1.1930 жылдар кеңес елі социалистік кұрылысты баянды етіп, одан ары дамыта берді. Бұл жылдары республикамызда жаппай колхоздасу жұмыстары аяқталған кезі еді. Коллективтік еңбек пен оның баянды табыстары бірден-бірге өріс алды. Республика еңбекшілері өзінің тегеурінді күші мен табыстарын, еңбек жемісін басқаларға үлгі етті. Республикамыздың байтақ далаларында өнеркәсіп алыптары орнай бастады.
Коммунистік партия өнеркәсіп және халық шаруашылығы кұрылыстарын жолға коюмен қатар, халық мәдениетін одан әрі өркендете беруді кезектегі мәселе етіп қойды. Республикамызда бастауыш мектептер мен орталау және орта мектептер саны арта түсті. Библотекалар мен қызылотаулар ашылды.
1917—1932 жылдары БК(б)П Орталық Комитеті мектептер мен пионер ұйымдарын жақсарту және балалар әдебиетін көптеп бастырып шығару жайлы бірнеше осынау қаулылар алды. Бұл қаулыларда социалистік реализм әдісімен жазылған балалар әдебиеті коммунистік тәрбие берудің қуатты құралына айналып, жас жеткіншек ұрпақтарды Коммунистік партияның ісі жолындағы күреске даярлауға көмектесетін дәрежеде болуын, балаларды кеңестік патриотизм рухында тәрбиелеуді, ең озат идеялармен қаруландыруды, оларды кандай қиыншылықтарды болса да жеңе білуге кұлшындырып, жігер-қайратын шыңдай беруді талап етті; еңбек сүйгіш қоғамшыл адал жанды, ер жүрек, тәртіпті, еркі күшті, мінезі тұрақты болуын жақтап отыруды міндеттеді.
Осыған жалғас 1938 жылы 9 сентябрьде БК{б)П Орталық партия Комитетінің қаулысы бойынша балалар әдебиетінің идеялык мазмұнын және оның көркемдік сапасын арттыра түсу мақсатымен Москвада өз алдына жеке балалар әдебиетінің баспасы ұйымдасты. Қаулыда осымен қатар балалар кітабын көптеп бастырып шығарудың, алдын ала перслективалық программаларын жасауды және осыларды іске асырудың практикалық нақты жұмыстары белгіленсін делінген. Бұл тарихи қаулылардын барлық одақтық республикалардағы балалар әдебиетінің өсуіне де көптеген жәрдемі тиді.
1934 жылы Москвада кеңес жазушыларының Бүкіл одақтық бірінші съезі болып өтті. Съезде М. Горький кеңес әдебиеті дамуының алдағы перспективасы жайында келелі баяндама жасады. М. Горький жазушылармен бірге ғалымдар мен инженерлерді де, педагогтар мен еліміздің көрнекті адамдарын да балалар үшін көркем әдебиет жазуға шақырды. Съезде кеңес балалар әдебиетінің жайы мен оның алдағы міндеттері туралы С. Я. Маршактың арнаулы баяндамасы тыңдалды.
Съездің қаулы-қарарларында балалар әдебиетін алдағы уақыттарда көптен басып шығарудын перспективасы, программаларын жазсауды міндеттеп және оны іске асырудың нақтылы шаралары белгіленді.
Съезде біздің көрнекті жазушыларымыздъщ балалар әдебиетіне көңіл бөлмейтіні жайлы да сөздер айтылды. «Өсіп келе жаткан жаңа адамдардың бейнесін әсіресе балалардан өте жиі кездестіруге болады, ал біздін әдебиетіміз балаларға да жөнді көңіл бөлмей келеді, біздің жазушыларымыз балалар үшір жазуды, балалар туралы жазуды өздеріне ар көретін секілді»—деген болатын М. Горький.
Бұл түста қазақ кеңес балалар әдебиетінің өріс алып дами беруіне көп күш салып, қамқорлық жасаған Қалмақан Әбдіқадыров пен Саттар Ерубаевты ерекше атап өтуге тиіспіз.
Өз сөзіне лайық Саттар Ерубаев (1914—1937) «Терек пен гүл» дейтін әңгіме мен «Мәңгілік өмір туралы» жас ұрпақтың еліктеуіне тұратын өлмейтін де өшпейтін, әрқашан айтып жүретін жыр жазып берді. Бір топ бала ортасында отырып, сыр шертетін Төлеңгіт жыршы атынан сөйленетін бұл оқиға адам жанын түршіктірерліктей әсерлі, тым үрейлі еді. «Мәңгілік өмір туралы жырды» естиік деп ынтығып отырған бір топ бала Төлеңгіт жыршының жан-жағынан аңталап қоршай түседі. Төлеңгіт жырау аққудай саңқылдап, теңіз тыныштығын бұзып, шағалаларды шулата ән шырқайды. Төлеңгіт жыраудың айтуынан өткен өмір елесі, ғасыр тарихы, датқалардан жапа шеккен халық қайғысы есітіледі. Оның өлеңінен азаттықты ақсап, дауылдай көтерілген халык каһары өрттей өрши түседі. Сөйтіп, тап тартысы күрестерін, тап жаулары әрекеттерін Саттар Ерубаев жас өспірімдерге өте шебер кұрылған оқиғалармен түсінікті етіп, тебіренте жырлаған.
