ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОТАРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ДАЛА ӨЛКЕСІ

Аграрлық отарлау мәселесі Дала өлкесінде реформалық кезеңнен кейін ұзақ уақыт кеңістік жалғасында ғылыми-зерттеу қызығушылықтың шегінде болды. Батыс Сібірдің оңтүстік далалық белдеудегі қоныстану қозғалысын ұйымдастыру мәселесін, жер иелену мен жерді пайдалану, аграрлық негізді қалыптастыру және қоныстану саясатын ең алдымен мамандар, жалпы империя құрылысында, жаңа елдің шетін ресей мемлекетінің құрамына енгізуде екінші дәрежелі құрамдас бөлігі ретінде бөліп қараған.

Сонымен бірге, біріншіден, Дала өлкесіндегі кеңістік, ХVІІ ғасырда ресейдің геосаяси назарында тарихи енгізілген болатын, кейінгі ғасырларда, мемлекет әр түрлі дәрежедегі белсенділік пен жетістіктің нәтижесінде дала территориясындағы шеткі облыстарын иемденуге, онда орыс отырықшылық шекарасын орнатуда біршама қадам жасады. Екіншіден, маңызды мәселені мойындау керек, ресейлік билік, Орталық Азияда саяси басымдылыққа мүдделі еді, өңірде жиі ақтауға себепкер боларлық іс-әрекет жасады: мәселен, қайта қосып алынған облыстарды орнықтыруда, Іле өңірін қосудағы жетістіктер бірқатар батыл шараларды қабылдау үшiн сылтау болды.

Батыс Сібірдің оңтүстік далалық белдеудегі қоныстанудың шыңы XVIIIғ. бірінші ширегінің аяғына сәйкес келді, бастапқы кезеңі орталық биліктің ұстанымының шеткі сақтығы мен белгісіздіктің анықтығын көрсетті, бұдан былай Дала өлкесіндегі отарлау мәселесі жанданған пікір-таластан, бірнеше белсенді тәжірибелік іс-әрекеттер нысанына айналды.

Бұл уақытта шеткі аймақты қоныстандыру, дәстүрлі үрдіс ретінде — әскери міндеттерді атқаратын элементтер, әсіресе казак сословие өкілдері арқылы іске асырылды. Көшпенділердің шапқыншылығынан оңтүстік шекараны қорғау және территорияны күзету пікірі өлкедегі казак әскерлерін үнемі көбейтуге алып келді, 1801 ж. Остафьевтің мәліметі бойынша 6 000 ер адамға жеткен [1]. Әскери құрамының пайдасына қалыптасқан ауытқу, билеуші топтарда екі түрлі түсінілді. Бір жағынан, әр түрлі жылдардағы генерал-губернатор билігінің қолдауымен (1882 ж. дейін Батыс Сібір, кейіннен Дала генерал-губернаторлығы), жергілікті шенеуліктерге қалыптасқан тәжірибе қолайлы және түсінікті болды. Далалық облыстарда егіншіліктің таралу мәселесі, оның дамуына байырғы халықты тарту, қоныстану қозғалысының кеңеюін айтпағанда, өлкенің жоғарғы бюрократиясының арасында қауіп тудырғаны жақсы мәлім. Батыс Сібірдің жеке жерлерін игерудегі аграрлық мәселеге қаншалықты байсалдықпен қараған, А.О. Дюгамель, Г.Х. Гасфорт және т.б. жоғарғы «билеушілерді» еске алудың өзі жеткілікті. Сонымен бірге, көшпенділердің арасында отырықшы тіршілігіне өтуде егіншілікке шектеу шаралары мен казак отарлау тәжірибесі, келешегі жоқтығын анық көрсетті. Сондай-ақ, Н.Г.Казнаков, Батыс-Сібір генерал-губернатор қызметіне тағайындау жөніндегі ұсынысында, «далалық облыстардағы жағдай ерекше назар салуды талап етеді», деп көрсеткен. Уақыт өте қырғыздардың (қазақтардың — Т.Б.) орыс бодандығын қабылдауы, олардың азаматтықта жасаған жетістігі, шамалы.. Қашанға дейiн қырғыздар өз қонысында үлкен шөлді кеңістікте орыс халқынан алыста, айналып жалғыз жүрсе, олар тек атауында ғана шын бағынған болып қалады… Казактар, өз санының аздығынан іске пайдасын әкелмеді…»[2]. Өз бағалауында казак отарлауын қайда көбірек тұжырымдылықты, әскери старшина Ф.Усов танытты, станица тұрғындарының шеткі бейәрекетсіздікке, бекершілікке, селқостық пен жалқаулыққа көңіл аударатынын: «Үздіксіз еңбекті жақтырмау, егіншілікті ұнатпаумен (сүймеумен) түсіндіреді»[3].

Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Батыс Сібір бөлімі (ИОГҚБСБ/ ЗСОИРГО) төрағасы — генерал И.Ф. Бабков, «алдағы уақытта қазынадан азық-түлікпен қамтамасыз етілген, мұндай қоныстанушылар, әуелден жалқаулыққа ауызданданады және егiншiлiктің қамын аз ойлайды», — деген пікір келтіреді [1, с. 7].

Тәжірибелік көзқараста, қазақ даласында казактармен қоныстандыру акцентті, В.А. Оставьевтің айтуынша «жасанды — мәжбүрлi» сипатта болған [1, с. 7] және әскери мақсатты толық қанағаттандырып, өңірдің экономикалық дамуына мүмкiндiк туғызбаған. Тіпті, сібір әкімшілігінің барлық күші казакты жер иесіне және қожайынға айналдыру жетістікпен аяқталмады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, егіншілікпен айналыспайтын жанұялардың саны, Сібір Казак әскері бойынша орташа есеппен 30% жеткен, ал жеке станицаларда 48% [3, с. 7]. Осылайша, Батыс Сібірдің далалық аудандарын отарлауда казак элементтерінің басымдылығы, егiншiлiктiң таралуына мүмкiндiк туғызбай ғана, ежелгі халықтың мәдени кейпіне жағымсыз бейнесі әсер етуі анық болды.

Империяның шығыс шектеріндегі дала территориясына қатысты мемлекеттік-әкімшілік саясатының жаңа ұстанымды құрудағы алғашқы бет бұрыс белгілері, XIX ғасырдың ортасында ғана анықталады, ресейлік социум құрамына ежелгі халықтың интеграциялау тәсілдері мен перспективалық мәселелер бойынша орталық биліктің жоғарғы аймақтық бюракраттардың ынтымақтастығында көрініс тапты.

Бұл ынтымақтастық 17 сәуір 1852 ж. князь А.И. Чернышёвтың төралығымен құрылған II Сiбiр комитетi қызметінде ерекше айқын көрiндi. Құрылған мекеменің құрамына император сарайының министрліктерін қосуда, iшкi iстер, әдiлет, қаржы, сыртқы iстер және т.с.с., сібір мәселесін шешуде мемлекеттік көзқарасты жүзеге асыру ісінде комитетке кең өкілеттіліктерді және белгілі артықшылықтарды берді, соның ішінде Батыс Сібірдің дала облыстарын қоныстандыруға қатысты.

II Сiбiр комитетiн негiзiн қалайтын мiндеті шеттегi саясатты жүзеге асыруында басымдықлықты анықтау. Бұл қызметте орталық орынды М.М.Сперанскийдің «Сібір мекемесі» мәселесіне қатысты, сонымен ішінде, «бұратаналады басқару туралы Жарғы» [4]. Бірінші бөлімінде жоғарғы губерниялық аристократияның маңыздылығы мен беделін көтеру талпынысы байқалады. Осы мақсатта комитет генерал-губернаторлық биліктің өзінен аттап өтіп, министрліктер мен губерниялық мекемелер арасындағы қатынасты қысқартуға талпынды. Көп шешiмдердiң шалағайлығына қарамастан, дала өңіріне таралған егіншіліктің тәжірибесі мен мұндағы шаруаларды қоныстандыру мәселесінде, дәстүрлі қасақаналық жасаған жергілікті биліктің өкілеттік өрісін анағұрлым кемітіп, II Сiбiр комитетi генерал-губернаторлық биліктің өкілеттік шеңберін кеңейтуге мүмкіндік алды. Бұратана халық пен орыстардың қарым-қатынасын жоспарлы жүйелеуде, сондай-ақ байырғы саясаттың негіздерін бекітуде, ІІ Сібір комитетінің жұмыс барысында, сақтау талпынысы ғана емес, М.Сперанскийдің жариялаған ұстанымдарын іске асыруда белсенділігі айқын байқалады. Өңірдегі аграрлық отарлау мәселесі қарсаңында, бұл төтенше маңызды жағдай болды, себебі бұратана ұлыстарды басқару құрылымын ұйымдастыруда, елдің шетіндегі империя саясатының мақсаты мен міндіттері тығыз жанасты. Нәтижесінде, ресейлік мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық құрылымына Азиялық Ресей халықтарын перспективтік интеграциясына ықпалдасуда, ІІ Сібір комитетінің жұмыс барысында, оның қатысушыларымен «бұратаналарды басқару туралы жарғының» бас бағытын сақтап қалды. «Жарғыны» іс-жүзінде жүзеге асыруға көмектесуде «Мекеменің халық тағдыры мен рухани сәйкестігі» ұстанымы отарлаудың жаңа тарихи жағдайында маңызды тактикалық бағдар болды [5]. Сонымен, көшпелі және кезеген халықты басқару жүйесінде, бір жағынан бұратананың ерекше өмiр сүруін ескерiп, басқа жағынан олардың рулық құрылысы болыстық ауылдық өзін-өзі басқару және шаруа болыстық ұйымының сызбасына сәйкестендірілді.

