Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен жазушылық қызметі

  1. Бүкіл одақтық аренаға танылған балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы Бердібек Соқпақбаев өз өмірбаянын жас оқушыларға былай деп таныстырады:

«Мен 1924 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Қостөбе селосында тудым. Ата-анамнан ерте айрылдым. Алғашқы кезде кісілердің қолында жүрдім.

Балалық шағымда менің басымнан өткен қиыншылықтар мен жоқшылық өзімнің «Балалық шаққа саяхат» деген кітабымда бейнеленген. Отан соғысы жылдарында ФЗО мектебінде оқыдым, Кеңес Армиясы қатарында қызмет еттім, содан кейін ауылда мұғалім болдым. Осы мен бірге Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірдім.

1950 жылы менің түңғыш «Бұлақ» деген жинағым шықты. Бұдан кейінгі жылдары Алматыда «Пионер», «Казақстан пионері» редакциясында істедім. 1955—1957 жылдары Москвадағы жоғарғы әдеби курста оқыдым. Балаларға арнап бірнеше кітап жаздым. Бұлардың ішінде «Менің атым — Қожа» (1960), «Балалық шаққа саяхат» (1962), «Аяжан» (1963), «Гауһар» (1961), «Жекпе-жек» (1951) және басқа да повестерім бар. Соңғы жылдардың ішінде соғыс жылың қамтитын ересектерге арналған повестермен қатар, «Кездесу» және «Бозтөбе» поэмаларын жаздым. «Казфильм» студнясында «Менің атым — Қожа» повесім бойынша фильм түсірілді. 1967 жылы Кани қаласында болған жетінші халықаралық кинофестивальда Кеңес одағы бойынша екі фильм — «Менің атым — Қожа» және «Хош келдіңіз» атты фильмдерга қызғылықты да тартымды түсірілгені үшін арнайы сыйлықтар берілді. Сөйтіп, Қожаны енді Бүкіл дүние жүзі балалары көретін болды.

1952 жылдан «Казақстан Жазушылар одағының мүшесімін».

«БАЛАЛЫҚ ШАКҚА САЯХАТ» ПОВЕСІНДЕ БЕКТАС ОБРАЗЫ

Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі — өмірбаяндық туынды. Онда автор өзінін балалық шақта басынан кешкендерін сол кездегі дәуір шындығына орай кішкентай Бектас бейнесі арқылы елестетеді. Ес білмес есер шақ, балалық мінез — Бектас, Жанбосын, Жүнісбай, Майра образдарынан шындық қалпында, толық көрінеді.

Бектас жетімдік пен жоқшылық қасіретін көп кәріп, жаншылып өссе де, онысына мойымайтын, қажырлы, өжет бала. Қу тілділеу, пысық, кағілездігі де бар. Сабаққа алғыр. Жүгіру, секіру, суға малту жағынан да өзінен ересектерге есесін жібермейді.

Ленин біздін атамыз, Саясында жатамыз.

Қарсы келген дұшпанды, Қақ жүректен атамыз,—

деп өлең айтады. Ол өз елінін, өз Отанының кішкентай патриоты екенін сезінеді.

Жаңа құрылысқа алакөз тап жаулары мен бандиттердің бүлдірушілік әрекеттеріне иланған Бектастың ата-анасы Кытайға өтпек болады. Бектас іштей наразы. Ол бір сұмдықтың боларын сезіп шекаралық заставаға хабарлайды. «Сұмдық бұл! Әкем мен шешем,ақылдарың нан алжастыңдар ма? Бұларың не? Өз өкіметтерінен — ертеңгі бақытты заманнан безіп, кайда бармақсыңдар деп айқай салғым келеді. Кеудемде өжет наразылық сезімі бұрқанады. Бірақ оны сыртқа шығаруға шама, жеткізіп айтар тіл қайсы? Сеземін де түсінемін, айта алмаймын. Қиналам да тебіренем, жылай алмаймын». Бектас Ленин әперген бақытты өмірден таймақ емес, ол үй ішін Қытайға өткізбей аман-сау алып қалады, саналылық, байыптылық көрсетеді. Бала әрқашан әділдікті сүйеді. Әділдік үшін күресте бала алған бағытынан ешқашан да қайтпайды: қара тасқа салсан да тіліп түседі. Бектастың портреті мен іс-әрекетін, жан дүниесін жазушы бірден-бірге осылай дамытып, өрістете береді.

Бектастың мінезінде өткірлік, кейде оспадарлық да бар, бірақ оқуға зерек. Өзінен үлкен Жанбосыннын айта алмай тұрған көбейту мәселесін ол суылдатып айтып береді. Жарайсың, Бектас — деп, мұғалім мені ризашылықпен мақтайды да, Жанбосынға қарайды. Көрдің бе ананы. Ал сен өгіздей болып ап, мыңқ-мыңк етіп турасын. Ұлмайсын ба? Мен масайрап, мәртебелене түсем».

