейісова сияқты тамаша адамдарымыздың өмірі баяндалады. Мен 1920 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкесі, Шымкент облысы, Созақ ауданында тудым, Жазушылар одағында істедім, — дейді ол.
Өнегелі адамдар образын жасау үшін жазушылық талантпен бірге ең алдымен саясатқа жетік білім, асқан мәдениеттілік керек. Кешегі жауынгер, бүгінгі жазушы Сәуірбекте осы қасиеттің бәрі де бар. Өнегелі адамдар жайлы жазған оның повестері балалардың да, үлкен кісілердің де ұнатып, сүйіп оқитын шығармаларына айналып кеткен.
“ Жас дос! Біздің еске тұтып, мақтан ететін жайларымыз көп. Әкелеріміз бен ағаларымыз бізге ерліктің ісіне берілгендіктің үлгісін көрсетті. Олардың даңқты істерін неғұрлым жақсы білсек, бүгінгі бақытты өмірдің солардың төккен қанымен орнағанын соғұрлым түсінеміз.
Әкелердің ерліктерін әрдайым есте сақтап, лайықты түрде жалғастырушылар – біздер. Әкелер жүріп өткен жерлерге жорықтар жасайық. Ұмыт қалған есімдерді қайта еске түсірейік. Оларға ескерткіш орнатайық” жақсы айтылған әдемі өнегелі сөз.
Сәуірбек Бақбергеновтың “Талғат”, “Дина”, “Бозторғай”, “Қоян көзге құлаған жұлдыз” деген повестеріндегі басты кейіпкерлердің біреуі асқан күйші, халық ақыны, халық композиторы болса, енді бірі ел қорғаны даңқты батыр, төртіншісі бүкіл елге атағы жайылған саяхатшы ғалым.
Халқымыз қадірлеген және тарихта елеулі орны бар замынымыздың көрнекті адамдары жайлы жазылған тарихи — биографиялық шығармалары көбіне балалар әдебиетінің түбегейлі мұрасы. Өйткені тарихта болған атақты адамдардың өмірін айту – ойдан алынған кейіпкерлерге қарағанда әлдеқайда ұғымды, әсерлі келеді.
Отан соғысы аяқталғанмен, оның зардабы мен зары тез аяқталған жоқ. Жалғызынан айырылған ана зары құлақтан әлі де кетер емес. Ұмытылмас күндер көп – ақ. Ер өлсе де артында қалған елі ер есімін ешқашан да ұмытпайды. Ол ұзақ жылдар бойына жырлана береді, айтыла береді. Ерлер есімі біздің есімізде мәңгілік сақталады, тарихқа айналады. Сондықтан да ерлер есімін, ерлердің ерлік істерін, өнегелі адамдардың ел құрметіне бөленген даңқты атақтарын ұрпақтарымызға, жас сәбилерге үлгі етеміз.
“Даңқ атаулы қатаң тәртіпті тарап етеді, жауынгер жауға ғана жауынгер емес, еңбекке де жауынгер… Егер сен беделді адам екенсің сол беделіңді алдымен өзің қадірлей біл.Солардың қатарында тұруды, солардай болуды арман етуге тиіспіз. Бұл әсіресе жас өспірімдер үшін ауадай қажет.
- «Бозторғай» повесінің басты геройы – халық ақыны, өнерлі еңбегі сіңген қайраткер, композитор Кенен Әзірбаев. Оқиға басты кейіпкердің өз атынан баяндалады. Бас кейіпкер өзін алыстан іздеп келген бір топ пионерлер менн оқырмандар алдында бетпе-бет сөйлесіп отырады. Бұл — әсіресе балаларға арнала жазылатын көркем әдебиеттегі ең бір таптырмайтын тамаша әдіс.
Адам арманы әрқашан алға сүйрейді, болашақтан үміттендіреді. Сол үміт адамды іске, әрекетке қарай бастайды. Повесть оқиғасы сол өнегелі өмірден үйренгісі келген пионерлердің Кенен аулына іздеп келуінен басталған.
«Менің туған жерімді картадан іздеп әуре болмай-ақ қойыңдар. Ол жер елеусіз болған. қойшының әні, түйенің боздағаны , қойдың маңырағаны, ат тұяғының дүбірінен басқа еш нарсе естімеени жер еді ол. Менің өмірге келуім қандай елеусіз, қандай белгісіз болса, туған жерімо де сон дай белгісіз, сон дай елеусіз жер еді»,- дейді қарт ақын пионерлерге. Біді қазіргі даңқты өнегелі ададарымыздың бұрынғы өткен өмірлері қандай елеусіз, қандай ескерусіз болғанын әңгіменің алғашқы басталуынан – ақ аңғарамыз. Жазушы Кененнің ақындық дарынын оның жас кезіндегі қайғылы да аур өмірімен қоса суреттеген: «Өлер алдында шешемнің мені алдана шақырып Альп, маңдайымнан неге сонша ұзақ сипағаны да маған енді түсінікті бола бастады. Осы жолы алғашқы рет мен анамның беті не елжіреп ұзақ қарадым. Оның кезерген ерні, жас толған көзі, алаулаған өңі менің көз алдымда мәңгі қатып та қойды.