Тап жауының қолынан қаза тапқан Ұлы Октябрь революциясының қаһарманын, онын, ерлік істерін ақын былай суреттеген:
Аулыма өлмеушілік мен әкеле жатыр ем, Анау әне жәшіктегі кітаптарды окып па ең. Ол кітаптар — ұлы Маркс, ұлы Ленин еңбегі, ол еңбектер мәңгі жасау, өлмеушілік өрнегі. Сол еңбекті өлмейтұғын, ешпейтұғын, ағатай, мен ауылға алып келе жатыр едім шаршамай. Жеткізбестен тап дұшпаны жол үстінде сулатты, бірақ жауға мен бермедім өлмейтұғын кітапты. Саны мықтап ұстап жатыр менін колым кесілгек, өлсемдағы, өлмеушілік шығар емес есімкен. Мен өлермін алтын күннін шуағына карамай. Аулыма кітаптарды жеткізіп бер, ағатай.
Бұл кездегі жазушылардың бір ерекшелігі — олар маңызы күшті тарихи оқиғаларды балаларға әсерлі де өте қызықты, көркем етіп айтып бере алуында еді. Олар өмірлік идеяны көркемдік ерекшелігі, композицнялык бітімімен осылай тудырған. Жаңа өмірді аңсаған, оны жанындай жақсы көрген каһарман прогресс жолында өзінің құрбандыққа баруға әзір екенін танытты. Ақтық өмірі алдында бар арманын, бар сырын ұлы көсемге бе-рілген өзіндегі қымбат қасиетті балаларға есиет етіп айтып кетті.
БІрсыр бар еді сақтап жүрген жүрегімің түбінде.
Сол сырымды айтайын мен өлмей тұрып тірімде
Қарап тұрсан, төнкеріске, Отанына, тарихқа,
Адамдағы қымбат қасиет — берілгендік халықка.
Бүкіл халык максаты бір, барлығында бір ниет,
Отан үшін басты беру бәрінде бар қасиет.
Менде бар еді берілгендік, сүюшілік Отанды,
Сондықтан да төңкерістің солдаты боп атандым.
Менің қаным миллионның тамырында ағады,
Бір жүрегім миллионнын жүрегі боп соғады.
Менің бақытым, қуанышым Бүкіл елдік болады,
Мен жасасқан жаңа өмір жайнап өсіп, жанады.
Маған қымбат барлығынан — берілгендік көсемге,
Ол берілген миллионнына жүрегінең өшер енді?
Ендеше мен мәңгі жасап, өшпеймін де, өлмеймін,
Еш уақытта жоғалмаймын, тозбаймын да сөнбенмін.
Жас өспірімдерді кеңестік патриотизмге, отаншылдыққа баулитын шығармалардын құдіреті мейлінше осындай күшті де ықпалды болуға тиісті. Саттар Ерубаев қазақ кеңес балалар әдебиетін жасайық дегенде тәрбиелік мәні мен идеясы, көркемдік және әсер бергіш сипаты, күрескер болып дамуы осылай суреттелсе деп талап еткен. Өйткені революцияшыл күрескерлердің жаңа ұрпақтары үшін, творчестволық шабыттың сарқылмас қайнар көзі революция қаһармандарының осындай даңқты ерліктерін жоғары қастерлеуден барып көрінуі тиіс. Саттар Ерубаевтың «Мәңгілік өмір туралы жыр» атты бұл өлеңі 1972 жылы балалар мен жастар әдебиетінің бас редакциясынан 24 мың тиражбен өз алдына жеке суретті кітапша болып шықты.
Саттардың «Терек пен гүл» атты әңгімесі де баланы өзіне еліктіре тартатын кеңестік патриотизм сезімдеріне толы. Мұны оқыған әрбір бала: мен қызыл гүлге ұқсап, аспанға ұшсам, жер мен көкті шарласса, Бүкіл халыққа бақыт берген, Бүкіл халыққа сәуле сепкен ұлы көсем кеудесіне сыйлық боп тағылсам, Отаныма, еліме ерлігіммен танылған азамат болсам дегенді армандаған болар еді. Әңгіменің балаларға әсер бергіш идеясы, құдіреті күшті көркемдігі осыйдай болатын. Қазақстанның барлық жазушылары да осыған үн қосты.
