Әрбір тіл де сөйлем мен сөзге байланысты қолданылатын тыныс белгілері бар.Оның сөз сөйлемдердің жазылуына, айтылуына, сөйлем құрылсына байланысты және мағынасына байланысты болатыны белгілі. Мұндай тыныс белгілері қазақ тілінде оншақты болып есептеледі. Сондықтан он радиоматериалдарда да сауатты түрде пайдалану эфер кезінде тиімділігін танытпақ.. Мәтіндерді радиодан диктор, актер, журналист жүргізушілердің дұрыс оқып, дұрыс айту нормасына себі тимек. Пауза жасауға керегінше көмектеседі
Пунктуация шартты белгі ретінде ертеден қолдана бастаған. Мәселен
біздің эрамыздың ІІ ғасырында Александыр қаласының шықан Аполлоній деген тіл зерттеуші ғалым сөздер мен сөйлемдер арасындағы байланыстарды қарастырғанда пунктуацияны да ескерген. Алайда ертедегі тыныс белгілер өте қарапайым. тіпті оны ескермеген жағдайлар да болван. Мәселен сөз, сөйлем аралықтарында көп нүктелер мен ромбик немесе дөңгелек белгілер ғана қойылып отырған. Ал кейбір халықтардың жазбаларында сөздер ешбір тыныс белгісінсіз-ақ тізбектеліп жазыла берген.
Тіл тарихын зррттеуші ғалымдардың пікіріне қарағанда, қазіргі қолданылып жүрген нүкте белгісі 15 ғасырда сұрау белгісі 16 ғасырда деп. леп белгісі 17 ғасырда, көп нүкте 18 ғасырда, сызықша 19 ғасырда қолданыла бастаған дейді.
Ал бүгінде сөз мәдениеті дамып, жазу өнері қалыптасқан жағдайда белгілерінің мән-маңызы ерекше. Бұл орайда бұқаралық апарат құралдары үлгі-өнеге көрсету тисі. Әрбір белгінің дұрыс тұру шарт. Сәйлемнің басында, ортасында, соңында келетінбелгілер бар, заңдылықтар бар. Тыныс белгілгері жазу мәденинтіне сай өркендейді. Бұл- әдебиет пен журналистикаға тікелей қатысты мәселе.
Радиода тыныс белгілері қиындық келтіретін сөйлемдер кездеседі. Мәселен төл сөздерді алайық. Мұнда көптеген тыныс белгілерін қоюға тура келеді,оның өзі оқу, айту мәнерін жеткізуде кедергілерге тап қылады.Сондықтан радиомәтінде мүмкіндігінше төл сөздерді төлеу сөздерге айналдырып жіберу қолайлы. Сонымен бірге сөйлем ішінде келетін қос нүкте,нүктелі үтір,сызықша,жақша,тырнақшаларды эфирден білдіру оңай емес.Кейде ондай белгісі бар сөйлемдерді дауыс ырғағы,пауза арқылы сездіргенмен,орайы келсе радиоматериалдарды өңдеп,жөндеп радиохабарға бейімдеп берген дұрыс.Цифрларды да радиода санмен емес,сөзбен жазған жөн. Бұл – эфирден материал оқығанда шатыстырмау үшін қажет.