«Кенешім! – деді ол, даусы булығып, өңі алаурап, — Кенешім! Мен онда бұл сөздің мәніне тіпті де түсінбеген екенмін. ол маған «Сен қалдың» дегені екен».
Кенен өмір азабы мен тұрмыс өгейлігін көре жүріп ішкі мұңын, көргені мен білгенін, әнмен де өлең мен де сыртқа шығарып, елден-елге таратып отырады.
Жазушы «Бозторғай» әнінің қалай шыққанын да шебер суреттеген. Қозы жайып, қой жайып жүрген Кененнің ертелі-кеш ермек етері, құлақ тосып сүйсініп тыңдайтыны – тәң сәріден шырқайтын Бозторғай сазы.
Ақын өмірі, ақын образы балаларға өмір мектебіндей көп нәрсені аңғартады. «Талапты ерге нұр жауар» дегендей, жалшылықта жүрсе де Кенен ақын жасымады, жатпады. Әрқашан өз арманын іске асару үстінде, күрес жолында болды. Әні елден – еге тарап кетті. Кешегі қойшы бала қазір ел құрметіне бөленген халық ақыны болды. Жақсы ағалардың жастық шағы, олардың үздік таланты, айқын образы жас өспірімдерге өнеге боп қала береді.
- Бақбергеновтің кейінгі повесі заманымыздың шат көңілді ұрпақтарына әсем үкілі домбыраның пернесінен өмір танытарлық асқақты сазды күйлерін, адам көңілін тебірентерлік аналық зор махаббатын мұра етіп қалдырған өнерге еңбек сіңірген қайраткері, ардақты ана Дина Нұрпейісова туралы жазылған.
Повесте күйшінің сонау өткен жастық шағынан баста, домбра үйренудегі шәкірттік кездері, ұлы композитор Құрманғазының оған ұстаздық еткен жылдары, домбырадағы орындаушылық шеберлікті ер кін игеру, өсу, кемеліне келу, атақты композитор болған кездері суреттеледі. Дина шығарған «Бұлбұл», «Он алтыншы жыл», «Әсем қоңыр», «Ана бұйрығы», «Жеңіс», «Тойбастар» күйлерінің шығу тарихы көркем бейнелеу арқылы көрінеді. Дина өскен орта, оның төңірегіндегі адамдар, олардың ісі, мінезі, Динаға еткен әсері өте шебер өрнектелген.
Он жастағы талант иесінің аңғарымпаздығынан Құрманғазы күйінің оған сондайлық әсер еткені көріне бастайды. Төренің төлеңгіттерінен шыққан домбырашы Дина қыз туралы аңыз — әңгіме елден – елге тарап кеткеніне дейін суреттелген.
«Ең алдымен қолыңа домбыраны ұстаған кезде қос ішектің қандай сазда екенін біл, содан кейін барып, әрбір перненің тілін ұқ! Содан кейін барып, білетін әнің мен күйіңді баста!» деген Құрманғазы сөздерін Дина бұлжытпай орындайды. Әрбір ән, әрбір күйдің тууы – үлкен тарих, адам өмірінің шежіресі.Динаның «Бұлбұл» атты күйі балғынның басынан кешірген тағдырына байланысты шыққаны психологиялық дәлдігімен қиыстырылған.
Мынау күйдің аты – «Ақсақ киік »
Мынау – «Қайран шешем »
Мынау бір сәнді күйді «Балбырауын» — деп., Динаның әр күйді тартан сайын соның жөн – жосығын айтып отыруы да әр күйдің әр алуан терең сыры, мол тарихы барлығын танытады.Динаның күйлерінің шығуында да сол кездегі себептерге байланысты туған ерекше тарихы бар. Жаңа елдің жас ұрпағына өткен күндердің теңіздей терең сыры мен жырын, күйі мен әнін сый ете келген ана тұлғасы, ана кескіні, ана образы көз алдыңнан кетпейді. Оның аналық лебізі, күшті жылы сөзі, байсалды нұсқасы, сабырлы кескіні көз алдыңда тұрғандай, қатарласып бірге отырғандай әсер қалдырады. Дина образы жас өспірімдерді өнегелі адамның өнегелі өмірінен үйрену, үлгі алу солардың бітпей қалған жұмысын бітіру, оны ілгері қарай дамыта беру ісіне талаптануға баулиды. Повестің ең басты қасиетті – осында.