Кеңестік Отанды сүйе білуге баулу мақсатымен біздің айбынды армиямыздың жауынгерлік, ерлік істері жайында жазылған шығармалардың көпшілігі жас өспірімдерге сондайлық әсер берерліктей күшпен, ән текстерімен жазылды. Бірден коллективтік ортада айтылу үшін көпшіліктін, орындауына арналған орыс халқьның «Раз, два, три» деген әнімен орындалатын Асқар Тоқмағамбетовтын. «Бір, екі, үш» (1934), Баймұхамбетовтың «Әскер жыры» (1937), Елубай Өмірзақовтың орындауындағы «Жастарым жайна» (1939), Өтебай Тұрманжановтың «Біз ЛениншІл» (1934), Жүмағали Саинның «Кім болам» (1936), Калмақан Әбдіқадыровтың «Отан» (1941), «Ант» (1941), Мариям Хакімжанованың Казақстан пионерлерінің республикалық екінші өлеңіне арнаған «Қуанышы көнілімнің (1940) т. б. жарық көрді.
Лениншіл жастар өздеріне жүктелген міндеттердің кандайын болса да өжеттікпен тайсалмай орындап, партия сенімін әрқашан мүлтіксіз ақтап отырады.
Бір, екі, үш, Жастар — алып күш. Отан корғау жолында сен де алға түс… Бір, екі, үш, Қалма сыртта тыс, жаңа құрылыс жасауға, Жұмса кайрат-күш ‘.
Мұндай сенім және оларға үлкен жауапкершілікті арта сөйлеу жас өспірімдерді әркашан қанаттандырып, квнілін көтеріп, өздеріне эстетикалық ерлік сезім туды-рып отырады. Сонымен қатар оларды жасқаншақтық, батылсыздық және жігерсіздік сияқты жаман әдеттерден арылта түседі. Сонда олар ертеңгі күні-ақ:
Қорыта айтқанда, Отан соғысына дейінгі бесжылдықтар дәуіріндегі қазақ балалар әдебиеті өзінің жаңашылдығымен мазмұны жағынан да елеулі табыстарға ие болып, социалистік кұрылыста еңбек еткен жастардың үздік табыстарын, эстетикалық идеяларын көрсете білді. Балаларды коммунистік рухта тәрбиелеуде күрделі міндет атқарды. Мұның өзі Ұлы Отан соғысына дейінгі бесжылдыктар дәуірінде қазақ халқы мәдениетінің ша-рықтап алға басқанының бір белгісі еді.
- М. Жұмабаев – сыршыл, суреткер, романтик, «мәдениетшіл ұлт ақыны», ешкімге ұқсамайтын дара тұлға. Оның өлеңдері жалынды болып келеді.
Ақын дәулетті отбасында дүниеге келді. Оның әкесі Бекен би әрі болыс болды.
Мағжан – отбасындағы тоғыз баланың бірі. 4 жасынан бастап, болашақ әдебиетші үйдегі молдадан шығыс халқының тілдерін үйрене бастайды. Араб, парсы және түрік тілдерін оқуды Қызылжардағы медреседе жалғастырады, содан кейін сол замандағы жақсы оқу орындарының бірі – Уфа қаласындағы жоғарғы Ғалия мұсылман медресесіне оқуға түседі. Мұғалімнің ақыл кеңесі менен орыс тілін оқумен айналысып, орыс және шетел әдебиеттермен танысады.
1912 жылы Қазақ қаласында «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді.
1917 жылғы төңкерістен кейін Жұмабаев «Бостандық туы» газетінде редактор болып ісейді. 1922 жылдан бастап 1923 жылдың аяғына дейін ақын Ташкент қаласында тұрып, шығармашылықпен айналысады. Осы жылдары «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» атты өлеңдер жинағы жарық көрді, жалғыз прозалық шығармасы – «Шолпанның күнәсі» әңгімесі баспадан шығады.
1938 жылдың 19 наурызында «ұлтшыл» деп соңына шам алып түскендер ақыры Жұмабаевты атып тынады. Тек 1988 жылы ғана ол ақталып шықты.
Мағжан өзін табиғаттың бір бөлшегіндей сезінеді, табиғатты жырлап келіп, оның аясында өмір сүріп жатқан адамдар жайлы жазбау, әрине, мүмкін емес.Оған өткен өмір арман сияқты көрінеді…
«Мағжан – ақын, өте күшті ақын. Мағжанның қуаты – оның лиризмнің нәзіктігінде, сырластығында, кейіпкерлерінің ақындық жарқындығында, сөздерінің нақтылығында, оның сөздері Маржан жібі секілді нәзік те, мамық секілді жеңіл, әуенді де сазды. Мағжан – бірінші кезекте терең лирикалық ақын…
Мағжан өлеңдері – оның өзінің жанымен халқымен сырласады».
