Поэмада әсем құлпырған, өзендері толқып аққан, тау жоталары ағараңдап көз тартқан Грекия көрінісі әсем бейнеленген. Сол заман батырларына мекен болған Грекияның таулы өлкесін, шүйгін даласын грек тайпалары: ахейліктер, фессалиялықтар, аргивяндар, локрлер, феспроттар, феспроттар, эпейліктер, мекендеген. Гүлденген Беотияны мекендеушілер жер шаруашылығымен айналысса, Осса мен Пелмон тауларының жайлауларында үйір-үйір жылқылар жайылған. Эгей теңізінің жағаулары жүзім өсіруге қолайлы. Аркедия жайылымдарына қой-шошқа өсіру қолға алынды. Наксос, Лесбос, Хиос аралдарына жасалған шарап Грецияда, Кіші Азияның барлық қалаларында жоғары бағаланған.
Грек халқының өмірі үнемі мамыражай, бибіт бола бермеген. Кейбір тайпалар шұрайлы жер үшін, жорық олжасы үшін бір-бірімен үнеми қырғи-қабақ болып, соғысып та отырған. Мұндай соғыстарда құл етерлік тұтқындарды қолға көбірек түсіруге ерекше күш жұмсаған. Өйткені, гректердің шаруашылығын атқару міндеті құлдардың мойында болатын.
Кейде әскери жорықтар ұзаққа созылып, қырғын қан төгіске ұласатын. Грек халқының есінде ұзақ сақталған сондай бір ұлы жорықтар баяндайтын аңыз-Троя сұрапылы туралы.
Жерорта теңізі мен Мрамор теңізін қосып жатқан Дарданелл бұғазының Оңтүстік жағалауында бір кездерде ескілікті Троя қаласы болған. Бұл байлыққа бөккен, халқы орта қала еді. Оның іргесін өткен сауда кемелері Кіші Азиядан шығып, Қара теңіздің шұрайлы жағалауына қарай шұбап жататын. Аңыздың айтуынша, бір кездерде Кіші Азияға әскери жорық жасау үшін грек тайпалары біріккен екен. Олар Эгей теңізін қиып өтіп, Трояны қоршауға алыпты. Содан он жылға созылған қан төгістен кейін ғана грек әскерлері қорғаны берік қаланы алып, талқандаған.
Трояның қоршауға алған кезін біздің дәуірімізден бұрынғы 1200 жылдар деген жорамалдар бар. Ешқандай құжат (документ) жоқ. Көз көргендердің айтуы бойынша кезбе жыршылар жырға қосып, Грецияның қалың аралдары мен қалаларына және грек тілін түсінетін отар елдер арасына таратыла отырған.
Халықтың думанды тойларында салтанатты бас қосуларда жыршылар аяулы батырлардың ерлігін жырға қосатын. Мұндай алапаты артық Ахилпес, ақылына айласы сай Одиссей, мейірімді де батыл Диамид, дана қария нестор, қайрат күшімен даңқы шыққан Аякс ерлер бірінен соң бірі сөз болған. Олардың даңқты жеңісі мен қайтар жолында көрген азапты сапарын баяндайтын жырды тыңдаудан халық еш уақытта жалықпайтын.
Арада 400 жыл өткенде Гомер есімді әйгілі жыршы осынау аңыз-әңгімелерді негізге ала отырып, Троя сұрапылы туралы үлкен поэма шығарған: бұл поэманы күні бүгінге дейін «Иллада» деп атайды.
Көп замандар бойы бұл поэма аңыздан-аңызға жатталып келді. Арада әлденеше ғасыр өткене соң сауаты гректер қағаз бетіне түсірген.
Осы кезде Гомердің туындысы деп танылған екінші бір поэмада қағаз бетіне түскен. 1-ші «Илладаның» жалғасы іспеттес бұл поэмада Троя соғысына қатысқан айтулы батырлардың бірі 2-ші «Одиссей» патшаның кейінгі өмірі әңгімеледі. Ол 2-ші «Одиссей» деп аталған кішкене ғана гректердіңі ақыны дүниеге әкелген осынау қос поэма өзінің ғажайып өміріндегімен қайран қалдырды. Осы поэмада баяндалатын оқиғалар шыны мен рас па екен? Мұндағы батырлар өмірде болған ба? Әлде халық қиялында туған бейнелерді «Илладаны» шығарушы ақын әсірелеп, көркемдеп жіберді ме? –дегендей сұрақтар әркезде әркімдерді де мазалаған.
Гомер поэмаларының көркемдік құдіретінің күштілігі сонша мұндағы оқиғалары мен мәнісінде болды деген сенімді табан тіресе қорғаушылар әр кезде де табылып отырған. Бұл сияқты мұқалмас сенімдер шындықтың ушығын табуға себепті болды да. Осы орайда алдымен аңызға неміс ғалымы Шлиманды аламыз.
Шлианның басты мақсаты-Гомердің әйгілі Илион-Трояның орнын тауып қазба жұмысын жүргізу болатын.
Бұл мақсатына жетті де. Қала орны қазіргі Түркия жеріне қарасты Дарданелл бұғазының Кіші Азия жақ жағалауындағы Гиссарлық деп аталатын төбешік екені анықталды. Ол осы қазу жұмысы үстінде оның бір ғана қала емес екендігін, бірінің үстіне екіншісі салынған әлденеше қала екенін анықтайды. Ол ең алдымен ерте дүниедегі аты аңызға аңызға айналған қаланың өмірде бол қаланың өмірде болғанын дәлелдеп, бүкіл әлемді елең еткізеді «Илладаның» негізінде шындықтың бар екеніне сендірді де. Бұл күндері шын мәнісінде біздің дәуірімізге дейінгі XII ғасырда Троя VII сыртқы жаудың өрт қойып, ойрандауымен қирағаны дәлелденіп отыр. Рас, грек әскеріне «алтынға малынған Микенің» патшасы Агаменнан қолбасшы болоды ма, әлде жоқ па, ол жағы белгісіз. Оның есесіне сол кездегі тоз-тоз болған грек тайпаларына бас болған грек патшалығының ең бай, ең қуатты қаласы мен мекені екені анық.
