Б. Майлиннің “Кемпірдің ертегісі” атты поэмасы

Б. Майлин(шын аты –Бимағамбет) Жармағамбетұлы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы Таран ауданында кедей шаруаның жанұясында туған . Екі жасында әкесінен айрылған Бейімбетті бай қолында сауыншы болып жүрген анасы тәрбиелейді. Жастық шағы жоқшылықпен өткен Бейімбет жеті жасқа толысымен,бұғанасы қатпастан,қозы бағуға жалданады.Ауылмолдасынан аздаған сауатын ашып , хат танығаннан кейін Бейімбет енді оқуға ынта білдіреді. Жасы 17-ге келгенде , ағайындарының жәрдемімен, Уфа қаласындағы Медресе- Ғалияға келіп оқуға түседі. Білімге сусап келген Бейінбет оқуды өте жақсы оқиды. Медресенің әдебиетке ынталы шәкірттері «Садақ» атты қолжазба журнал шығарып тұратын.Өлеңжазуға талабы бар Бейімбет көп кешікпей осы журналдың белісенді мүшесінің бірі болды. Кейін оны сол журналдың редакторы етіп сайлады. Әлеуметтік маңызы бар, дінді әжуа –сықақ ететін «Мұсылмандық белгісі» атты өлеңі, жазушылық талабының зор екндігін танытқан «Шуғаның белгісі» атты ұзақ әңгімесі осы «Садақ» журналында жарияланады.

1915 ж науқастануының салдарынан Бейімбет медресе оқуын бітіре алмай, еліне қайтады. Олоз аулында екі –үш жыл мұғалім болып істейді. Халық ағарту жұмысына араласады.

Бейімбет 1922-23 жылдары Қазақстанның сол кездегі астанасы-Орынбор қаласына келіп, ондағы газет журналдарда қызмет атқарды.

1923ж Қостанайда «Жаңа ауыл» газетін ұйымдастырды .Өзінің осы тұста жазған әңгіме, очрктері, өлеңдерімен партия саясаты ел арасына жеткізді.

Бейімбет 1925ж республикамыздың жаңа орталығы болған Қызылорда қаласында «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясына қызметке шақырылады. Жазушы осы газетте жұмыс істеп жүрген кезінде «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болды.

Б.Майлин — әдебиеттің түрлі саласында еңбек еткен жазушы. Оның қаламынан тек өлең, поэмалар ғана емес, сонымен бірге сан алуан көркем очерктер, фельетон, мақалалар, әңгімелер мен повестер түйдектеліп шығып жататын.

Өлең кестесінің шебер көмекшісі, құлақ құршын қандыратын ділмар әңгімеші, оқиға жартысын қиыннан қиюластыра білген үлкен драмматург Б.Майлин 1938ж 44 жасында қайтыс болды.

Ақындығы: Бейімбет Майлин-ақын: әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен бастады және қазақ поэзиясының дамуына өзіне лайық үлес қосты.

Майлин- реалист. Оның поэзия, проза, драматургия салаларының қай-қайсысында жазған шығармаларын алып қарасақ та , тұнып тұрған шындық; ақиқаттан ауып басқан бір де бір адымы болған емес.

Ендеше, шыншыл суреткердің әдеби туындыларының болмыс-бітімін, сыр-сипатын, қажет жағдайда тіпті күнгейімен қоса көлеңкесін сарапқа салған тұста да оның өзіне ұқсамауға, яғни ақиқат шындықтан алшақтауға болмайды.

Қазақ поэзиясының дамуына өзіндік үлес қосты дегенде біз қазақ өлеңін көркемдік жағынан еуропалық биікке көтеріп, оның мазмұнды пішінін

Қазақ поэзиясының дамуына өзіндік үлес қосты десекте біз қазақ өлеңін көркемдік жағынан еуропалық биікке көтеріп, оның мазмұныды пішінін тотының түгіндей құбылта құлпыртқан Абайдан әрі өрлетіп әкетті демейміз. Әділіне келсек, Бейімбет өлеңдерінің өрімі-жеңілі түрі, ырғағы, ұйқасы…- -Абай реформаларынан көш кейін жатады.

Майлиннің поэзиясынның қадір-қасиеті неде?

Екі нәрседе-жырлаған тақырыбында және бейнелеген образында біріншіден-Бейімбет қазақ кедейінің тұрмысы мен тіршілігін қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған аумақта, кең, терең, және жан- жақты суреттеді.

Екіншіден, Бейімбет қазақ кедейінің мінезі мен мүсін қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған деңгейде дәл, тіпті типтік ћәм символдық дәрежеде (Мырқымбай) тарихи жағынан нақты және өрбу, өсу ұстінде сомдап соқты.Осы екеуінің үстінде енді Бейімбет өлеңдері мен поэмаларының тұла бойына күн шуағындай тарап, ұшқын атып , сәуле шашып жатқан әрі жылы, әрі шымыр юморды қоссақ, жалпы Майлин ақындығының өзгелерден оқшау тек өзіне ғана тән ерекшелігі белгіленді де, оның , жоғарыда айтылғандай , қазіргі қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесі анықталды.