- Ж. Аймауытов – ақын, прозашы, драмашы, сыншы, сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі. Ол Семей облысында дүниеге келген. Оның әкесі Аймауыт пен атасы Дәндібай орташа дәулетті қарапайым адамдар болған. Ауыл молдасынан сауат ашады.
1907 жылы Керекуде 2 сыныптық орыс — қазақ мектебінде оқиды.
Жүсіпбек Аймауытов өз өмірбаяны туралы: «Біз ағамыз екеуіміз молда да, етікші де, балташы мен сылақшы да, домбырашы мен әнші де болдық. Әкем домбырада жақсы ойнаушы еді. Екі үлкен апамыз домбыраны жақсы тартатын, солар бізді өлең айтуға үйретті, біздерге өлеңдер оқып беретін, білімді болды. Анамыз Бәтима жесір әйелдерді жиі жоқтау айтуға үйретіп жүруші еді», — деп еске алады. Ж. Аймауытовтың жазған «Қартқожа», «Ақылбек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, «Рабиға» пъесасы, балаларға арналған ертегілер жинағы, сын мақалалары, аудармалары, оқулықтары баға жетпес құнды мұралар.
Жазушы «Қартқожа» романында ескі қоғамдық құрылыс жағдайын бай есігінде езіліп жүрген жалшының Қазан төңкерісінен кейін құлдық қамытынан құтылып, азаттық күреске белсене араласып, бақытын тапқанын бейнелейді.
Романда Қартқожаның жеке өз басының жайы көрсетілмейді, бірақ оның қорқыныш пен сенімсіздікке толы өмір жолы, жаңа өмірге ұмтылысы көрсетіледі.
Қартқожаға әділеттіліктің, ерліктің, шыдамдылықтың белгісіндей болған Дәрмен, онымен окоптағы өмірінің барлық қиындығын бөліскен, оқуға баруына ықпал жасаған Хасен ерекше әсер қалдырады. «Қартқожа» — қым-қуат тарихи құбылыстарға толы, поэтикалық қуаты мол, әрі шебер тілмен жазылған роман.
- Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бірінші май күні қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданының бұрынғы төртінші аулында туды. Ілияс шешесінен жастайынан жетім қалып, әке тәрбиесінде өседі. Қатал мінезді әкенің тәрбиесінде өскен Ілияс жас кезінен бастап-ақ өткір мінезді, өжет, еңбек құмар және зерек болады. Өйткені оның әкесі Жансүгір қолөнеріне мейлінше жетік болыпты. Ол аяқ киім тігетін етікші және темір мен ағаштан түйін түйетін ұста екен. Мұнымен қатар ескіше хат танитын, арапша сауатты кісі болғандықтан, халық ауыз әдебиетін көп окып, көп жинапты. Бір сырлы, сегіз қырлы осындай шебер әке өз қолынан келетін бар өнерін Ілиясқа жас кезінен үйреткен. Сондықтан Ілияста әкесіндей әрі етікші әрі ұста, әрі әнші, домбырашы болады. Бір жағы әкесінен оқып, арабша хат таниды. Осының өзі Илястың әдебиетке қызығуы мен өмірге деген көзқарасының калыптасуына көп көмегін тигізеді. Әкесінен көптеген қызықты әңгі-мелер, халық өлеңдерін естиді. Халық өлеңдері мен ертегілері оны халық өмірімен, арман-тілегімен, зор болашағымен тереңірек танысуына мүмкіндік туғызады. Айналасындағы болып жатқан неше алуан өмір кұбылыстары да балалық байқағыштық, назарынан тыс қалмағап еді.
Ежелден ескеруші ем елдің сөзін, Бұмақтың тазалауға тінтіп көзің бар ма деп ашпаған сыр, айтпағап жыр, Құлақты кырға түріп жургсн кезім,— дейді.
Әрі зерек, әрі ұғымтал бала мұнымен дс қанағаттанбай 1905 жылы жергілікті жердегі Қарағашта ашылған орталау мектепте оқып, оны 1911 жылы бітіріп шығады. Осы кездерден бастап өлең жазумен айналысады. Өз білімін көтеру үшін 1920 жылы Іляс Ташкентке барады. Онда жаңадан ашылған мұғалімдер дайындайтын қазақ-қырғыз институтына оқуға түседі.
