Сәбит Мұқанов өмірі мен балалар әдебиеті саласындағы зерттеулері

Ұлы Октябрь революциясы тудырған қазақ кеңес әдебиетінің және қазақ кеңес балалар әдебиетінің ірге тасын қалаған ардагер жазушыларымыздын бірі — Сәбит Мүқанов. Ол өзінің творчестволық өмірін әрқашан балалар өмірімен жалғастырып отырған жазушы еді.

Мұқанов балалар әдебиетіне зор баға бере келіп: «Өмірдің диалектикасы — өсу. Өсуде шек жоқ. Сондықтан өмірдің бүгін «өсіп жетті» деген бір шындығы ертеңге өлке болып қалады да, ескелең өмір ол шындықты ілгері қарай дамыта береді. Қазақ әдебиетіндегі «балалар әдебиеті аталатын жанрға да диалектикалық көзбен қарауға тиістіміз. Өткен жылдармен, әсіресе революциядан бұрынғы жылдармен салыстырғанда кеңестік дәуірде балалар әдебиеті қазақ тілінде де орасаң өсуі, жылдан-жыл биіктеп, салмақтанып, көркемденіп келе жатуы мәлім» деген болатын. Бұл қамқоршы ағанын кішкентайлар үшін үлкен әдебиет жасауға болатынын ескертуі еді. Осылай дей отырып ол өзі де қазақ кеңес балалар әдебиетіне мол үлес қосты. Сәбиттің жас өспірімдерге арнаған «Менің мектептерім» (1941), «Патшаны қуған батыр», «Бақташының баласы» (1953), «Батыр кыз» (1944), Индия жазушысы Навтежден аударған «Балалар» (1953) повестері мен әңгімелері қазақ, кеңес балалар әдебиетіне қосылған үлкен үлес, мол мұра болып қалды.

Сәбит Мүқанов 1900 жылы Қостанай облысы, Пресногорьков ауданындағы жазушының өз атымен аталатын колхозда, кедей семьясында туған. Жеті жасында әкесі-нең сегіз жасында шешесінен абрылып, жетім қалған Сәбит тұрмыстың ауыр да қасіретті күндерін басынан кешіре жүріп, он жасынан бастап, кісі есігінде жалшылық бейнетін көреді. Жетімдік қасіреті басына төнген Сәбит кісі есігінде жүріп, отыншы да, сушы да, бақыршы бала да атанып, есейе келе жылқышы да болады.

«Міне, мен — бақыршы баламын. Жасым он екіде. Қосымыз Дос пен Шошқалы аталатын екі көлдің арасындағы қалың бетегелі жазықта… Біздің баққанымыз — Тұртайдың жылқысы. Сан шамасы жеті-сегіз жүздей. Оған сол жылы біздің Жаман шұбардан үш-төрт жүздей жылқы қосылған»…,— дейді жазушы өзі туралы жазған «Өмір мектебі» деген кітабында.

Сәбит 17 жасқа дейін белгілі бір мектепте оқымаған. Тек өзінің алғыр да өжет талантының арқасында тиіп қашып жүріп, ауыл молдаларынан хаттанады. Қолжазба қиссаларды оқуға шамашарқы келіп, оны сияқты жазушылар арасында жаттап айтатын болады. Қазақ халқының ауыз-әдебиеті мұраларымен көп танысқан. Сәбиттің өз тұсынан да өлең қабілеті көрініп, ол 15 жасынан бастап өлеңді өзі шығара бастайды. Ауыл ішінде өлеңші бала атанады.

