Балалар әдебиетінің жанр,түр жағынан күрделенуі

1.Сөз өнері ғылымындағы жанр мәселесі- аса күрделі проблемалардың бірі.Қазақ балалар әдебиетінде жанр мәселесінде де түрліше пікірлер көрінеді. Қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған А. Байтұрсынов жанр сөзін қолданбаған.Ол “ шығарманың мазмұны төрт түрде айтылады:1. Жай сөйлеу түрде. 2. Сөйлестірген түрде. 3. Хат түрінде. 4. Аралас түрде” деп жазады.А. Байтұрсыновтың бұл жүйелеуі негізінен тектік(род) тұрғыдан жүзеге асқандығы көрінеді.

Академик З. Қабдолов “ Әдеби жанр термин ретінде шартты,екі мағынада қолданылады:1. әдебиеттің тектері- эпос,лирика,драма; 2. әдеби шығарманың түрлері — әңгіме,роман,баллада, поэма,комедия, трагедия,т.б” деп жазады.Әрі қарай”әдебиеттің тегі-жанр,әдеби шығарма-жанрлық түр”-деп түсіндіреді. Профессор Т. Қожакеев “Жанр дегеніміз-белгілі бір шығарманың көрініс табу формасы” деп біледі.”Белгілі бір шығарманың,газет материалының өзіне ғана тән,өзін ғана ерекшелендіріп тұрған құрылымдық-композициялық,тілдік,стильдік,тағы басқа белгілерінің жиынтығы оның жанрын нұсқайды. Р. Нұрғалиев “ Жанр-тудыратын элементтер деп- сюжет түзілісі,композиция,тақырып,поэтика,бір сөзбен шығарма идеясы мен мазмұнын ашатын көркемдік құралдарды айтуға болады” деп,жанр ұғымының аса күрделі көркемдік құралдарды айтуға болады”-деп,жанр ұғымының аса күрделі көркемдік компоненттердің жиынтығынан құралатындығына назар аударады.

Жанр туралы пікірлерді келтіріңкіреп отырғандағы мақсатымыз-бұл мәселенің күрмеуінің күрделілігіне,шешілуі оңай бола қоймайтығына назар аудару.Оның бір ұшығңы жалпы әдебиеттану ғылымындағы “тек” (род), “түр” (вид), “жанр” категорияларының ұғымдық жағынан бір-бірінен ажыратылмай келе жатқандығына да байланысты болса керек. Жанр сөзі “тектің”,”түрдің” синонимі ретінде қолданылып,”поэзия жанры”,”проза жанры”,”лирика жанры”,”сын жанры” деген тіркестер жиі кездесіп жүр.Осы сияқты түрлі шатасулар болмау үшін алдымен,тек,түр, жанр ұғымдарын жеке категория ретінде мағынасын ажыратып нақтылау керек. Біздіңше,”текті”(род) эпос,лирика,драма; “түрді” (вид) поэзия,проза, драма; “жанрды” әңгіме,повесть,роман,дастан,комедия,трагедия,драма, т.б. атауларында ара жігін айырған жөн.

Жанр дегеніміз-“тек” пен “түрдің”, тағы басқа түрлі көркемдік компоненттердің бір-біріне кірігіп,түрліше құрамда қолданылуы барысында пайда болған әдеби шығарманың тарихи қалыптасқан түрі.

Жанрдың әдебиеттегі жағдайы осылай болғанда,оның сынындағы күйі бұдан да күрделілеу.Ол күрделілік әдеби сынның көркемдік,ғылыми,публицистикалық сипаттарынан,қоғамдық-рухани өмірде атқаратын қызметтерінен тікелей туындайды. Әдеби сын жанрларын анықтау оның осындай сан сипатты табиғатына тікелей байланысты.

Қазақ кеңес балалар әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына елеулі еңбек еткен Калмақан Әбдіқадыров {1903—1964), 1935 жылы «Амантай», «ТәттІ кауын» атты суретті кітапшалар шығарды. Соңынан жас өспірімдердің еліктеуіне тұрарлық, спорт мәселесіне байланысты.

«Қажмұқан» атты повесін ұсынды. Мұнда жер жүзілік чемпион атағын алған, біраз мемлекеттерді аралап жүріп күрестен, өле-өлгенше жауырыны жерге тимеген кеңес спортшыларының ірі шебері, алтын, күміс және қоласы бар барлығы 45 медальға ие болған Қажмұқан Мұңайтпасовтың палуандық — спорттық өмір жолымен таныстырады. Жазушы Қажмұқан мен Поддубныйдың достығы, жарқын образдары арқылы жас өспірімдерге көп ұлтты Кеңес Одағындағы интернационалдық тәрбиенің мызғымас күшін, бірлігін, кеңестік патриотизмнің туысқандық бірлестігін және халықтар достығының тарихи тамырларын суреттеп берген. «Жолдас жазушылар, жас буындарды тәрбиелеуде, балалар әдебиетін жасауда ең бірінші жауапты комсомол жазушылар. Партия осылай деп отыр. Біз өзіміздің жеткіншектеріміз үшің коммунистік балалар әдебиетін жасауымыз керек. Дәуірге тұрарлық балалар әдебиетін жасамай партияның сенімін ақтай алмаймыз» деген болатын жазушы Саттар Ерубаев өзінің «Балалар әдебиетін жасайык» деген-мақаласында жазылған.

Қазақ кеңес балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі аға жазушы Сапарғали Бегалин өз өмірбаяны мен оқушыларын былай деп таныстырған еді.