Ілияс Жансүгіров Ташкенттегі мұғалімдер дайындайтын қазақ-қырғыз институтынын екі жылдық курсын бітірген соң 1921 жылы Жетісуға кайта оралады. Өз еліне келісімен Қапал уезі, Аксу болысына қарасты Белтоған мектебіне мұғалім болып орналасады. Ілиястың алғашқы қызметі халық ағарту жүмысына араласудан басталған-дықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалған өзіндей қазақ жастарының басын құрап, хат танытып, сауатын ашуды өзіне үлкен міндет етіп қояды. Сондықтан ол «Жалпы жасқа» деген өлеңімен ұран тастап:
Әйел, еркек, жалпы жас! Қатеріл, көрін, қөзінді аш жаңбырлы жазғы жапырақтар, Көркей, көгер, гүлің шаш!..
Оқы, орталас, ұйымдас!
Бірік, бірлес, жас жасы
Жиылатын күн жетті,
Қайтып ұйқың қиылмас!..
деп, ел арасына, қарамағында оқуда жүрген жас өспірімдерге үгіт жүргізеді. Осы идеясын іске асыру үшін мұғалімдік қызметімен қатар, Ілияс батырақтар одағына кіріп, жалшылар арасында үгіт жұмысын одан ары жүргізе береді. Бұл кезде жазылған өлеңдерін көбіне солардың өміріне және жас ұрпақтарға арнады. «Жастар», «Жалпы жасқа», «Жас бұлбүлдарға», «Жастар ұраны», «Жазғытүрым», «Жазғы шілде», «Күзде» деген өлеңдері жас өспірімдерді оқуға, өнер білімге шақырды. Сол кездің өзінде-ақ «Белтоған» мектебінде оқитын оқушылар Ілиястын өленін әнмен шырқап, бүкіл елге тарататын.
Ілияс мүғалім болған кезінде ауылды кеңестепдіру ісіне белсене ат салысады. Ауыл еңбекшілерінің алғашқы ұйымы — жергілікті қосшылар одағьң ұйымдастырады. 1922 жылы қосшылар одағынын шақыруымен Алматыға келеді. Мұнда Алматы облысының қосшылар одағы комитетінің секретары болып орналасады. Сонымен бірге облысшы «Тілші» газетінде істейді. Ілияс 1924 жылы партия қатарына кіреді. Осы жылы ол қазақ ағарту ннститутының директоры болып қызмет атқарзды.
1925 жылы Ілияс Жансүгіров Москвадағы журналистика институтына түседі. Мұнда Ілияс оқуымен қатар, өзінің ақындық творчестволық жұмысының үннен-күнге дамытып, өлеңдерініц көркемдік жағын жеңілдіріп, сапасын арттырады. Жазушы білім жағынан да, ақындық талантымен де енді тек Қазақстан көлемінде ғана емес, Бүкіл Одаққа таныла бастайды. Ілияс журналистика инствтутын 1928 жылы бітіріп шығадьі:
Ілияс Жансүгіровтің әдеби-әлеуметтік қызметі осы кезден бастап кен арна, даңғыл жолға шығады. Ақынның Коммунистік партия туралы, оның дана көсемі Ленин туралы жазылған «Ленин өлді», «Лении тірі», «Қоммуна», «Ұштасқан үш тілек» сияқты әйгілі өлеңдері — осы кезеңнің жемісі. Москвадан кайтып оралғаннан кейін, Ілияс әдеби творчестволық іске беріле кіріседі. Бірнеше жыл республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Социалистік Қазақстан») газетінде қызмет атқара жүріп, көптеген өлеңдерін, поэмаларын жазып, жарыққа шығарады. Ақындық әдеби еңбегі өте жоғары бағаланады. Ол 1934—1938 жылдары Қазақстан кеңес Жазушылары одағының председателі қызметін атқарады.
Ілиястың бұл кезде мол еңбек еткендігі соншалық, бас-аяғы он шақты жылдың ішінде ол жиырмадан астам кітабын бастырып шығарды. Ақын бұл тұста коллектив болып біріккен колхозды қазақ аулын, күлазыған қыр суретін өзгерткен алып өндіріс орындарын, кеңестік бес-жылдықтар туғызған толып жатқан жаңалықтарды өз жырының өрнекті арқауы етті. Ілияс Жансүгіров қазақ кеңес поэзиясының ірі ақыны болуымен қатар, проза, драматургия саласында да үлкен енбек еткен жазушы.
Қазақ кеңес балалар әдебиетінің іргесін қалаушылардың бірі болған ірі талант иесі Ілияс Жансүгіров 1938 жылы қайтыс болды.
Әдебиеттің бізде жасалуына көмектесу еді. Бұл туралы біраз еңбектерім бар: «Балаларға тарту», «Балаларға базарлық», тағы басқалар. Бізде, әсіресе, техника, өнер жайында шығармалар туған жоқ. Енді бұл кетікке кірпіш қалауымыз керек дейміз» дейді Ілияс 1931 жылғы «Мен қалай жаздым» деген мақаласында.