1922—1924 жылдары Сәбит Орынбордағы рабфакта оқи жүріп, орыс әдебиеті классиктерін, шығармалары мен де танысады. Осы тұста Сәбиттің өлең-мақалалары «Еңбекші қазақ», «Жас қайрат», «Лениншіл жас» газеттері мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі басылған. 1926—28 жылдары Қазақтың Мемлекеттік баспасы мен жазушылар ұйымында кызмет істейді. 1931—1935 жылдары Москвадағы қызыл профессорлар институтында оқиды. 1936—1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының председателі қызметін атқарды. Міне, осы жылдар арасында «Теміртас» романы мен «Ақ аю» поэмасы және бірнеше өлең, әңгімелері басылды. 1938 жылдан 1941 жылға дейін Сәбиттік «Жұмбақ жалау», «Менің мектептерім», «Балуан шолақ» атты романдары шықты.

¥лы Отан соғысы жылдарында (1943—1951) Сәбит Мұқанов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасынын председателі қызметін атқарды. Бұл жылдары оның «Сырдария», «Тында туған байлык», «Мөлдір махаббат», «Есею жылдары» атты романдары мен «Саяхаттар», «Туған жердік тыңында», «Алыптык адымдары» атты очерктері оқырмандар қолына тиеді.

С. Мұқанов 1947 жылдан 1973 жылға дейін Қазак ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Қазақ ССР Ғылым академиясымың академигі, Бүкіл Одақтық бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшесі болды. Кеңес әдебиетін дамытудағы қажырлы еңбектері үшін Сәбит Мұканов екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі рет Ленин ордені мен наградталды. С. Мұқанов 1973 жылы қайтыс болды.

Ниет — өзінің осындай шығармаларымен жас өспірімдерді ұстамдылыққа, батылдыққа, тәртіптілікке, еңбек сұюшілікке және күнделікті өмірде кездесетін ерлік дәс-түрлерге баулып отыруды көздеген. Егер сен күнделікті өмірде төзімділікке, ұстамдылыққа дағдыланбасаң, сенен нағыз еңбекқор, батыр адам шықпайды деген ұғым-ды білдіреді. Осындай зандылыққа сүйенген жазушы дәуіріміздің ең жақсы, ең өнегелі, ең үлгілі жақтарын суреттеп беруді көздеген, өйткені кеңес балалар әдебиетінің ең басты қасиеті — жас өспірімдерді тәрбиелеу мәселесінде өзіне ең үлкен, ең озық, міндеттерді жүктейді. Себебі ондағы тәрбие мәселесі кеңестік педагогиканың нағыз ғылымдың зандарына негізделген.

Сәбит «Бақташының баласы» атты бұл шығармасында өмір жолын көрсететін колхоз аулының нағыз өз тұрмысын суреттеп берген. Колхоз шаруашылышна жаны ашып, өз өмірін сол жолға сарп еткен Бектас қария мен Жандостың колхоз малын ит-құстан корап, сақтауды ғана алдарына зор мақсат етіп қойған патриот адамдар екенін көрсетеді. Жазушы барлық жағдайда да келешек коммунизм ісі үшін саналы күрескерлердің, еңбекті сүйетін еркі күшті Жандос сияқты адамдарды, қоғамшыл және қандай қиындықты болса да жеңе алатын төзімді, еңбек үстінде шыныкқан патриоттарды, Іскер адамдарды үлгі етіп көрсетуді алға қойғаны шығармадан бірден-ақ көрінеді.Мұндай шығармалар балаларды өмірге жанасымды етіп тәрбиелеуде үлкен роль атқарады. Жастайынан еңбек үстінде шы-ныққан, колхоз шаруашылығын бес саусағындай білетін Жандос өсе келе Ленин атындағы колхоздың мақтаулы председателі болуы да еңбек үстінде тәрбиеленіп жетілгендіктің дәлелі. Мектепте жалаң теориялық материалдарды ғана жаттаумен өмір тану өте қиын екені қазірде айқын танылды. Біз қазіргі жағдайда мектептен оқыған теориялық білімдерді өмірмен, өндірістік іспен тығыз байланыста жүргізіп, іске араласа, көре жүріп үйренуден ғана үлкен іскерліктің туатынын көріп отырмыз. Сәбит Мұқанов «Бақташының баласы» деген повесінде Жандос образы арқылы теориялық білім мен практикалық істің байланысынан шыққан жемісті жас өспірімдерге үлгі етіп көрсетіп отыр. Бұл повестің оқиғасы да, тақырыбы да балалардың өздеріне таныс құбылыс арқылы суреттеледі. Композициялық құрылымы да қызық. Балалардың қиялын қызықтырып, оларды үлкен арманға, эстетикалық идеалға, әрекетке, өздері қызығатын іске қарай баулиды. Соған орай Сәбиттің тілі де өте қарапайым, жатық, тіл. Сөйлемдері ықшамды, шағын болғандықтан, айтайын деген ойлары да айқын суреттеледі.

