Парижде Александр Дюмаға ескерткіш орнатылған. Ол креслоға жайғасып алып, ұзақ та қиын, бірақ кісі жаны жай табатын еңбектен кейін тынығып отырған тәрізді, ал биік тұрғырдың жан-жағына автор даңқын асырған шығармаларының аттары ойылып жазылған. Бұл мүсін қаладан құйылған, бірақ 1883 жылы ескерткіштің ашылу салтанатында дәл айтылғандай, егер Дюманың талантына табынушы әрбір кісіден тек бір тиыннан жинағанның өзінде саф алтыннан салынған болар еді.
Александр Дюма (1802-1870) кісі есінен кетпейтін романтикалық сарындағы кейіпкерлер образының тұтас бір галериясын жасады, асар қалың оқушының сан алуан ұрпақтарының жадындажатталып қалды. Ақиқат өмірде болған тарихи кісілердің бірде-біріне кем емес. Ең алдымен оның Д’Артарьяны тап сондай герой. Ол өзін жасаған автормен бірдей ескерткіш қойылатын кейіпкерлер қатарына жатады. Жазушының жан тыныштығын күзетіп тұрғандай-ақ, ер жүрек мушкатер шпагасын жалаңаштап Дюманың Париждегі ескерткішінің етегіне жайғасқан. Арада жарт ы ғасыр өткеннен туып-өскен Гасконь уәлтятының орталығы Ош қаласында Д’Артарьяның өзі де тұғырға көтерілді. Егер біз бұл мүсін романтист әлгі жалған мемуарын туындысына пайдаланатын нағыз Д’Артарьянға емес, Дюманың кейіпкерінің құрметіне құйылған десек қателеспейміз.
Александар Дюма жырына қосқан таңғажайып Госконга Ош қаласында ескерткіштің ашылу салтанатына, 1931 жылдың 12 шілдеде (июльде) орыс жазушысы А.М.Куприн қатысқан осы оқиға туралы репортажында былай деп жазды: «Жазушының таланты сөзі қандай кремет, қандай құдіретті десеңші. Ол өмірге шақырып әкеліп, әсерлеп жырға қосқан обзардары жүздеген жылдар жасап, миллиондаған оқушыларға тарайды. Оларды адамзаттың мәңгі серіктері деп атауға болады». «Сондай қимас достар қатарына кәнігі француз және Д’Артарьян да жатады. Қандай ғажайып тұлға! Кедейлік пен тәкаппарлық, ысырапқорлық пен үнемшілдік, көзсіз ерлік пен ақ жүрек биязылық бір басынан табылады…»
әдеби кітаптардың көңілге қонған кейіпкерішынында да кісінің өмір серігіне айналады. Куприннің «Төртінші мушкатер» образының өмірлік күші жөнінде айтқан сөздерімен ағылшын жазушысы Р.Л.Стивенсонның сөзі үндесіп жатыр: «Шекспирден кейінгі менің ең қадірлі қымбатты досым шамасы, Д’Артарьян болар… Адамгершілік қасиетке толы, өзгеше жүрек тебірентерлік осындай жанды мен тіпті білмеймін де…»
Дюма жөнінде жазылған еңбектердің кез келгенінде оны жақсы көрген «Ұлы оқырмандардың» ұзақ тізімі беріледі. Олардың ішінде Маркс пен Гейне, Толстой мен Достоевский, Чехов пен Мендеелев, Бальзак пен Флюбер, Гюго мен Мериме бар. Солардың абырой беделіне сүйеніп, Дюманың жазушылық салмағын арттыра түсетін кісі келеді, өйткені кейбір зерттеуші сыншылар, оны оқушының көңілін көтеріп, еліктіру үшін оқиғаны бетінен қарпып, ұдайы жеңіл көшеді де отырады деп кемітеді. әрине, мұндай сынды әдетте қызықты хикаялы шытырман оқиғалы романды «Үлкен», «байсалды» әдебиет қатарына қосқысы келмейтіндер айтады. Ал, расында шытырман оқиғалы әдебиет егер оны кәсіпқорлар емес, шын шеберлер жасаған болса-нағыз әдебиеттен тіпті де кем түспейді, оның өзіндік ерекшелігі заңы мен дәстүрі, классиктері болады. «Классик» деген сөзді түсіндіре келе, әдетте, сөздік: шығармаларының маңызы ғасырлар бойы өшпейтін, күллі жұрт таныған ұлы жазушыларды классик деп атайды, деп жазды. Мейлі қатал сыншылар Дюманы «ұлы» деп атаудан ат тонын ала қашып, оны «аса көрнекті», «талантты», «мәшһүр» деп қанша атаса да бәрібір ол-нағыз классик, өйткені өзі таңдап алған жанрда Дюмадан өткен және одан әйгілі жазушы болып көрген емес. Міне, қаншама жылдар бойы әр құрлықтың адамдары оның кітаптарын бас алмай оқып келеді «Дюманың күллі шығармаларын ешкім де түгел оқып шыққан емес, бірақ Дюманы бүкіл жер шары оқыған»,- дейді осы жәйт туралы Андре Моруа аса ұлы әңгімешінің өмірбаянын әңгімелей келіп.
«Өмір-ақиқат дүниеде болып өткен роман» деген қанатты сөз А.Дюманың өмірбаянына әбден сай келеді. Сол романның талай қызық беттері бар. Дюма өз дәуірінің 1830 және 1848 жылғы революциялары сияқты өзекті оқиғаларға белсене қатысқан. Ол Италияның бірлігі мен тәуелсіздігі жолындағы күресті басқарған. Гарибольдидің досы болған, Неаполь және Сицилия жорықтарында соның қасында жүрген. Әлемді аралағанда оның өз басында талай-талай қызық жәйттер өткен. Дюмада кісіні зеріктіретін туынды жоқ, ал оның өз өмірінің романы кісіні зеріктірмейді.
Жазушының шыққан тегі де, өзінің кітаптары сияқты жатқан бір романтика. Оның әкесі француз маркизі мен Сан-Даминго ұлы революциясы жылдарында сұлу жігіт қарапайым атты сарбаздан генералға дейінгі жолдыбір-ақ секіріп өте шығады. Қара торы алып Напалеон Бонопарттың қарауында Италия мен Египетте қаһармандықпен шайқасады. Бірақ азамат Бонопарт әуелі Консул, сосын император Напалеон атанған кезде Дюма республикалық сенім-нанымы үшін қуғынға ұшырайды. Революция толқыны мен асқақтап кеткен билеуші енді өзіне берілген бонопартшыларды табанды қайсар республикашылардан көп көрнеу артық санайды. Сол себепті де кереметтей солдат болғанымен, саясаттан махрұм қалған турашыл генерал билеушінің қырына алынып, өмірінің соңғы кезеңін Парижден қол созым жердегі Вилле-Котре деген шағын қалада соның төңірегінде өткізеді.
Қанша тән жарасынан қажымаған сабаз жан жарасына шыдай алмай қырық төрт (44) жасында дүние салады, артында төрт (4) жасар ұлы Александр жетім қалады.
Әкесінің баласына оның қаһармандық даңқы, қызу қанды мінезі мен дудар шашы ғана мұра болып қалады. Ал, тірлікте қажет қаражат жағына келсек, о жағы жоқтың қасы болатын. Генералдың жинаған қаржысы жоқ екен, ал, оның жесіріне (пенсия) зейнетақы бермей қояды, сосын апасы ұлына жеткілікті білім, тәрбие бере алмайды. Бала, оқуды, жазуды, ғана білгені болмаса, латын тілі мен арифметикағы қырсыз болып шығады.