PR ұғымын пішіндеудің әртүрлілігі. С. Блэктің классикалық анықтамасы. 1978 жылғы Мексикада өткен бүкіләлемдік Ассамблеядағы паблик рилейшнз ұғымына берілген анықтама. PR-ды білмей тиімді өзара байланыс орнату мүмкін емес деген пікірге негізделген жалпы заңдылық.
Адамдардың танымдық-еңбек қызметі үдерісіндегі өзара қызметтің арнаулы түрі ретіндегі коммуникация. Мекемені (оның ішкі саласын) сыртқы ортамен байланыстыратын барлық элементтердің жан-жақты (әсіресе ақпараттық) өзара қызметінің шарты болып табылатын арнаулы құралдар, тәсілдер, әдістер, рәсімдер, технологиялардың кешенді түрде жүйелі қолданылуы.
Қоғамға адал, құрметпен қарауға негізделген басқаруды жүзеге асыруға негізделген принциптегі ақпараттық-талдамалы қызмет жүйесі. Қызметтің екі жақты бағыты: бір жағынан, мінез-құлқы, пікірі, көзқарасы мекеменің қызмет етуі мен дамуына ықпал ететін адамдардың күтуіне жауап беру, ал екінші жағынан осы адамдардың іс-әрекетін ынталандыру.