«Балаларға жақсы тәрбие берумен қатар, Сәбиттің бұл повесінін басты ерекшеліктерінің тағы бір жақсы көрінісі — тілінің көркемдігі мен айқындығында.

«БАТЫР ҚЫЗ» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ МӘНШҮК ОБРАЗЫ

Қазақ кеңес балалар әдебиетінен елеулі орын алатын Сәбит Мұқановтың тағы бір шығармасы ол—Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметованың өзіне арнайы жазған «Батыр қыз» атты әңгімесі. Бұл әңгіме балаларды кеңестік патриотизм рухында және отаншыл етіп тәрбиелеуде ең басты елеулі роль атқарады. «Батыр қыз» әңгімесінде коммунизм идеясымен қаруланған жас өспірімнің үздік сипатта қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері мен оның сондайлық қайсарлығы, тапжылмас өжеттігі көрінеді. Әңгіменің композициясы да басты кейіпкердің өз халқы мен Отаны алдында саналы түрде аянбай қызмет етуге кіріскенін көрсетуге құрылған. Әңгіме құрылысының қызықтығы, тартымдылығы сондай, оның әрбір елеулі кезендерінде майданға араласқан Мәншүктің рухани өскені, қажырлы қайратына мініп, жауға деген қаталдығының арта түскені айқын көрініп отырады.

Әңгіменің алғашқы бет алысында Мәншүкке әлі де таныс емес майдан оқиғасы сөз болады. Таудай талабы еш нәрседен қайтпаған жауынгер Мәншүк майданның алдыңғы шебіне амалсыздан сумен жүзіп өтпек болған отрядка: «Менің де қосылғым келеді, жолдас капитан» деген өтінішін орындамаған Ушаковқа қатты ренжігенде Ушаков оған: «Сен бекінісін бермегенді батыр деп ойла»1—деп, оған ақыл айтады. Осының өзі Мәншүкке үлкен сабақ болады да, бұл қағида оның жүрегінен берік орын алады. Мәншүк үшін ендігі мақсат бір қадам да шегінбеу, жаудың шабуылын тойтарыл тастап, оларды артына қарайлатпай, батысқа үздіксіз жөңкілте куып отыру болады. Міне осы сертінде түрған Мәншүк кескілескен шайқас, оқты сұрапыл үстілде жалғыз өзі фашистердің шабуылына карсы тұрып, оларды шетінен жусатып салады. Жазушы өзінің кейіпкерін осындай қатал сыннан өткізе отырып, қиын-қыстау кезеңдерде одан оның өз шешімін, өзінің тапқырлығы мен сұрапыл шайқас үстінде көрсететін қайсарлығын, табандылығын талап етіп отырады.

Әңгіменің орта шені сұрапыл соғыстың қиян-кескі шабуылын суреттеуге арналған. Сәбит Мәншүктің қатал сыннан өткен әлденеше ерлік істерін көтеріңкі серпінмен мақтаныш ете, оны үлгі ете суреттейді.