«Мен 1895 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Дегелек аулында тудым. Есейе келе өз үйімнің аз ғана малын бағып, қолғанат болдым. Әрі ауылдағы молдадан оқып, ескіше хат таныдым. Содан сон керуенмен Семейге келдім, осы жерде менің нағыз еңбек қызметім басталды. Бір уақыт пристаньда жүкші болдым. Бұдан кейін Семейдсгі оқытушылар дайындайтын семинарияның оқытушысы Құлжановтың үйінде атын күтіп, үй жұмысына болыстым. Ол кісі кешкіліктерде маған орыс тілін үйренуге көмектесті. Соның көмегі арқылы мен приход мектебіне түстім, оны 1915 жылы бітірдім. Жаз айларында пристаньда жұмыс істедім.

1916 жыл патша үкіметі қазақтарды тыл жұмысына алғанда мен де Петроград түбікдегі Колипино станциясына тап болдым, мұнда көп нәрсені көріп, бастан өткердім, 1917 жылғы февраль революциясынан кейін март айында ғана үйге қайттым.

Октябрь революциясынан кейін ұзақ уақыт бойына кеңес қызметінде, болыстың атқару комитетініц председателі, уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары және тағы басқа қызметте болдым. 1923 жылдан 1928 жылға дейін аудандық халық соты қызметінде болдым.

Отызыншы жылдары қазақ аулында колхоз құрылысы, копыстандыру жұмысы жүрген кезде мені қазақ жер халық комиссариатының қоныстандыру секторы дегенге қызметке жіберді. 1935 жылы июльде “Теміржолшы” газетінің редакциясына ауыстым да, осында әдеби қызметке шындап араласуға мүмкіндік алдым. Газетте жұмыс істеуім, сайып келгете, мені Қазақ ССР Ғылым академиясының тіл және әдебиет институтына, кейінірек республика Жазушылар одағынын аппаратына алып келді, мұнда мен ұзак уакыт бойы консультант болдым.

Менің әдеби қызметім 1914 жылдан басталды. Қазақ жастарына алғашқы өлеңім осы кезде Троицкіде шығып тұратын «Айқап» журналында жарияланды. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойына творчестводан қол үздім. Тек 1925 жылы В. И. Лениннің қайтыс болуы әсерінен оның ескерткішіне арнап мен өлең жаздым, бұл «Қазақ ақындары мен жазушыларының үні» жинағына кірді. 1935 жылдан бастап әдеби қызметке шындап араластым.

Көне қазақ аңызының сюжетіне құрылған менің алғашқы кітабым — «Қыран кегі» поэмам 1944 жылы шықты. Мұны окушылар жылы шыраймен қарсы алды. Бұдан кейін жас аңшы туралы «Сәтжан» атты повесім шықты, бұл тұғыш рет орыс тіліне аударылды, әрі РСФСР Оқу Министрлігінде конкурсте сыйлық алды. Бірінші жолы ол Москвада 30 мың дана тиражбен, екінші жолы 300 мың дана тиражбен шықты. Сондықтан да мен кітапты жас окушылар жақсы қабыл алды дей аламын. Бұл повесть азербайжан, өзбек, армян және корей тілдеріне аударылды. Польшада «Сейіттің ботасы» деген әңгімелерім жеке кітапша болып шықты».

«Көксегеннің бастан кешкендері» повесім 1949 жылы басылды. Осы кезде Қазақстан малшыларына арналған менің «Төлбасылар» атты әңгімелер жинағым шықты.

Балалар үшін мен зор сүйіспеншілік жазамын. Бұларға мен «Ермектің алмасы» (1956) әңгімелер жинағын, «Жеткіншектер» (1959) мен «Бақыт» (1956) повестерін, «Жас бұтақ»1953) әңгімелер жинағын арнадым. Әр уақытта менің бұрын шыққан шығармалар жинағым оның ішінде «Мектеп түлектері», «Ананың қайраты», «Жұмбақ кілт» және басқалар басылды. Бұдан басқа мен қазақ тіліне Мамин Сибиряктың әнгімелер жинағын, Лесковтың повесін, Пушкиннін, Лермонтовтың, Шевченконың, сондай-ақ осы заманғы кеңес ақындарының өлеңдерінең аудардым. 1963 жылы Л. Соловьевтің «Қожанасыр» повесік аударып шығардым. Қазір Шоқан Уәлихановтың балалық шағы туралы повесім шықты.

Қазіргі кезде қазақ кеңес балалар әдебиетінің аға жазушысы кім десе, алдымен Сапарғали Бегалинді атаған болар едік. Сапарғали — балалар әдебиетінде әңгіме жанрын дамытқан, сонын тамаша үлгілерін көрсеткен жазушы.

Сапарғали Вегалиннін балаларға жазған отыздан аса көлемді әңгімелері бар. Соның бәрін жинақтағанда, тақырыбы мен көтерген мәселесіне қарай бес топқа бөлуге болады.

Бірінші топ; «Сәтжан» (1947), «Көксегенін көргендері» (1948), «Бала мерген» (1956), «Алданған жолбарыс» (1956), «Тоятқан тауынан табылыпты» (1955).Бұл повестері мен әңгімелері аңшылық тақырыбына арналған.

Туған өлкесінде, көбіне ауылда жүріп қызмет еткен Сапарғали жаратылыстың алуан түрлі байлығымен танысып, оның көркем көріністерін суреттеуге зер салады. Бұл ретте С. Бегалиннің Москвада орыс тілінде екі рет басылып Бүкіл одактық бәйге алған «Сәтжан» повесін ерекше атап өткен жөн.

