Рим қаласы Италиядағы Тибр өзенінің жағасынан ірге көтерді. Бұл ел адамдарының өмір сүруі үшін аса қолайлы. Апенин түбегіне орналасқан. Мұндағы ау райы қоңыржай, егістік жер, мал бағуға жайылым мол, жүзімдікпен бау- бақша өсіруге де жер жетерлік. Грецияға қарағанда жауын көп жауады. Түбектің өн бойына құрылыс тасы мен металға бай жатаған таулар тізбектеле созылып жатады. Б.з.д. 1-мыңжылдықта Италияны көптеген халықтар мекендеген.
Ежелгі Рим әдебиеті.
Рим іргесінің қалануы туралы аңызы.
Бір заманда Тибр өзенінің сол жағалауын латындар тайпасы мекендеген. Олардың көп қалаларының біреуін Нумитор деген патша билепті. Патшаның кенже інісі Амулий зұлым және қызғаншақ болады. Ол Нумитордан үкімет билігін тартып алады да, патшаның қызы Рея Сильвияны еріксіз шырақшылыққа – от пен үй ошағының құдайы Вестаның храмына абыз етіп қояды.
Веста храмының ішінде тұрып, әйел- құдайдың ошағына отын салып отыруға міндетті болады. Басқа шырақшылар секілді бұл қыздың да күйеуге шығып, бала сүйюіне тыйым салынады. Алайда жыл өтпей Рея Сильвия егіз ұл табады. Жас ару балалардыңәкесі соғыс құдай Марстың өзі деп ант-су ішіп иландырады. Бұл хабарды естіген қаныпезер Амулий егіз баланы Тибр өзеніне батырып, олардың шешесін қараңғы зынданға қамауды бұйырады. Қызметкерлер балалар салынған себетті өзенге қарай алып жүреді.
Тибр буырқана тасып, құмдауыт пен иен жағалауға су қаптаған кез. Қызметкерлер себетті тайыз суға тастай салып, кері қайтады. Себет бір ағаштың бұтағына ілініп қалады да, суға батпайцды. Егіз баланың шырқыраған дауысын естіген бір қасқыр жетіп келеді. Балаларды тілімен жалап тұрып, еміренеемізіп кетеді. Соларада бір бақташы балалар салынған себетті көреді де, үйіне алып барады.
Бақташы мен әйелі тауып алған балаларға Ромул және Рем деп ат қояды. Оларды қайсар және күшті етіп тәрбиелейді. Егіздер ұзақ жыл мал бағып, аң аулап өмір сүреді. Ал өздерінің қалай туылғаныныңсырын білгеннен кейін, кек алудың жолын ойластыра бстайды. Дос – жарандарын қаруландырып, патша сарайына басып кіредіде, Амулийді өлтіреді. Аталарын, қарт Нумиторды алып келіп патшалық тағына қайта отырғызады. Енді егіз бала өздерін қасқыр емізген жерге жаңа қала салуды ұйғарады. Сол арада ағайындылар ерегісі қалады: Рем қала салу үшін жағалауға жақан жотаның үстін таңдайды. Ол қорғанның дуалын бастағанда, Рем мазақтап дуалдан ара — бері секіреді.Ромул бұған ызаланып салып жібереді. Соққы жеген Рем жан тапсырады. Содан Ромул Римнің тұңғыш патшасы болады.