«Бурқырағаншаңның арасындаұйпа-тұйпа бола калған Мәншүк мина денесінің қай жерін жараласа да ауыр жараланғанын сезді, өйткені, қай тамыры қырқылса да, жүрегін тартып әкетіп барады… Сонда да есінен танбаған Мәншүк жалма-жан тұра берді де, қиран ете калды. Тағы ұмтылып еді, тағы құлады. «Апырау, не болған маған» деген оймен ауырған аяғын ашып көрсе, тізеден төменгі жағы былқылдап бос жатыр… Жирыл-ған еттен қан сорғалап ағып түр жүрегі дір ете қалған ол, жау жаққа қараса, жапырлай ұмтылған жау жақындап қапты. Сасқан Мәншүк жарасын байларлықтай еш нәрсе табылмаған соға, белдемшесінін оң жақ етегін дыр еткізіп қақ айырды да, жаралы аяғың шымқай орап, ағытқан қайыс белбеумең тас қып байлады. Содан кейін бір тізе, екі шынтағымен жылжып пулеметке жетсе, айналасында сөреге жайған құрттай қаз қатар тізбектеле жатқан оқтаулы ленталар. Мәншүк есінен жаралануы шығып кетіп, жапа-тармағай жақындап қалған жауға лулеметтен оқ шашып қоя берді. Жау шапқан шөптей оталып кеп түсті.» Жау еселенген армиясын канша төксе де өз сертінде берік тұрған Мәншүк өз бекінісінен бір адым да кейін шегінбейді. Бұл коллектив ортасында, совет мектебіде тәрбиеленген өнегелі жастың өз намысын, арын қорғай біліп, Бүкіл әлемге өзінің патриоттық күшің танытқан Сәбит әңгімесінде жасалған ең бірінші типтік образ. Мәншүк те Зоя Космодемянская, Олег Кошевой, Уля Громова, Лиза Чайкина, Әлия Молдағұлова сияқты өз Отанын фашист басқыншыларынан азат етуде үздік көрінген жас өспірімдер арасынан шыққан батыр азаматтардың бірі. Сонымен қатар, Сәбит бұл әңгімесінде кеңес армиясының солдаттарын фашистермен шайқаста ұлы жеңістерге қарай бастаған.

Әбілқайыр Байдялдин, генерал Галицкийдің басшылық рольдерін көрсетуге де көп көңіл бөлген. Мәншүк пен , Ибрайым сияқты жас өспірімдерді батырлыққа баулыған, олардың қолын ұлы жеңістерге жеткізіп, атағын, даңқын Бүкіл әлемге таратқан алдарындағы аға басшыларының көрсеткен ерлік істерін де әсерлі суреттеген. Өйткені автор бұл әңгімеде кеңес офицерлері мен солдаттарының арасындағы қарым-қатынастың ең бағалы жері — олардың Интернационалдық бірлік пен бірін-бірі қолдау сезімінің күшті екенін де және олардың жалпы мақсаттары жексұрын жауды талқандау үшін, Отанын жаудан босату үшін бар күш-куаттарымен ынтымақтаса кіріскендерің өзі ең басты роль атқарғаны деп түсіндіреді.

Социалистік реализм әдісімен жазылған әңгіменің осындай терең идеясы жас өспірімдерге Отан соғысы тұсындағы коммунистік моральдың ең жоғарғы түрде насихатталғанның жемісі еді деп ұқтырады. Жас өспірімдерді отаншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеуде мұндай әңгімелер балалар әдебиетінде үлкен роль атқарады.

Жазушы балаларға өзінің озат тәжірибесін, халық өмірін және еңбек адамдарынын үздік табыстарын үлгі етіп ұсынады. Жас өспірімдерге әр алуан мамандықта істейтін адамдардың еңбегін, ісін бағалауды, оларды сыйлай білуді үйретеді. Өздерін де еңбекті сүйе білуге, еқбек етуге құмартып отыруға баулиды. Отан алдында адал қызмет ету— әрбір жас азаматтың рухани азығына айналған, қанына сіңген патриоттық рух болуы керектігін естеріне салады. Сәбит Мұкановтың балалар әдебиетіндегі биік нысанасы жас өспірімдерді өз Отанына берілген патриот етіп тәрбиелеу идеясын іске асыру міндеті болып табылады.