1960 жылы жазуының көлемі 21 баспа табақ «Жеткіншек» атты таңдамалы әңгімелер жинағы басылды. Бес бөлімнен құралған бұл жинақтың әр бөліміне оның мазмұны мен идеясын анықтайтын жеке эпиграфтар берілген: «Күштінің күші — ақыл, ақылдын иесі — адам», «Малдың тілін баққан біледі, отынның тілін жаққан біледі», «Қағажу көрмеген жүрек — жалынды достықтын айнасы», «Ер еңбегі — ел мақтанышы», «Аңдамай айтсаң, алдыннан апат кездеседі». Осы эпиграфтар әңгімелерінің негізгі мазмұны мен мақсатын дәл көрсеткендей. «Күштінің күштісі — ақыл, ақылдың иесі — адам» дегенде, қандай жыртқыш, қандай күшті болса да, соның бәрін ақылмен жеңетін — адам. «Сәтжан» повесіндегі Сәтжанның образы дәл осындай әрекетті сипаттайды.

Сәтжан мектепке оқи жүре бір жағы колхоздың бұзауын бағып, әсіресе аңшы атасы Серікбайға еліктеп күсбегі болуды аңсайды. Жазушы Сәтжанды қынжылуды білмейтін, кай нәрсеге болса да кызыға кірісетін және ойлаған мақсатына жетуді көбірек аңсайтын оптимист бала етіп суреттейді. Ол өсірген қыран құс бір каққан қабағынан барлық сүзіп көріп алғандай, сар-шегір де иесіне мақтанғандай алыс төңірекке такаббар ерлікпен көз салып, күйқылжып қарайды. Нағыз баукеспе алғырдың өзі болып шығады.

Халықтық шығармаларда әр алуан табират құбылыстары мен оның дүлей күштері адамнан өктем, керемет те ғажап дүние ретінде суреттелетін. Оның үрей тудырарлық ғажап көріністерінен қорқып, оған жалынып, жалбарынып, сыйынуға дейін баратын. Ал Сапарғали әңгімелеріндегі аңшылық өміріне байланысты сурттелетін табиғат сұрапылдары мен табиғат кереметтерін зерттеу, игеру, адам оны өзіне бағындыру тұрғысынан көрсетіледі. Табиғат өз бойындағы байлығын еңбек еткен адамға ғана ашпақ. Қандай табиғат тағылары болса да үйретіп ала білетін ұлы қасиет тек адамда ғана болмақ. Табиғат тағыда қыран кұс — ителгіні үйретіп алған Сәтжан оған коянды да, қазды да, үйректі де, түлкіні де, қасқыр мен тау ешкісін де алдыра біледі. Бұл бала үшін үлкен өнер, бұл оны іскерлікке, икемділікке, алғырлыққа үйретеді. Екінші жағынан, тау қыранымен аң аулай жүріп, Сәтжан өз өлкесінің барлық сыр-сипатымен, байлығымен танысады. Туған өлкемен танысу Сәтжанға жаңа ой, жаңа қиял қосады. Көре жүріп үйрену адамды үлкен іскерлікке баулитынын ол өз тәжірибесінен көреді. Таңбалы тастан әр алуан суреттер мен әр түрлі тастардың табылуы жай нәрсе емес екені Сәтжанды үлкен ойға қалдырады.

Құс салу, ит жүгірту дегендермен ауыл арасында кейбіреулер өнер арттыру үшін айналысса, мұның өзі қазір көнерген өнерге айналып бара жатканын байқатады. Жазушы сол үшін Сәтжанның бар өмірін осы жолда, ата кәсібінде қалдырып қоймайды. Аңшылық өнеріне басында Сәтжан қанша құмарлыкпен кызықсыз да, өсе келе, ойлана келе қомсына бастайды. Аңшылық өнерді Сәтжанның қомсынып отырғаны — алда одан да гөрі зор мақсат бар. Сәтжан енді құлашын кең арнаға жаяды. Бала кезінде байқалған «таңбалы тастағы» көріністер Сәтжанды зор арманға жетелейді. «Қиясына қырап ұялатқап, қыналы бетіне ертедсгі бір қиып күндердің ізіті сақтаған зәулім жартас Сәтжанға терең сыр, үлкен құпиясымен аса ыстық көрінді. Ол жартастан ұзаған сайын қайта-қайта тастың сонау қиясынан көз алмай карап келсді деп суреттейді жазушы. Баланы зор болашаққа баулитын осындай идея оның тәрбиелік мақсаты неде екенін айқын көрсетіп, негізгі кейіпкерлерінің басқаларға үлгі боларлық моральдық бейнесін ашып береді. «Таңбалы тастағы» кұпия Сәтжанның таукен зерттейтін институтқа окуға баруына, оның талантына жол ашуға зор себепкер болады. Қорыта айтқанда, «Сәтжан» повесінің барлық желісінен «талапты ерге нүр жауар» деген халықтың даналық ойын сезінесіз.

Сапарғали Бегалиннің аңшылық ісіне байланысты жазылған повестерінің қай-қайсысы болса да өлкетану жұмысына көп септігін тигізетінін байқатызды. Қараса адам көзі тойғысыз табиғаттың әсем де сұлу көріністерін Сапарғали жақсы білумен бірге, оны өзі де жақсы суреттейді… «Көксегеннін көргендері» повесінен Алтай өлкесінің бай табиғатың ортасында, самырсын саясының жаңбыр тиіп көрмеген құстөсектей былқылдайтын құрғақ мүгі үстінде жүргендей эстетикалық әсер аласың. Алтай өлкесінде жайқалған егін мен шабындыны, суы толған балық пен құндызды, тауы толған бұғы мен маралды жазушы өмір дастанындай етіп суреттейді.

