Малға байланысты атаулар

Адам өмірінде әсіресе, қазақтың өмірінде малдың алатын орны айрықша. Азбар – жатық қора.

Ақ байпақ – сиырда болатын індет ауруы.

Азбайдық – бұқалық. Қасқатай өгіз әлі азбандағыш қоймай жүр деп еді. (Саратов).

Алаөкпе – сиырда болатын болатын өкпе.

Алмас түйе – екі өркеші екі жағына жығыңқы түйе.

Бұл сөз Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында да кездеседі.

Атағаш – ат байлайтын ағаш. Атшабыс – бәйге, ат жарысы. Атшабыста кім озса, бәйге сонікі. (Сар).

Атан түйе – кестірілген түйе. (бес алты жас және одан үлкен).

Балқоспақ – лөк пен таза айыр інгеннен туған түйе. Бұл сөз де Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында ұшырайды.

Бауыр құрт – ауру түрі. Қалдық су ішкеннен қойда бауыр құрт ауруы пайда болады. (Саратов).

Бірқырқар – кеш, күзге таман туған кенже қозы. Атанша – екі-үш жастағы піштірілген бура.

Бауыршын – піштірілген жас бура.

Інгенше – екі жастағы ұрғашы түйе.

Дөнен інген – төрт жастағы ұрғашы түйе.

Сынық өркеш түйе – бір өркеші қисайған түйе.

Бастырма // бастырма тезек – қыстай жиылған қиды көктемде көлікпен басып, араластырып құйып алған тезек.

Бәрбәр – қойды шақырарда айтылатын сөз. Төлдеген қойды қозысына «бәрбәр» деп шақырады.

Дүбәра – ерте туған қозы.

Дулыға – түйе өркешінің ең сүйір ұшы.

Жайдық – қой-ешкі, ұсақ мал. Бұл сөз Қазақстанның Батыс өңірінде осы түрде айтылса, оңтүстік облыстарда ұсақ мал сөзі қолданылады.

Жайлаушы ат – жұмыс аты. Бұл колхоздың жайлаушы аты. (Саратов).

Жараны жырау. Келеге салынған бура жаранады. (Саратов).

Желінсау – желіннен, емшектен болатын ауру. Желінсаумен ауырғанда, ісігі бауырымен тамаққа шауып өтеді.

Толау – жылқыда болатын ауру.

Түйме – қойдың түйнек ауруы.

Кәнөш – ат қора, қора. Малдар қыста кәнөшта ғой (Саратов).

Келе – түйенің үйірі. Келеге салған бура жаранады (Саратов).

Күбір – мал қиының қалдығы.

Көбен – ерте туған қозы. Көбдік – жетім қозы.