Бейімбет өлеңдері мен поэмаларына нағыз әдебиетшінің биік талғамы белгілеген нағыз көркемдік критерийлерін өлшем етіп, шыншыл шолу жасасқ, екі нәрселерін айрықша атау жөн ғой дейміз. Оның бірі-Майлиннің юморы мен сатирасы.

Қазақ әдебиетіндегі бұл саланы ақын өзіне дейінгі деңгейінен біршама ілгері әкетіп, біраз жетілдірген. Абайдың «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол- ақынның білімсіз бейшарасы» деген қағидасын мықтап ұстағандай, өлең ішіне басы артық сөз кіргізбеу үшін, әр сөз орнын тауып , шығарманың сюжетін, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын, жалпы өлең өрнегін өзгеше тәсілге көшіріп болған жағдайда жай баяндаудан қызық әңгімелеуге, яғни өлең-диалогке ауыстырған. Мұнысы ойдағыдай ұтымды шыққан.

Үлгі ретінде «Ыбыраймыз, Ыбыраймынды» алсақ та жетеді.

Кеше:

-Уа кімсіз?

-Ыбыраймыз.

-Жаймысыз?

-Уа, қайдан келесіз?

-Сайлаудан келеміз.

Елге ойран сап,

Ойнаудан келеміз.

Бүгін:

-Уа, кімсіз?

-Ыбыраймын.

-Жаймысың?

-Жаймын.

-Қайдан келесің?

-Соттан келемін.

Соттан емес-ау,

Оттан келемін…

Мұнда ақын қазақ байларының дәурені жүріп , дегені болып тұрған патша тұсындағы у сойқы сықпыты мен қазан төңкерісінен кейін бақ пен тақтан , байлық пен биіктен жұрдай сорлаған сиқан салыстыра, шоншарлардың кешегі қылығы мен бүгінгі құлқын бір-біріне қарам-қарсы қойып , бәрін бір кейіпкердің басына жинақтайды.Кеше «Кімсіз?» деген сұраққа «Ыбыраймыз!» деп, бір өзі барлық жуандар атынан айқайлай күпілдеген күпсер бүгін дәл сол сауалға басқа емес, бір өзінің атынан мүсәпірсіп қана «Ыбыраймын» деп міңгірлейді.Кеше «Қайдан келесің?» дегенеде тағы көпше «Сайлаудан келеміз, елге ойран сап, ойнаудан келеміз!»-деп одыраңдаса, бүгін жекеше «Соттан келемін, соттан емес-ау , оттан келемін» деп жабығады…

Өлең ешқандай баяндаусыз, не суреттеусіз, тек екі адамның өзара сөйлесуіне-сұрақ пен жауапқа ғана құрылған.

Бейімбеттің дүниеге көзін ашқаннан көрген-баққаны көбіне ауыл өмірі. Төңкерістің бұрынғы, төңкерісқарсанындағы және одан кейінгі қыр тіршілігі, дала тұрмысы. Сондықтан оның ширек ғасыр бойы, сөз өнерінін қай жанрында болсын, жазған шығармалары түгел ауыл өміріне арналуы тегін емес. Осыны өзі де білген. «Жаңа әдебиет» журналының 1931 жылғы 6—7-сандарында ол өзі туралы: «Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл туралы ғана болып келеді,— деп ашып айтты. Өндіріс өмірін суреттеуге мен әлі күнге дейін кірісе алғаным жоқ. Өйткені әлі күнге өндіріс өмірімен таныстығым жоқ».

Жә, бірақ мұнда тұрған не бар? Қазақта ауылды, даланы жырламаған ақын бар ма? Өйткені «қоғалы көлдер, құм, сулар кімдерге коныс болмаған?» (Махамбет)..

Бейімбеттің далй жырындағы — ауыл әуеніндегі өзіне дейінгілерден оқшау ерекшелік те дәл осы арадан келіп шығады.

Санің зарың — зарлайтыным өмірге,

Сеніңарың — арлайтынымөмірде.

Сен жыласаң — көзден жасым тамшылар,

Сен қуансан — қайғы шерім аршылар.

Ауыл өміріне кедей мүддесі мен мұратының тұрғысынан қараған Бейімбет шығармаларының идеялық мазмұнында, сөз жоқ, казақ , қоғамындағы қилы-қилы қайшылықтар, адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктер желі тартып жатты.

1915 жылы жазған «Жазғы қалып» деген өлеңінде ақын қыс өтіп, жаз жетіп, табиғат түлеп өзгергенмен ауыл өміріндегі атам заманнан келе жатқан ескілік, кертартпа салт-сана, «жер дауы, жесір дауы — кесір дауы» әлі өзгермей, «қыс болса, әмеңгерге жесір сатып, аянбай көз жасына белден батып» жүрген «ақсақал, қарасақалдардың» әдептен тыс нысапсыз әдет-ғұрпын а яусыз әшкерелейді.

Ауылда деген өлеңінде автор надан ортада үйден-үйге қыдырып «ет те шай — тапқаны тек тамақ ішкен» қаракетсіз жалқауларды сынаса, «Садақбайда» ел ішін алтайдай бүлдіріп, топ, жік партия құрып, жұртты орға жықпақ болып жүрген саяси ала -аяқтарды түйрейді.