«Көксегеннің көргендері» деген повестегі Өтеш, Зарқұмар, Оралхан, Көксеген самырсын арасынаң балқарағай іздеп жүрген қолы бос еріккен балалар емес, олар колхоз шаруашылығына көмектесу үшін пішен шабуға келген балалар. Күн жауын болған соң босқа отырғанша деп әдейі қарағай ішін аралап кеткен. Бұлар аң қуған мерген де емес, аңдар ғана жортатын жұмбақ алаңды, бекінісі мен құпиясы мол түбектерді көруге, оны тінтуге жаны құмар. Жазушының колданған бір жақсы әдісі — оқиғаны осылай етіп кұру арқылы балаларға өз өлкесінің әр алуан жан-жануарлары мен байлықтарын танытады. Осының бәрі де іспен, әрекетпен, қызықты еңбекпен тығыз байланысты түрде дамып отырады. Балаларды өндірістік іске баулып, үйретіп жүрген колхоз бастығы Садуақас, агроном Нұрила, егін бригадирі Қобай олардың бір сағат уақытын да бос өткізбеуге тыры-сады. Көксегеннің көргендерін «Жаратылыс ғажап, бір аңның қасиеті мүйізінде, мысалы, бұғының мүйізіндегі қан сақ ауруға дәрі. Мына күдірдің кіндігіндегі жұпар да сондай қымбат. Ал аюдың өті сан жараға ем. Міне, ғажаптар»— деп осының бәрін де таң-тамаша көреді. Көксегешінің мұндайларға таң қалуы орынды, өйткені мұның бәрі де оның бірінші көрген дүниесі. Ол — көріп, біліп, араласуымен ғана өмір танып келе жатқан жас буын. «Адам қоғам жұмыстарының әсерінсіз, оған қатынасу сезімінсіз өссе, онда өспей-ак қойғанының өзі артық»1—деген болатын Н. Г. Чернышевский.

Табиғатты және табиғат тағыларын келісті суреттеу мен қатар, Сапарғали бас кеиіпкерлерінің портретін де оның жас мөлшеріне, іс-әрекетіне сай көрсетеді. Уаштың портретін жазушы былай суреттеген: «Әкесі майданға аттанған Уаш он төрт жаста еді. Жас өспірім Уаштың өткір сұрғылт көзі, биіктеу кабағы өсіп жете толмағандығы болмаса, Нұрқасымнан айнымайтын. Ал бойы әлі талдырмаш болғанмен салалы, тарамыстау ширақ еді. Оның өңінің сарылығы, шашынық тұнжыр коңырқайлығы да әкесіне ұқсайтын. Тек ол мінез жағына келгенде Нұрқасымның баяу, сарғылт қимылы жоқ. Әр нәрсеге талаптанған, сәл алғыр да тәрізді еді». Уаш өзінің жылдам да қайсар мінезіне карай елеулі қызметтер атқарады. Отан басына қатерлі кауіп туғанда, әкесінің мылтығы мен аң аулап, өз үйіне де, колхозға да септігін тигізеді, ер азаматтың қызметін атқарады. Отан соғысы кезінде 13—14 жастағы балалар тылда бұдан да күрделі қызмет атқарғаны мәлім.

Осындай ұтымды тақырыптарды таба білу де жазушының шеберлігін танытады. Жас өспірімдер Сапарғалидың әңгімесін оқымас бұрын, ең алдымен оның тақырыбына қызығады. Мысалы, Сапарғали бір әңгімесінің тақырыбын «Алданған жолбарыс» деп қойыпты. Әңгімені оқымас бұрын-ақ жолбарыс қалай алданды екен деген ойға калады. Осы бір таң қаларлық қызықты ой әңгімені бастан-аяқ оқып шығуға мәжбүр етеді. Аң аулау қызығына шомып отырған бала оқиғаға өзі араласып отырғандай сезініп; кейде әңгіменің тез аяқталғанына өкінеді.

Айталық, мергендер өмірі — балалар үшін ең кызықты, ең тамаша тақырып. Бұл жас өспірімдерді спорт жұмысынның ең жақсы түріне үйретеді. Олардың шынығып өсуіне әсер етеді.

Бүкіл одақтық аренаға танылған балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы Бердібек Соқпақбаев өз өмірбаянын жас оқушыларға былай деп таныстырады:

«Мен 1924 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Қостөбе селосында тудым. Ата-анамнан ерте айрылдым. Алғашқы кезде кісілердің қолында жүрдім.

Балалық шағымда менің басымнан өткен қиыншылықтар мен жоқшылық өзімнің «Балалық шаққа саяхат» деген кітабымда бейнеленген. Отан соғысы жылдарында ФЗО мектебінде оқыдым, Кеңес Армиясы қатарында қызмет еттім, содан кейін ауылда мұғалім болдым. Осы мен бірге Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірдім.

1950 жылы менің түңғыш «Бұлақ» деген жинағым шықты. Бұдан кейінгі жылдары Алматыда «Пионер», «Казақстан пионері» редакциясында істедім. 1955—1957 жылдары Москвадағы жоғарғы әдеби курста оқыдым. Балаларға арнап бірнеше кітап жаздым. Бұлардың ішінде «Менің атым — Қожа» (1960), «Балалық шаққа саяхат» (1962), «Аяжан» (1963), «Гауһар» (1961), «Жекпе-жек» (1951) және басқа да повестерім бар. Соңғы жылдардың ішінде соғыс жылың қамтитын ересектерге арналған повестермен қатар, «Кездесу» және «Бозтөбе» поэмаларын жаздым. «Казфильм» студнясында «Менің атым — Қожа» повесім бойынша фильм түсірілді. 1967 жылы Кани қаласында болған жетінші халықаралық кинофестивальда Кеңес одағы бойынша екі фильм — «Менің атым — Қожа» және «Хош келдіңіз» атты фильмдерга қызғылықты да тартымды түсірілгені үшін арнайы сыйлықтар берілді. Сөйтіп, Қожаны енді Бүкіл дүние жүзі балалары көретін болды.

