Байрон өлеңдері Қ.Бекқожин аудармасында

Бұл өлең жолдарын Қ.Бекхожин еркін аударған.

К.Бекхожин:

Еркін бөбек боламын мен,

Ойнақтаймын туған тауда.

Тербелемін толқынменен,

Сайраңдаймын бақша бауда.

Мен еркіндік жаным бар да,

Сүймен саксон қырсықты елін

Артық көрем мен онан да

Жартасты ұрған судың селін

1809-1811 ж.ж. Байрон Еуропа елдеріне саяхат шегіп, оңтүстік Еуропаны аралайды.

1812-1817 жылдар екінші кезең. Бұл өте күрделі кезең десе болады. «Чайльд Гарольдтің» үшінші, төртінші өлеңі шықты, «Шығыстық циклдар», («Восточные поэмы»), «Прометей» т.б.

1817-1824. Күресу жылдары.

1817 жылы- «Тассо шығымы» («Жалобы Тассо»)-тақырыбы махаббат пен түңілу; «Манфред» атты филофосиялық-символикалық драмалық поэмасында билік пен байлықты мақсат етпейтін діндер безген, өр мінез, өзімшіл кейіпкерлер суреттеледі.

1812 жылы шыққан «Чайльд Гарольдтен» кейін Байрон бір күнде Еуропаға атағы кеңінен тараған даңқты ақын ретінде мойындалды. Шығармаларында өзімшіл, қатыгез тәкаппар бүлікшіл, романтикалық бейнені сомдады.

Басты кейіпкер Чайльд Гарольд бірінші өлеңде қолына музыкалық аспабын алып қоштасу жырын бастайды. Қоштасу сәтте: жас аристократ – сһіld-серілік өмірдің үлгісін ұстаған, бірақ әлі серілікті қабылдамаған жігітгік дәуренін суреттейді. Өмірден, ойын сауық куған ортасынан тойған, «ештеңеге кейімейді, ешкімді есіне алмайды».

Шығыс-Байронның ерекше сүйген жері, ерекше үміт артқан елі Испания мен Португалия суреттер. Бұл кезде Еуропалық әскерлер осында соғыс жүргізіп жатқан еді, ол жайындағы Байронның деректері, ресми деректерден өзгеше болды, ал Чайльд Гарольд болса жаңа кейіпкер. Поэманың аталуы, басты кейіпкері Чайльд Гарольд болғанымен, бұл Байронның идеялық-эстетикалық жоспарында сырттағы кейнжер десе болады.

Абидостық қалыңдық» (1813) — бұл да махаббат туралы. Басты кейіпкері Селим, немере ағасы Гефальдың сарайында тұрады. Гефальдың қызы Зылихаға ғашық, бірақ әкесі оны Қарасман бейге беруге уәделескен. Шығарманың сюжеті «Гамлетті» еске түсіреді. Гефал бір кезде Селимнің әкесін (өзінің бауырын) өлтіріп мал-мүлкін, байлығын иемденіп кеткен, енді Селим кек алудың жоспарын құруда. Қарақшылар тобын жасақтап Гефалға қарсы шыққан Селим шайқаста мерт болады. Зылиқа сүйіктісінің өлімінен кейін қайғыдан өледі.

Ақыңдық кемеліне келіп, толысқан шағында Байрон үлкен эпикалық шығармаға бет бұрды. 1823-1828 жылдарда үлкен жоспарлы, панорамасы кең эпикалық сатира (еріс sаtіrе) суретін жасамақ болған. Үлкен оқиғаларға толы «Дон-Жуанның» он алты өлеңін жарыққа шығаруға қыруар еңбек етті. Шұрайлы шумақтардан, тартымды тармақтардан тұратын соңғы роман-поэмасы толық аяқталып тиянақталмады.

27 – ЛЕКЦИЯ