Интонация, екпін,кідіріс туралы

Радиохабарламаларға дауыс немесе дыбысырғағына байланысты өз ерекшелігі мен қолдануміндеттері туындайды. Себебі, қандай тілде болмасын,электронды ақпарат құралдарында сөйлеген сөздің ауызша бояу реңі әр қилы болып келеді. Міне осы жағдайларды ескере отырып, радоижуранлисттер өздері жүргізетін хабарлардың ролін дұрыс атқара білу керек.Бұл ретте тілдің үндестік заңын ескеру қажет.Әрбір сөздің буындарында немесе дыбыстарында өзіндік айтылу үйлесімі болуы тиіс.Мәселен алдыңғы буын мен кейінгі көршілес әріптерімен қосылып айтылатын кездерінде осы үйлесімідклік шарттарын ескермеуге болмайды.

Сондай-ақ бірнеше сөздің де белгілі бір екпінмен дауыс ырғағымен құйылып,төгіле жарасымды тұүрде табиғи айтылуы микрафондағы сөздерде ерекше қызмет атқарады.Мұның өзі беріліп отырған хабардың тыңдаушыға әсерін күшейтеді.Сондықтан дауыстың жоғары төмен,баяу не тез айтылуының радиохабар үшін мәні бар.Сол дауыс рығыында байланысты ауызша сөздің бейнеленіп естілуі пайда болады.Мұны аталмыш салада істейтіндер көңіл-күйге әсері бар деп бағалайды тартымдылық үшін қажет деп есептейді. Қалыптастырған сөз тіркестері адамныңауызша сөзіне немесе жазбаша сөзге ерекше әсер береді.Ол бейнелеу сияқты көркемділік рол де атақарады, астарлы мағына да береді. Экспертивті түрде айтылыды, көңіл-күйге әсер береді. Фразелогилық тіркестердің өз алдына бүтін мағынасы болады.

Мысалы: “Көзді ашып-жұмғанша”, “қас пен көздің арасында”, “тайға таңба басқандай”, “тонның ішкі буындай” т.б.

Мұндай сөздің әдебитте ,публистикада жиі қолданылады. Жазушылар мен журанлисттер әртүрлі жанрларда пайдаланып отырды. Радиохабарларда фразеологиялық тіркестерді ауызша сөздермен тіркетерді әсерлеу үшін,мәнерлеу үшін енгізген.

Келесібірхалықжасағанкөркемсөздермақал-мәтелдер болып табылады. Алдымен мақалдарға тоқталатын болсақ,бұл да фразеология қатарына жатын оралымдар. Себебі, мұнда да тұрақты тіркестер болғанымен, өзіндік құрылыстар мен мағынасы жағынан фразалық тіркестерден ерекшелігі де бар.Мақалдар бір немесе бірнеше жол болып та,өлең секілді шағын бір оралымды қамту мүмкін.Мұндай сөздер де халықтың ауызша тілі арқылы, ауыз әдебиеті арқылы дүниеге келіп қалыптасқан. Мақалдар да халықың өмір тәжірибесінен туған, замандар бойы елеп-екшелеп даналық, өсиет-өнерге толы мән-мазмұн жатады.Онда әртүрлі толымды ойлар, терең де,жан жақты ұлағатты, тәрбиелілік астарлар байқалады, қорытындылып жаслады. Мақалдар-көркем сөздер болып табылады. Ол мәдени сөздер блумен бірге, эстетикалық талғамды білдіретін мағыналық сөздер. Аз сөзебен көп мағына берудің үлгісі осы мақаладардан танылады.

Мысалы: “Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады”, “Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей”, “Тұз астың дәмін келтірсе,мақал сөздің сәнін келтіреді”,т.б.

Мақалдар айтуға ықшам,жеңіл блоуымен бірге,адамның көкейінде бірден жатталып қалуға ыңғайлы бьлоып кеоледі.Оның астарлары да,ауыспалы мағынасы болы мүмкін.Жазушылар мен журанлисттер мақаладарды өз материалдарына көп пайдаланады.Ол көркем ой беруге таптырмайтын сөздер.Кейде ол тиянақтау мен тірек,қорытынды жасау үшін публистикада қолданылады.

Тағы бір айтар нәрсе-қанатты сөздер.Бұл сөздер де тапқыр,өткір,дәл анық сөздер.Қанатты сөдер екпінді әрі ұшқыр ойлы болып келеді.

Журналистикада мәтелдер де, қанатты сөздер де кездеседі. Радиохабарларда мұндай сөздердің айрықша қызмет сипаты бар. Бұлар хабардың тілін көріктендіреді, мазмұнын күшейтеді.Сөзге, текке салмақты мағына береді. Тыңадушыға ой салады. Ойға, сезімге әсер етеді.Сөздің ішкі қуатын ашады.