1952 жылдан «Казақстан Жазушылар одағының мүшесімін».

Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі — өмірбаяндық туынды. Онда автор өзінін балалық шақта басынан кешкендерін сол кездегі дәуір шындығына орай кішкентай Бектас бейнесі арқылы елестетеді. Ес білмес есер шақ, балалық мінез — Бектас, Жанбосын, Жүнісбай, Майра образдарынан шындық қалпында, толық көрінеді.

Бектас жетімдік пен жоқшылық қасіретін көп кәріп, жаншылып өссе де, онысына мойымайтын, қажырлы, өжет бала. Қу тілділеу, пысық, кағілездігі де бар. Сабаққа алғыр. Жүгіру, секіру, суға малту жағынан да өзінен ересектерге есесін жібермейді.

Ленин біздін атамыз, Саясында жатамыз.

Қарсы келген дұшпанды, Қақ жүректен атамыз,—

деп өлең айтады. Ол өз елінін, өз Отанының кішкентай патриоты екенін сезінеді.

Жаңа құрылысқа алакөз тап жаулары мен бандиттердің бүлдірушілік әрекеттеріне иланған Бектастың ата-анасы Кытайға өтпек болады. Бектас іштей наразы. Ол бір сұмдықтың боларын сезіп шекаралық заставаға хабарлайды. «Сұмдық бұл! Әкем мен шешем,ақылдарың нан алжастыңдар ма? Бұларың не? Өз өкіметтерінен — ертеңгі бақытты заманнан безіп, кайда бармақсыңдар деп айқай салғым келеді. Кеудемде өжет наразылық сезімі бұрқанады. Бірақ оны сыртқа шығаруға шама, жеткізіп айтар тіл қайсы? Сеземін де түсінемін, айта алмаймын. Қиналам да тебіренем, жылай алмаймын». Бектас Ленин әперген бақытты өмірден таймақ емес, ол үй ішін Қытайға өткізбей аман-сау алып қалады, саналылық, байыптылық көрсетеді. Бала әрқашан әділдікті сүйеді. Әділдік үшін күресте бала алған бағытынан ешқашан да қайтпайды: қара тасқа салсан да тіліп түседі. Бектастың портреті мен іс-әрекетін, жан дүниесін жазушы бірден-бірге осылай дамытып, өрістете береді.

Бектастың мінезінде өткірлік, кейде оспадарлық да бар, бірақ оқуға зерек. Өзінен үлкен Жанбосыннын айта алмай тұрған көбейту мәселесін ол суылдатып айтып береді. Жарайсың, Бектас — деп, мұғалім мені ризашылықпен мақтайды да, Жанбосынға қарайды. Көрдің бе ананы. Ал сен өгіздей болып ап, мыңқ-мыңк етіп турасын. Ұлмайсын ба? Мен масайрап, мәртебелене түсем».

Жанбосын Бектасты осындай білгіштігі үшін жек көрсе, Бектас Жанбосынды үстіндегі бүтін киімі, қалта-сындағы ақ наны, аяғындағы бұжыр табан әдемі бәтенкесіне бола жек көреді. Балалар арасында бола беретін осындай тартыс-жанжалдарды, болмашыға елігетін бала психологиясын жазушы әдемі суреттеген.

Тұрмыс ауыртпалығы Бектасты шынықтырып өсірген. Ол екінші класта жүргенде-ақ колхоз жұмысына колқабыс береді: масақ терді, тұлықтастың атына мініп, қыр-манда астық бастырады. Ауыр азаптан арыла алмай жүргенде, жығылған үстіне жұдырық дегендей, шешесі қайтыс болып, Бектас жетім қалады. Ал «жетім»деген жалғыз сөздің күйініші қанша десеңізші! «Қымбатты, жас достарым, тағдырдың мейірімсіздігінен әкесі немесе шешесі қайтыс болып, жетім қалған балалар, мүмкін сендердің араларыңда да бар шығар. Айналып қана кетейіндер, қанша араздасып жаулассаңдар да, «жетім» деген тажалдай суық сөзді айтпаңдаршы соларға! Бір соқ, етінен ет кесіп ал. Бірақ, әлгіндей деп бейшараны тілдей көрмендер! Оның адамшылық менмендігін бұл сойқан сөздің қаншалық жер етіп жойып жіберетінін түсіндіріңдер! Аяңдар!»

Шешесі өліп жетім қалып не жетіссін. Бір ғажабы — кісі есігінде жүріп оқыса да, Бектас екінші, төртінші класты мақтау грамотасымен бітіреді. Бойда кайрат, ойда көз, көңіліңде жігер болған соң, бала тұрмыстың қандай азабына болса да төзімділікпен, өміршеңдікпен қарайды. Бектасты болашаққа сүйрейтін — осындай оптимистік үміт-арманы.