Балалар әдебиеті саласында Ілияс өз сөзін орындап шыккан жазушы.
Ілиястың алғашқы кызметі халык ағарту жұмысына араласудан басталғандықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалман қазақ жастарының басын құрап хат танытып, сауатың ашуды үлкен міндет етіп қояды. «Жастар», «Жалпы жасқа», «Жас бүлбұлдарға», «Жастар ұраны., «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күзде» деген өлендерінде ақын жас буындарды оқуға, өнер-білімге шақырады. Сол кездердің өзінде-ақ «Белтоған» мектебінде оқитын оқушылар Ілиястың өленің әнмен шырқап, Бүкіл елге таратады.
Ілиястың балалар үшін жазылған шығармалары жас еспірімдерді коммунистік рухта тәрбиелеу проблемасын шешуді ғана көздеп қоймайды, ол сонымен қатар әрбір жазушының алдына осы салада қалай жазудың және қандай мәселені көтерудің үлгілерін де көрсетеді. Ең алдымен балаларға арналған шығармалардың тәрбиелік ролі соншалық күшті де ықпалды болуын басты міндет етіп қояды. Балаларды баласынбай-ақ олардың алдына кәдімгі күрделі мақсаттарды қоя білу керектігін айтады. Өйткені тәрбие мен білімнін және оқытудың арасындағы процесс балаға жас кезінен үйретілуі тиіс. Ілияс осы мақсаттарды тіпті бесікте жатқан бүлдіршінге де өлеңмен, әнмен айтып жеткізуді шарт етіп қояды. Сол арқылы баланың көңіл күйі мен ойын эстетикалық идеалы сергітіп, тезірек жетілуіне, дұрыс өсуіне жәрдем етеді. Ілияс «Бөбек бөлеу» («Ана жыры») деген өлеңінде осы пікірді жақтайды.
Қазақ кеңес балалар әдебиетіне ең көп үлес қосқан ақынның бірі—Ілияс Жансүгіров. «Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет. Сондықтан менің бір ойым осы дейді. Осының өзінде де зор үміт, үлкен мақсат бар. Бөбекке қойып отырған ана шарты жеке бастың қамын ойлау мәселесі емес, еткен еңбегін елінің игілігіне жұмсалатын болсын деген қоғамдың, пікірге баулып отыр. Бұл бала алдына қойылған халықтың мақсат, ол — халық ойының эстетикалық идеалының жемісі мен арманы. «Елгезек болсак иісін, ендеше саған екі емшек» деген ананың шарттын белгісі балаға жаңа міндет жүктеп отырғанын көрсетеді.
Бөл-бөл, бөбек, бал, бөбек,Бет алдыңа кетерсін, Бөгелмей білім біл, бөбек. Елге есті ер керек, Білмесен білім бекерсі,Ер жет, есей ертерек- деп, ана оның халық ұлы болуын арман етеді. Осындай ұлы мақсат, үлкен арманды, әсемдік әлеміне кұрылған эстетикалық-идеалды ақын тіпті бесіктегі балаға да сондай шеберлікпен жеткізе беруге, айтуға болатынын дәлелдеген. Өйткені баланы өсіретін де, жетілдіретін де жақсы тәрбие мен зор үміт. Біреу оның келешегінен зор үміт етіп отырса, сол сенім оны енбекке де баулып, жүмылдырып жібермек. Міяе бұл тәрбиелік манызы бар міндеттерді іске асырудың ең басты жолы деп танылады. «Ақылға қонымды, дұрыс тәрбие баланың тіпті жас шағынан, балалар өзін-өзі тани біле бастамас бұрын, оларға барлық жақсылық, шындық, көркемдік, ізгілік атаулыға талпынуды үйретіп отыруды талап етеді олар бұл уақытта адамгершілікке белгісіз себеппен туа әдеттенгендегідей дағдыланулары керек»,— дейді Н. А. Добролюбов. Орыстың ізгі адамдары тәрбиенің ролі мен маңызын осылайша бағалаған. Ілияс та бала тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс түсініп, өз поэзиясы арқылы оны шеберлікпен айта білген.(«Елге есті ер керек, ер жет, есей ертерек» деп балалардың болашағынан зор үміт етеді. Тілі де жеңіл, қойған максаттары да айкын. Ана атынан айтылған мұндай сөз, мұндай тілек бала жанының айқыны емес пе? Ата-ананың осындай үлкен үміті мен зор сенімі баланың да жас жанына қамшы боп, оны үлкен жолға, еңбек сапарына аттандырады, былайша айтқанда үлкен үміт, зор сенімді ақтауға кіріседі. Мұндай өлеңдердің тәрбиелік күші мен балаға тигізетін рухани әсері осындай болмақ.