Біз «Иллада» батырлары-Ахиллестің, Одиссейдің, Нестордың, Аякстардың, Агаменнонның, Диомедтін, Гектордың шын мәнісінде кімдер болғанын біле алмауымыз мүмкін. Оның есесіне поэмада айтылатыны сол адамдардың өміріне, бір-біріне қатынасына, салт-санасына, арман мақсаттарына әбден илана аламыз.
Ертедегі гректер мал баққан және егіншілікпен шұғылданған. Жұмыс тәсілдері де өте қарапайым еді.
Сол кездің өзінде-ақ гректер бай, кедей болып бөлінетін, алайда ауқаттылардың тіршілік тынысын қара халықпен салыстырғанды айтарлықтай айырмашылық болмаған.
Алыс жорықтардан көбінесе күңдер әкелінген. Олар өздерінің әйел қожаларына қызмет етуге міндетті еді. Тайпалар ішіндегі ең белгілі жанұядан (тайпа көсемі, патша) сайланған. Ол ру басыларымен біріге отырып, бүкіл тайпасы басқарған. Базилевстің міндеті-тайпаның мұңсыз, қамсыз тіршілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жорық кездерінде тәжірибелі, ер жүрек әскер басы болу.
Әрбір тайпа өз көсемі-Базилевстің соңына ерген, әсіресе жорық кездерінде қатаң тәртіппен бағынған. Осы дәстүрді сақтай отырып, Гомер Троя соғысындағы көсемдері нағыз халықтың батыр етіп көрсетеді.
Ер жүрек, күшті жауынгерлер өзінің рухына, отанына, достарына тайпаластарына жантәнімен берілген. Олар қашан да батыл, әрі әділ. Сондықтанда ақын оларды орынсыз әспелемей, адамға тән алуан, түрлі әлсіздік-кемшіліктерімен бейнелеп, жіптен жай дүниесіндегі зор өзгерістер де аса нанымды көрсетіп отырады. «халық көсемі» құдіретті Агамемнан бірде ашқарақ, бірде өзімшіл, енді бірде қарапайым жауынгердің алдында менмендігімен көрінеді, бірақ соның бәрінде де, ол халықтың қамын ойлап, талап-тілегін орындап отыруға міндетті ол бір сөзінде: «халық басындағы қасірет үшін мені күйдірмесе болғаны»,-дейді. Тіптен өзінің ашу-ызасын да, өзімшілдігін де тежеп, көсем Ахилеспен бітімге келу үшін, ахей әскерлерін қолдап, ұрысқа шығу үшін оған елшілерін жіберді. Ал, ажалды пенденің данасы, «ақал айласы асқан», Одиссей патша ашушаң, кекшіл, өзімшіл болып көрінеді. Бірақ жолдасы үшін жанын беретін ешбір қауіп қатерден қаймықпайтын батыр.
«Илладағы» алапаты артық батырлардың бірі-Ахилес қайтпас қайсар, араша бермес ашушаң, тіптен қайрымсыз қатал болып та келетін жан. Бірақ, бойындағы сол әлсіздіктердің бәрін жан дүниесіндегі мейірбандыққа ауыздықта та алады, ашуды ақылға жеңдіріп отырады. Гректер Ахилесті батырлардың ішіндегі ең құдіреттісі санаған. Тегін адам емес, құдайлардың баласы деп оның құдайдан жаралғандығы туралы аңыз-әңгімелер айтатын болған. Алғашқы қауымдық жағдайдан жаңа аттаған гректер өресі жетпес істің барлығын да құдайлардың құдіретіне танған.
Грек поэмаларындағы мәңгі өлмес құдай бейнелерінің адамдарды үнемі желеп-жебеп немесе қудалап жүретіні де сондықтан. Батырлардың басына тап болған әрекет атаулығы құдайлар да қатысты. Солай болса да, поэманы ойдан шығарылған, қисынсыз дүние деп қабылдай алмаймыз. Құдайлардың қиял-ғажайып бейнелері поэмсадағы адамдар өміріне қатысты шындықты еш көмескелемейді.
Даналық құдайы Афина, сұлулық пен махаббат құдайы Афродта, соғыс құдайы Арей, егіз құдай Апаллон, мен оның қарындасы өлеңнің, ән-күйдің, бидің желеп-жебеушісі Артемида, сияқты толып жатқан бас құдайлар әлдеқайда құдіретті. Олардың бәрі де бір-бірімен сүйеп шатыс болып келеді де, ақсүйектер руын құрайды. Ру басы құдайлар мен адамдардың тәңірі-найзағай ойнатқыш-Зевс.
Ертедегі гректердің құдіретті құдай туралы мифтерінен адам өмірінің бақытқа кенелуін қайғы-мұңсыз-ауру-сырқаусыз, мәңгі жастықта болуын армандау айқын аңғарылып отырады. Гректердің Троя жасаған ұлы шабуылында құдайлар да екі топқа бөлініп алады: күміс жебелі құдай Апполон мен тәтті күлкінің тәңірі Афродита троялықтар жағында болады; ал Зевстің жауынгер де дана қызы Афина, теңіз құдай Посейдон және басқа да құдіретті күшті құдайлар гректерге көмектеседі. Кейін Посейден Одиссейге ашуланып.