Бектас өзінен де бұрын шешесінен алты айлығында қалып койған інісі Тұрдыбектік тағдырын көбірек ойлайды. Жанына көбірек бататын да соның халі. Бектас Тұрдыбектің мұндай халіне ешбір жәрдем ете алмай, шарасыздықтан қатты қайғыруда жүреді: Тұрдыбектің хал-күйі сондай аянышты. Төрт жастан асып қалса да, аяғы шықпаған, күтімсіздіктен салмешел болып қалған. «Қазір осы жолдарды жаза бастағанда, бейкүнә сәбидің сондағы кейпі көзіме елестеп, жүрегім қақ айрыла жаздайды. Ауыр үйдегі сыз еденге төселген салаба ескі құрып киіздің үстінде отырушы еді. Шашы кұлағын жауып өсіп кеткен. Бет-аузы қап-қара, кір-кожалақ. Ұп-ұзын шидей күс-күс арық қолдарымен төңірегіндегі иісі күйік сасыған дән болса теріп жеп отырады. Көйлен, дамбал деген үстінде болмайды. Кеудесі мен арқасын орап, тізе тусына дейін түсіре танып тастаған жабағы тәрізді сауыс сірә бірдекесі бар. Онысы күндіз-түні бір шешілмейді, Отыруға әбден машын болып алған, етсіз, қисық аяқтары жансыз ағаш аяқтар кұсап, астына жиылмай жайылып жатады». Бектас осындай ауыртпалықтарды бастан кешіре жүріп жетінші класты мақтау грамотасымен бітіреді. Бектас образының балаларға қандайлық әсер етіп, қалай толғақтатыны міне осындай. Повестің тілі жеңіл, оқиғасы тартымды. Әсіресе балалардың бірін-бірі ұнатулары сондай қызық, әсерлі суреттеледі: «Мені Майраға қосақтап, арқандап қойған көзге көрінбейтін ғажайып бір жіп бар. Майра — күн, мен күнбағыспын, оны көрмесем тұра алмаймын, Майра — гүл, мен — кебелекпін, қашан да Майранын төңірегінде болғым келеді». Майра мен Бектастың арасындағы татулық осындай айқын текеулермен әдемі суреттелген.

Балалардың осындай типтік образдарын жасап беруі арқылы Бердібек творчествосының жаңашылдығы, көркемдік шеберлігі, прогресшіл, идеялық-эстетикалық, мәні, халықтығы мен ұлттық ерекшелігі айқын ашылып, әсерлі көрінеді.

Қорыта айтқанда қазіргі дәуірдегі қазақ балалар әдебиетінің алдына қойған ең өзекті мәселесі — саяси күрес үстіндегі данышпандық басшылығын, өсиеттерін, әкелік қамқорлығын, оның саяси маңызын жас өспірімдерге ашып беру, түсіндіру ең басты тәрбиелік идеяға айналды. Қандай тақырыптарды қамтығымыз келсе де кеңес халқынық кеңес жастарынық бар өмірі, бар еңбегі, тіршілігі, күресі, алға қойған мақсат-мүдделері Ленин атымен, Ленин ілімімен, Ленин идеяларымен тығыз байланыста дамыды, дами береді. Оның өміршеңдігі осыған байланысты.

Белгілі балалар жазушысы Сансызбай Сарғасқаевтың есіні жас өспірімдерге жақсы таныс. Ол 1925 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, «Шарбақты» колхозында туған. 1943—1948 жылдары Кеңес Армиясы катарында болған. Армиядан қайтқан соң, «Қазақстан пионері», «Жұлдыз» журналында қызметте болды. КПСС мүшесі. Ол жастық шағын еске алып бірде былай деп жазған еді: «Біз кішкентай үгітшілер едік, бригадалар мен фермаларды аралайтынбыз, газеттер мен журналдарды оқып беретінбіз. Жауынгерлік листоктар шығаратынбыз, концерттер көрсететінбіз. Біз сауатсыздыққа қарсы күрестік, — ауыл шаруашылығының зиянды жәндіктерін құртыстық, масақ терістік. Жорыққа шығатынбыз, жас бөбектер мен қарттарға жәрдемдесетінбіз. Мұны ешқашан да ұмыта алмайсың.

Мойнына ал қызыл галстук тағып пионер болып, жас ұландар ұйымының жұмысына жасынан белсене араласқан Сарғасқаев 1949 жылы республикалық пионер журналының бетінде «Сын» атты алғашқы әңгімесімен көрінді. Осы шағын әнгімесінде ол батыр ағасына еліктеген жас пионер арқылы шындықты сүюді, адал болуды жазды.

Алғашқы қаламын пионерді суреттеуден бастаған жазушы мұнан кейін республикалық «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Пионер» журналының беттерінен жиі-жиі көріне бастады.

1953 жылы Сарғасқаевтың «Достар» деген әңгімелер жинағы шықты.

Сансызбай 1953 жылы «Бір отрядта» повесін ұсынды. Бұл пионер мұнымы өміріне арналған қазақ кеңес балалар әдебиетіндегі алғашқы шығарма еді.

Повесть пионер отрядындағы өмірді жан-жақсы көрсетеді. Оқиға тартыс төңірегіне құрылған. Мұндағы кейіпкерлер ұдайы өздеріне лайық іс-әрекеттерімен көрінеді. Повестің құндылығын пионерлердің басты еңбегі — оқу процесінің, романтикаға толы пионерлік Істердің су-реттелуінен көреміз. Отряд пионерлері мейлі футбол мен баскетбол ойнасын, болмаса фермаға саяхат жасасын, белгілі адамыдармен кездессін, отряд кітапханасын ұйымдастырып, сауық кештерде өнерлерімен танысын бәрі-бәрінде автор өз кейіпкерлерін мектеп — пионер өмірінің қайнаған ортасында жүргізіп, әрқайсысын жеке-дара мінезімен, балаларға тән психологиясын тереңдеп ашуы мен көрсетуге тырысқан.

Мұндағы басты кейіпкер — IV класс оқушысы Қайрат. Оның мінезінен тентектік, өнімсіз өктемдік, бос даурықпа, құрмақтан аңғарылады. Ол талай-талай коллектив талқысына түседі де, алдында әлі де көрері көп екенін сезінеді.

Повесте Саяттың бейнесі де оқушы назарын аударарлық. Ол оқуда үздік. Отрядта бетке үстар — үлгілі пионер. Бірақ, оның осы үлгілі ісі тек мектепте, пионер отрядында ғана. Ол — өзінышіл, менмен бала. Автор Саяттың бойындағы мінезді шебер аша білген. Ал Кәрім болса, бір беткей, тік мінез. Осы мінезімен ол кейде достарын үркітеді, аңқылдақ адал жанын бір беткеилігі бүркемелеп кетеді. Жазушы бала психологиясының қилы астарын ұтымды суреттеген.