Балаларға жазылған Ілияс өлеңдерінін қамтыған екінші бір үлкен тақырыбы — өз елі, өз жерінің байлығы мен сұлу табиғатының әсем көріністерін суреттеуге арналған. Бұл балалар үшін өте қызықты тақырып, өйткені Ілияс табиғаттың әсем көріністерін суреттеу арқылы жас өлендердің ойын нақты материалдарға негіздеуге тырысады. Бұл салада жазылған Ілияс өлендері: «Ағынды менің Ақсуым», «Бұлт», «Жазғытұрым, «Жазғы шілде», «Күз», «Жауында», «Қыс», «Желді карағай», «Жетісу суреттері», «Жалпы сын», «Тау суреті», «Жетісуда су суреті», «Жетісу жәндігі», «Жер түгі», «Шаттық жыры» деп аталады. Балалардың эстетикалык тәрбиесі үшін табиғат көріністері мен табиғат заттарын суреттеуде бүл өлеңдердің оларға тигізетін әсері өте зор. Ілияс «Жазғытұрым» деген өлеңінде:
Ой, балалар, балалар Жылы-жылы жел соқты, Жылғалардан су ақты.
Қандыл-каншыл қаз кепті, Жер қарайды — жас кепті, Желкілдейді көк майса, Желіндейді мал жайса…
Ел ешкісін қырқыпты, Егіндерін жыртыпты. Ой, балалар, балалар, Ойналық та күлелік қос басына иінелік деп, көктемінің шығуымен байланысты табиғатқа жан бітіп, қандай өзгерістер, жаңалықтар болатынын суреттеп, айналадағы түрлі құбылыстарға зер салуға үйретеді. «Ойналық та күлелік, қос басына мінелік» деп өмір тіршілігіне өздерін де араласып кетуге шақырады. Осы ішінде өзі оларды елеулі, нақтылы, аумаған дәл фактінің өзінең танысуға үйретеді. Соған байланысты балаларда қорытындысы, жинақтау пікірі дәл, дұрыс болып калыптасады. Мұндай нақтылы суреттер олардың өмір тіршілігіне өз бетімен араласып кетуіне жол ашады. Сонымен қатар жаратылыс күбылыстарына зер салуға дағдыланса, олар түрлі құбылыстарлы үйреніп, олардың арасындағы байланыстарды, әсіресе себепті байланыстарды таба білуге машықтана береді.
Жылдын төрт мезгілін өмір тіршілігімен, еңбекпен байланыстыра отырып, 1923 жылы жазған «Жазғы шілде» деген өленінде де балаларды әр алуан құбылыстармен, мезгіл заңдылықтарымен жан-жақты таныстырған. Ой, балалар, балалар шілдем, шілдем — шілде айым, Шырылдап торғай күн сайын,
Шұбар ала шешектер, Шудаланған көк шөптер, Жапырақтар жалпайды, Жас қозылар марқайды. Ұшты көкек сай кұлай, сайда пісті таққурай. Құрт, ірімшік кайналды, Құлындар да байланды. Нәйім-нәлім бауырсақ. Ағын суға шомылсақ. Ой, балалар. балалар Ойнайық та күлейік, Үйретіп тай мінелік балаларға өмір таныту жолдарын өздерінің күнделікті көз алдында өтіп жатқан жаратылыс құбылыстарымен байланыстыра суреттей отырып, сол арқылы шаруашылыққа араластырып, еңбек етуге бейімдейді.
Ілиястың осы өлеңдеріне талдаулар бере келіп, филология ғылымының докторы Әбділдә Тәжібаев «Жаңағы аталған өлеңдер жеті буынды егіз ұйқаспен шапшақ да шымыр жазылған. Әрбір қос жолда тұжырымды ойлар ұғым айтылады да, сол қалпында суретке айналады»— дейді.
Ілияс жаратылыстың бір ғана көрінісі — көктемдегі құбылыстармен ғана таныстырып қоймайды, жыл мезгілдерінін әр тоқсанында әр алуан жаңа кұбылыстар болып отыруына байланысты соған орай жаңа тіршіліктер де өрбитінін танытып отырады. Бірақ олар біріне бірі ұқсамайтын құбылыстар екенін де айрықша суреттейді… Ілияс «Күз деген өлеңінде: дейді.
