Туыстық атауларына байланысты жергілікті ерекшеліктер былай тұрсын, әдеби тілдің өзінде арнаулы зерттеу нысаны болған емес. Сондықтан туыстық атаулар туралы сөз қозғау тек жергілікті диалектизмдер ғана емес, қазақ әдеби тілі үшін де маңызды болып табылады. Орыс тілінде туыстық атаулар туралы арнаулы монографиялар бар. (Е. Покровская, Термины родства в русском языке. М., 1968).
Аданас – қарындас, сіңлі, апай (Саратов). Мурты да біздің аданас болады.
Ақас (ақа – аға, ағай). Ақас барғалы отыр онда (Саратов).
Қарымгүл – ағайын, туыс. Қазақтар сұраса келе қарымгүл болады (Саратов).
Кемпес – кемпір, кәрі әйел.
Шие – шеше, ана. Шиеміз айқын өлеңші кісі екен (Саратов). О қозылардың шиесі барды ғой қасына.
Еже – нағашы апасы. Бұл сөз қырғызбен шектес Мерке, Қордай, аудандарында қолданылады. Қырғыз тілінде еже ана мағынасында жұмсалады.
Тайәже – нағашы анасы (шешесінің апа, сіңлілері). Мерке, Қордай, Луговой, аудандарында айтылады. Қырғыз тілінде тайәже болып жұмсалады.
Тайеке – нағашы. Қырғыз тілінде тай еке болып қолданылады.
Егет – туыс. Батыр өзінің слетімен Іле бойында жүреді. Батыс Қазақстан аймағында тума сөзі қолданылады.
Чәрменке – жезөкше, жүргіш. Бұл сөз Маңғыстау сөйленісінде қамыр, Еділ бойы қазақтарының тілінде ойнас делінеді. Қазақстанның оңтүстік облыстарында жәлеп сөзі айтылады.
Сой – нәсіл, ұрпақ. Мен адайдың сойымын. Ташкент атырабындағы қазақтардың тілінде қарындас сөзі ер адамдардың өзімен бірге туған қыздарына, қыз алыспайтын рулас елдің қыздарына айтылады, яғни туыс деген мағынаны білдіреді. Ал басқа облыстарда жалпы қыз балаға байланысты қолданылады. Балдыз деген сөз Ташкент атырабында ұзатылған қыздың сіңлілеріне байланысты жұмсалады, інілері қайын делінеді.