Повесте Сахи деген қыз бар. Автор оны жеңілтек, қисыктығы мен қышырлығы әлі де қалмаған етіп суретте-мен болған, алайда оның бейнесінде күңгірттік бар. Повесте Жамалдың образы бірсыдырғы шыққанымен, отряд вожатыйы Сәуле, Саяттың әкесі Мұрат, мұғалима Ғайша жайында оны айта алмаймыз. Бұл адамдар автордың жетелеуімен ғана санатқа қосылған жандар боп шыққан.

Повесть автордың әп-әдемі пейзаждық көріністер жасап, оның шығарма идеясын, кейіпкерлердің күй-жағдайын беруге орынды пайдалана білетіндігін танытты.

Мұнан кейін Сансызбай 1954 жылы «Сәуленің жаңа достары», «Сұлутөрдін балалары» (1956), «Бір көшенің бойында» (1961), «Сынған тіс» (1963) атты повестер мен «Балалар» (1958), «Шындық» (1964) атты әңгімелер жинақтарын жарыққа шығарды. Жинаққа енген жиырмаға тарта шағын әңгімелер тақырыбы, оқиғасы жағынан алғашқы әңгімелерінен әлдеқайда көркем. Бұлардан жазушының қаламы өткірленіп, шеберлігі арта түсіп, кекселенгендігі бірден байқалады. Әсіресе «Өкініш», «Көз», «Шатақ», «Сабақ», «Жігіт» секілді әңгімелері композициялық шырақтығы, сюжеттік тартымдылығы, бояу нақышының айқындылығымен көзге түседі.

Сансызбай Сарғасқаев пионер өмірін толық та жете біледі. Ол жас ұландар өмірін, қызықты істерін жай ғана тіркеуші емес, алға мезеуші. «Мен пионерлерді инитивасы, тапқырлығы үшін, коллективтілігі мен шынайы достықтары үшін жақсы көремін. Міне сондықтан да олар менің шығармаларымның басты кейіпкерлеріне айналды» деуі өте орынды.

Балаларға өз өлкесін жақсы таныту үшін жазушылар қолданатын бір шеберлік — пейзажды, жаратылыс сұлулығын әдемі суреттеп, өмірді, қозғалысты толық елестетіп, балалардың уылжыған жас жанына эстетикалық әсер, бойына жігер, қайрат беретіндей етіп көрсету. Оның «Бүршік жапырақ жаяды» повесі жаратылыс сұлулығын-таң шапағын суреттеудең бастаған: «Бүгін де күндегідей еді. Көкжиектің етегін түре таң біліне бергенде «Сұлу-төрдің» сүйір-сүйір шоқыларына қонған боп-боз ақша бұлттар таң шапағымен бойына қан жүгіргендей, ашық қызыл түске еніп, бейне бір күлтеленген гүлдей жұмыр-лана қалғанды. Таң самалы түнгі ауыр ауаны ысырып, әлде бір жадырақ қылықты әкелгендей селоның үстін сипап өтіп, жасыл жапырақтарды баяу тербетеді. «Сұлу-төрдің» найзадай тік қадалған биік шындарына түскен күн сәулесі бірте-бірте оның терең аңғарларына сүңгіп, торланған қос көлеңкенің жамылғысын бұзып өтіп, арғы қабағына шаншыла қалды. Қара-коңыр аспан көкшіл тартып, кең алқапта, қалың ағаштар да ашық сәуле құшағына енді. Енді бірде Бүкіл алқапка мол нұрын шашып «Сұлутөрдің» иығынан отты үлкен шар секілді — күн шыға келді».

Сансызбай адам портреттері мен психологиясын пейзаж арқылы толықтыра суреттеуге шебер. Жалаң пейзаждын ғана емес, оны өмірмен, адам тіршілігімен, еңбек процестерімек байланыстыра суреттейді.

Адам — табиғат перзенті. Табиғаттың даму, өзгеру заңдылығы сияқты адамның да сыры, мінезі, іс-әрекеті әр алуан. Жазушы басты кейіпкерлерін табиғат көріністерін суреттеуге байланыстыра гуманизм рухымен тоғыстырған.

Повестің басты кейіпкерлері — Раушан, Мақсұт, Олақ, Ақан. Бұлардың бәрі де бесінші класс оқушылары. Олар не нәрсені болса да қызыға, қуана қарсы алатын, ойындағысын орындағанша тыныштық көрмейтін, таудай талабы бар намыс иелері. Олардың көзге түсерлік елеулі еңбек еткілері келеді. Бірақ оны неден бастау керек? Әң-гіме сонда. Раушан да, Олақ та, Ақан да қаладан жаңа көшіп келген агрономның баласы Мақсұттың Москваға Бүкіл одақтық халық шаруашылығы көрмесіне қалай барғанын білгісі келеді. Олар Мақсұт сияқты Бүкіл одақтық халық шаруашылығы көрмесіне баруды армандайды. Осы проблеманың шешілуін автор тағы да әрекетке, балалар инициативасына, асқақ романтикасына әкеліп тірейді:

«Балалар,— деді Раушан осы кезде,— бізге де мектеп жанынан неге бақ жасамасқа. Оған Әди батырдың есімін бермеске.

— Рас-ау!—Олар ала қанымен екі санын шарт еткізіп соғып қалды. Тіптен дұрыс айтасың.

—Меніңше,— деді Мақсұт,— бізге де «Жерлес батырлар бұрышын ашу керек.— Тіпті, осы Әди батыр туралы материал жинап, альбом жасасақ.