Ой, балалар, балалар, Қоңыр қаз күз болыпты, Қурап жапырақ солыпты. Ел егінін алыпты, Ақ жәуіктер жауыпты…
Енді мая салыпты, Ел кузекке қоныпты… Ой, балалар, балалар, Ойнайық та күлелік, Енді оқуға кірелік.—
Ілияс жаратылыс суреттерін адам өмірінен, оның күнделікті тіршілігінен бөліп алмай, соған байланыстыра суреттейді. Айналадағы болып жатқан түрлі жакалықтарды байыпты түрде бақылап және өзі де соған араласа жүріп өскен баланың ой логикасы, эстетикалық идеалы бір қалыпта жүйелі түрде дамиды. Сонымен қатар баланың байқағыштық, ізденгіш қабілеті де өсе береді. «Менің ойымша табиғаттағы логика балалар үшін ең оңай және пайдалы логика болады» дейді К- Д. Ушинский. Жаратылыс күбылыстарына зер салу арқылы балалардың творчестволық кабілеттері де, әсемдік әлемі-не құрылған эстетикалық идеалдары да ояна бастайды. Өйткені баланың қиялын байытатын эстетикалық білім қоры көбіне жаратылыс құбылыстарынан көбірек табы-лады. Ілияс Жансүгіров балаларға өлке тану жұмысын да жаратылыстың осындай көркем суреттері мен байлықтарын зерттеу арқылы түсіндіруге тырысқан. «Сондықтан да ақын жыл мезгілін жазғанда оны кұр қызықтамай, мезгіл тудырған жаңалықты жыл мезгіліне байланыстыра жырлайды. «Жазғы шілде», «Күзде» де, «Жазғытұрымда» да әр мезгілдін өзіне тән көрінісі, сол мезгілге орай шаруалардың еңбегі, тірлігі бейнеленеді—дейді филология ғылымыңық докторы Мырзабек Дүйсенов.
Бұл өлеңінде ақын Жетісу өлкесіндегі барлық табиғат сұлулығын даралап сипат-айды.
Ыстық көл жер айнасы мөлдірейді, Балқашты камыс қамап желкілдейді. Аттанған алты өзені Жетісуда, Балқашқа бауырымдап еңкілдейді…
Ақын бұдан ары алты өзенің әрқайсысының өзіндік сипаты мен ерекшелігін онын халық шаруашылығына тигізетін пайдалы жақтарын көз алдына келтіреді: Шу йне, тауды тарпып, шыққан шулап, Ойнақтап, ырғи жосып таудан тулап,асқардан ақтарылған ақ емес пе, қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап…
- Сәкен Сейфуллин – қазақ кеңес әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі. Тамаша ақын, прозашы, драматург, сыншы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келді.
Сауатын ауыл молдасынан ашқан ол 1916 жылы Омбы мұғалімдер семинариясын бітіреді. Ұстаздық қызметін атқарады. 1914 жылы Сәкеннің «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарыққа шығады. Сол кездегі елдегі саяси – қоғамдық ахуал оны саясатпен белсене араласуға итермелейді.Сәкен Сейфуллиннің жемісті шығармашылық сапары оның саяси күрес жолына түсуінен басталады. Сол төңкеріс тұсында және одан кейінгі кезеңдерде ақын, драмматург, прозаик, әдебиет зерттеушісі ретінде жан — жақты танылады.
Сәкен Сейфуллиннің шығармаларының ерекше маңызды бөлігі оның лирикасы. Ақын өлеңдерінде сан алуан тақырыптарды — өз ғұмырын саналы түрде арнаған төңкеріс кезеңінің қатулы шындығын да, балдай балалығы мен жалынды жастығы өткен туған өлкені де – бәрін де шабыттан жырына қосты. Сәкен Сейфуллиннің шағын лирикалық поэмаларының ішінде «Аққудың айыылуы» мен «Лашынның әңгімесі» — орны бөлек, қымбат туындылар.Өмірде сұлулықты, пәктік пен шынайы сезімді, адалдықты ардақ тұтқан ақын осындай адамдық – эстетикалық идеалын қос аққудың ( «Аққудың айырылуы»), жаралы лашын мен бала лашынның ( «Лашынның әңгімесі») бір – біріне іңкәр сезімдерін суреттеу арқылы танытуды мақсат еткен. С. Сейфуллин проза жанрында да жемісті еңбек етті, оның қалыптасуына, уақыт талап еткен мәселелер мен тақырыптарды көркем игеруіне айтарлықтай үлесін қосты.
Ол прозалық туындыларында да өлеңдеріндегі секілді негізінен басты тақырып етіп төңкеріс дәуірі мен өмір шындығын алды.Төңкеріс тақырыбы оның 1917 жылы жазған романтикалық сипаттағы «Жұбату» әңгімесінен бастала келе «Айша», «Жемістер» атты повестер көрініс тапты. «Жер қазғандар» төңкерістен кейінгі кезеңдегі темір жол құрылысына арналған туынды. Бұларға қоса Сәкеннің «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» атты аяқталмаған романдары да бар.