Жанбосын Бектасты осындай білгіштігі үшін жек көрсе, Бектас Жанбосынды үстіндегі бүтін киімі, қалта-сындағы ақ наны, аяғындағы бұжыр табан әдемі бәтенкесіне бола жек көреді. Балалар арасында бола беретін осындай тартыс-жанжалдарды, болмашыға елігетін бала психологиясын жазушы әдемі суреттеген.

Тұрмыс ауыртпалығы Бектасты шынықтырып өсірген. Ол екінші класта жүргенде-ақ колхоз жұмысына колқабыс береді: масақ терді, тұлықтастың атына мініп, қыр-манда астық бастырады. Ауыр азаптан арыла алмай жүргенде, жығылған үстіне жұдырық дегендей, шешесі қайтыс болып, Бектас жетім қалады. Ал «жетім»деген жалғыз сөздің күйініші қанша десеңізші! «Қымбатты, жас достарым, тағдырдың мейірімсіздігінен әкесі немесе шешесі қайтыс болып, жетім қалған балалар, мүмкін сендердің араларыңда да бар шығар. Айналып қана кетейіндер, қанша араздасып жаулассаңдар да, «жетім» деген тажалдай суық сөзді айтпаңдаршы соларға! Бір соқ, етінен ет кесіп ал. Бірақ, әлгіндей деп бейшараны тілдей көрмендер! Оның адамшылық менмендігін бұл сойқан сөздің қаншалық жер етіп жойып жіберетінін түсіндіріңдер! Аяңдар!»

Шешесі өліп жетім қалып не жетіссін. Бір ғажабы — кісі есігінде жүріп оқыса да, Бектас екінші, төртінші класты мақтау грамотасымен бітіреді. Бойда кайрат, ойда көз, көңіліңде жігер болған соң, бала тұрмыстың қандай азабына болса да төзімділікпен, өміршеңдікпен қарайды. Бектасты болашаққа сүйрейтін — осындай оптимистік үміт-арманы.

Бектас өзінен де бұрын шешесінен алты айлығында қалып койған інісі Тұрдыбектік тағдырын көбірек ойлайды. Жанына көбірек бататын да соның халі. Бектас Тұрдыбектің мұндай халіне ешбір жәрдем ете алмай, шарасыздықтан қатты қайғыруда жүреді: Тұрдыбектің хал-күйі сондай аянышты. Төрт жастан асып қалса да, аяғы шықпаған, күтімсіздіктен салмешел болып қалған. «Қазір осы жолдарды жаза бастағанда, бейкүнә сәбидің сондағы кейпі көзіме елестеп, жүрегім қақ айрыла жаздайды. Ауыр үйдегі сыз еденге төселген салаба ескі құрып киіздің үстінде отырушы еді. Шашы кұлағын жауып өсіп кеткен. Бет-аузы қап-қара, кір-кожалақ. Ұп-ұзын шидей күс-күс арық қолдарымен төңірегіндегі иісі күйік сасыған дән болса теріп жеп отырады. Көйлен, дамбал деген үстінде болмайды. Кеудесі мен арқасын орап, тізе тусына дейін түсіре танып тастаған жабағы тәрізді сауыс сірә бірдекесі бар. Онысы күндіз-түні бір шешілмейді, Отыруға әбден машын болып алған, етсіз, қисық аяқтары жансыз ағаш аяқтар кұсап, астына жиылмай жайылып жатады». Бектас осындай ауыртпалықтарды бастан кешіре жүріп жетінші класты мақтау грамотасымен бітіреді. Бектас образының балаларға қандайлық әсер етіп, қалай толғақтатыны міне осындай. Повестің тілі жеңіл, оқиғасы тартымды. Әсіресе балалардың бірін-бірі ұнатулары сондай қызық, әсерлі суреттеледі: «Мені Майраға қосақтап, арқандап қойған көзге көрінбейтін ғажайып бір жіп бар. Майра — күн, мен күнбағыспын, оны көрмесем тұра алмаймын, Майра — гүл, мен — кебелекпін, қашан да Майранын төңірегінде болғым келеді». Майра мен Бектастың арасындағы татулық осындай айқын текеулермен әдемі суреттелген.

Балалардың осындай типтік образдарын жасап беруі арқылы Бердібек творчествосының жаңашылдығы, көркемдік шеберлігі, прогресшіл, идеялық-эстетикалық, мәні, халықтығы мен ұлттық ерекшелігі айқын ашылып, әсерлі көрінеді.

Қорыта айтқанда қазіргі дәуірдегі қазақ балалар әдебиетінің алдына қойған ең өзекті мәселесі — саяси күрес үстіндегі данышпандық басшылығын, өсиеттерін, әкелік қамқорлығын, оның саяси маңызын жас өспірімдерге ашып беру, түсіндіру ең басты тәрбиелік идеяға айналды. Қандай тақырыптарды қамтығымыз келсе де кеңес халқынық кеңес жастарынық бар өмірі, бар еңбегі, тіршілігі, күресі, алға қойған мақсат-мүдделері Ленин атымен, Ленин ілімімен, Ленин идеяларымен тығыз байланыста дамыды, дами береді. Оның өміршеңдігі осыған байланысты.