Әдетте бала сезімі қандай нәзік, гүлдей балғын келеді. Раушан мен Мақсұттың, Олақ пен Ақанның сезімтал нәзік жүректері әлгі бір оқиғаға елігіп, өздері де сондай бір үлкен істің көш басшысы болуға асыққаны занды кұбылыс. Повестің ұтымды жағы — сонысында. Мектеп айналасын гүлбақшаға айналдыру, оны өз елінің, өз жерінің елеулі батыры халық ұлының атымен атасақ деген сияқты талаптар көбіне кеңес бүлдіршіндеріне тән сипат екенін танытады.

Повесте пионерлердің осындай үлкен талаптарын қолдап, соған басшылық ететін биология пәнінің мұғалімі Жомарт Алматаев пен колхоз агрономы Дулаттың образдары солғын шыққан. Олардың қимыл, әрекеті көбіне баяндау тұрғысында шешіледі. Кейбір эпизодтарда ғана кылаң еткені болмаса, көздеген мақсатка жетпей калған. Әрине, бұрын «Сұлутөрдін балалары» деген атпен жарық көрген бұл повесті жазушының біраз жөндегені көрініп тұр. Қосылған тараулар мен толықтырулар әлі де теренірек қарауды қажет ететін секілді.

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алмати облысының Нарынқол ауданындағы “Қарасаз” деген жерде туған. Ауыл орта мектебін 1948 жылы біті ріп, өз ауылыныда комсомол, сонет қызметтерінде болған. Кейін аудандық ғазетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болван, “Қазақ әдебиеті” газетінде , “Жұлдыз” журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.

М.Мақатаевтың тырнақ-алды туындылары Нарынқол аудандық “Советтік шекара” газетінде 1948 жыылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі “Әдебиет және искусство” (қазіргі Жұлдыз) журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Әбділда Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен “Қазақ әдебиетінде ”жарияланған.

Мұқағали Мақатаев ақындық аз ғұмыр ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағын , Маркс пен Ленин жайлы дастандарын ұсынған. М. Мақатаев жыр аудармасы саласында американың ұлы ақыны Уолт Уитменнің өлеңдерін ағылшынның ұлы ақын-драматургі, трагигі Вильям Шекспердің сонеттерін, әлемге әйгілі италия ақыны Дантенің “Құдіретті комедиясын” қазақшалады.

Мұқағалида аяғын апыл-тапыл басып, өлеңнің сапа биігіне бірте-бірте көтеріоген. Ағылған сезімді төгілген сөзбен өрнектеу оғын да оңайға түспеген. Слайда бала кезгі аяқ тастасынан-ақ арынын шамалау қиын емес.

Мәселен: “Тауда” атты өлеңін сол он сегіз жасында жазыпты.:

-Шоғыр тас, құлама құз төніп тұрған,

Қарағай басон иіп тағзым қылған.

Бар тіршілік қойнына паналаған,

Алып дене құралған ұзақ жылдан…

Жотада арқар жортқан , елік ойнап,

Қара тас бітпегендей мәңгі ойлап.

Қанатын кесе сілтеп құстар да жүр,

Тамаша табиғаттың тойынтойлап.

Сөз саптасы, сурет саласы қандай дәл.

Сөздің әдемілігі мен ойдың әдемілігін беруді Мұқағали отыз бес жасында әбден меңгергендігі байқалады.

Мұқағали -өлең түрін түрлендіруге де көп көңіл бөлген ақын. Ол көне шығыс үлгілерін де , әр сөзі ой шегелеген өзіндік тәжірбиелерін де қазақ өлеңінің қанына сіңіріп кетіпті.

“Алатау, ассалаумағалейкум” деген өлеңінде:

— Шаруа-ата секілденіп, өміріңді сарып қып,

Үлкен үйдің ошағындай дүниені қарық қып,

Аман-есен жатырмысың, айналайын жарықтық!- дейтін жан тебіренісі бар. Осындағы “жарықтық” сөзінен кезінде жаман пиғыл көргендер де болған. Алайда тауды кәриядай әулиеге айналдырып тұрған да сол сөз ғой.

Қойшы бала Әкітай

Алғыр , өжет Әкітай,

Өзі қалып қой баққан.

Қозысын қорғап аялай,

Лағын жарға ойнатқан.

Жайлауда болды Әкітай,

Семіртіп қойын бірнеше ай.

Шілденің ыстық күнінде,

Мал бабын тапты жалықпай.

Жайлаудан қайтты Әкітай,

Күз болды енді түн ұзап.

Күзетіп қойын ұйықтамай,

Бөріге бермей бір лақ.

Қыс болсын мейлі Әкітай,

Мәпелеп қойын бағады.

Өмірден оқып қажымай,

Малының бабын табыды.- депбаланыңшаруа жұмыстарына ерте араласуы туралы жазған.

“Фариза Оңғарсынова поэзиясы қазақ оқырмандарының жүрегін жаулап алды,өз тілінің шеңберінде қалып қоймай,біздің елімізден тыс жерлерге де мәлім болды.Қазір оның өлеңдері көп ұлтты поэтикалық байлығымыздың ажырамас бір бөлігі екеніне мен сенемін”деп белгілі орыс жазушысы,ақын Сергей Баруздиннің жазуы тегін емес деп білеміз.Сонымен балаларға арналған өлеңдерінің ішінде “Оюлар”атты өлеңін алайық:

Түрін-ай текеметтің ! Асыл қандай!

Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.

“Келе ғой,қошақаным,өзіме!”-деп

әжем кеп сипағандай шашымнан жай.

Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,

Тұрғандай ана-көңіл тербеп мені.

Жан бітіп жайраңдайды жан-жағымнан

Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.