Антикалық әдебиет (лат antiymus — ежелгі) ежелгі грек рим әдебиеттерін қамтиды. Ежелгі гректе жалпы рулық методологияда өмір сүрді. Олар үшін осылай туыстық қарым-қатынастар айтарлықтай түсінікті болды. Тіпті олар табиғат пен әлемді де туыстық қатынаста деген ой айтты.
Мифология – туыст ық қатынас формациясының методологиясы болып табылады.
Антикалық әдебиет 1200 жылдай уақытты қамтыған. Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала Мемлекетте туды. Б.э.дейінгі VII ғасырдың аяғына дейін мұнда ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандар жәнеАнаксимен өмір сүрді.
Ежелгі грек әдебиеті ескерткіштері б.з.д. VIII ғ. Мен IIIғ. Алып жатыр. Б.з.д. Vғ. Антикалық грек әдебиетінің соңы деп есептеледі.
Антикалық дәуір әдебиетінің өзіндік өрлеу даму сатылары болды.
1-сатыда Классикалық дәуірге дейін әдебиет, б.э.д. 1мың жылды қамтиды. VI б.з.д. батырла жайлы поэмалар жазылған. (Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэмалары).
2-сатыда VII-IV ғ. (б.з.д.) қамтиды. Бұл – классикалық әдебиет деп аталады. Бұл кезеңде драмаға бай әдеби шығармалар пайда болды.
3-сатыда Илминистік дәуір әдебиет антикалық әдебиет соңы б.з.д. IIIғ. Б.з. Vғ. Қамтиды.
Мифология сатылары.
- Анимизм мұндағы құдайлардың фетешизм дәуірінен ерекшелігі – киімде болады. Ежелгі анимистік аңыздарда гректер Мемсо жайлы аңызды жатқызады. Сонымен қатар Эриний құдай жайлы аңыз да жатқызамын. Эриний Итбасты, болып келген құдай кейіпінде болып келеді. Ехидна және Тифон атты жерді қорғаушы құдайлардан Орф атты 50 басты ит туылады.
Ехидна Кемер атты әйел аналар жайлы аңыз матриархат кезде пайда болған.
В) Ерте классика Матриархат дәуірінен патшалық дәуіріне өту кезеңі. Бұл кезде қаһармандар жайлы, Классикалық Мифология жайлы аңыздар пайда болды. Бұл кезден аңыздар Зевс және Омилеһ құдайлар жөнінде болады.
Г) Кеш ерлік.
Ежелгі дәуірдегі әдебиеттерде құдайлардан басқа да, батырла туралы да Мифтер болған.
Мысалы: Афинаның жас батыры ержүрек Гезей туған қаласын шапқыншы жаудан қорғап адам жегіш тажал Митаврды жеңді. Өз жұртына бостандық, азаттықты алып берді. Ал Француз әншісі Орфей Француздардың мақтанышысы еді. Аргоновтардың батыры Персей бір қарасымен адамдарды тасқа айналдырған.
Ежелгі грек тарихында тарихи Оқиғалардың бірі Троя Сұрапылы. Бұл тарихи оқиғалардың идеясы ежелгі гректер өз ата-бабасының жері, мекені үшін күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалып ат үстінде ұстасқан. Күндік қаны тамған алақандай жері үшін қиямет қан төгіске барып отырды.
Ежелгі дәуір әдебиетінде Пушкиннің өлеңдерін тіпті Криловтың мысалдарында Эллада мифтерінде кездестіреміз.
Антик дүниесі ғылымының барлық жетістіктері бойына сіңіре білген Аристотельдің дүние көз қарасына терең мазмұнды материалистік және диалектикалық идеялармен қатар, идеялизмнің де элементтерін кездестіруге болады.
Фалес (625-547 жж. шамасы) дүниенің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойынша, барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің «алғашқы мәні», «бастамасы» дед қарастыру, қазіргі біздің түсінігіміз тұрғысынан алғанда, тұрпайы, аса қарапайым болғанымен, бірақ тарихи тұрғыдан алғанда Фалестің бұл ойын революциялық идея деуге болады, өйткені «бәрі пайда болады» деген пікір бұған дейін үстем болып келген «олимпиялық құдайларды жоққа шығару», яғни сайып келгенде, мифологиялық ойлаудың терістігін көрсету, сөйггіп дүниені табиғи тұрғыдан түсіндіру болып табылады
Фалестің шәкірті Анаксимандр (б.э. дейінгі 610-547 жж. шамасы) өзінің көп жылдық ізденістерінің нәтижесін «Табиғат туралы» шығармасында баяндап берді. Фалес сияқты, Анаксимандр да философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шешті, дүниенің алғашқы негіз бастамасы «апейрон» деген айқынсыз, бейнесіз бір зат (апейрон — шексіз деген ұғымды білдіреді) деп санады. Бұл пікір материяны қазіргіше түсінуге жақын