Өңірдегі орыс шаруа отырықшылық аймағының өрістеуі және қоныстандыру қозғалысының өсуі, XIX ғ. екiншi жартысындағы Дала өлкесінің аграрлық отарлауының «құлдырауы» кертартпа-тыйм салу тәсілімен анықталған маңызды фактор болды. Нәтижесінде, далалық аудандарда бұратана халықты ұйымдастыру әдетті-құқықтық ұстанымдар бағыты, біртіндеп анахронизмді болды. Сiбiр және онының жеке аймақтары жаппай шаруалар отарлау өлкесіне екпiндi айналды, ал шеттерде империялық саясаттың іске асыуында күшейген жоғарғы билiк принциптi жаңа тәсiлдердi тізбектеуде нақты өкiлеттiктерді алды Осы тәсілдерді тұжырымдағанда, бұратанылық жер пайдаланушылық пен казак отарлауының тиімсіздігіне сілтеме жасауда маңызды қолданыстағы аргумент болды.

Осылай, 1868 жылдың 21 қазанындағы «Орал, Торғай, Семей және Орынбор облыстарын басқару туралы Уақытша Ережедегі» теріс қарастырылған мәселе, «қазақтардағы басым болған көшпелі тұрмыс жер меншiгi туралы әртүрлі ұғымды терiске шығарған; қырғыз көшпенділерімен алып жатқан жерлер мемлекеттік деп танылып, қазақ халқының қоғамдық пайдалануына төмендегідей берілді: жаздық жайылымдар тұтастай уездің қоғамдық пайдалануына беріледі; қыстық қоныстар арнайы съездерде бөлінеді; құрылыстармен бос емес жерлер, мұралық пайдалануға өтеді…Қазақтан орысқа пайдалану құқығын қайта табыстауда басқару уезінде куәландыру тиіс. Сонымен бірге, генерал-губернатордың қарауымен орыс шаруа елді мекендерін құруда және орналастыруда жерді бөліп беруді рұқсат етіледі: қоғам ерекше жерлерді тұрақты иеленетін адамдарға, егіншілікпен айналысатындарға бөліп беруге міндетті…» [6].

Казак отарлауының тиімсіздігіне қатысты, генерал-губернатор Н.Г.Казнаков 1878ж. дала облыстарын орыс қоныстанушы шаруалармен орналастыруды аса қажеттілік ететіне ой жүргізді, себебі, олар «…көшпелi тұрмыстың әдет-ғұрпын жұмсартуда іс-әрекеттің жалғыз құралы болды, баспада белгілегендей жабайы және кедей, надан…» [7]. Дәл осы кезден 1878 ж. Ақмола облысының жер кеңістіктерін аграрлық элеменпен іс-жүзінде қоныстану басталады. Мұнда 40 пен 110-ға дейінгі аралығында ер адамды орналастыруда, телімнің жалпы жанға 30 десятинадан өлшенген 30 участок құрылған [1, с.12].

Қорытынды ретінде, бұл бетбұрыстың басталуы билік құрылымының болашаққа көзқарасы, әдістері мен түрлерінің жүзеге асуында империялық саясаттың дала аудандарының шығыс шектерінде, 1889 жылдың 13 маусымында Қоныстану заңының қабылдануы болды, ондағы баптарға сәйкес, бос учаскелерге шаруалардың қоныстануына рұқсат етілетін жерлер қатарына Ақмола облысының аумағы біржолата кірді. Ақыры 1893 ж. 4 наурызда Жоғарғы Ақмолалық уақытша межелік партиясы бос қазыналық жерлерден қоныстану мен қосымша учаскелерді құруға және темір жол бойындағы жерлер жайлы хабар беру үшін ұйымдастырылды [1, с.7].

Осылайша, XIX жүз жылдықтың ортасында Дала өңіріне қатысты биліктің отарлау саясатының түрлері мен ұстанымдарды түбегейлі қайта қарау беталысын көрсетті, бұл сібір мәселесін шешуде және талқылауда, сонымен бірге қоныстандыру қозғалысын қарқындандыруда орталық басқару органдардың кірістірумен (қосумен) түсіндірілді. Сонымен бірге, Сібірдегі жоғарғы генерал-губернатор және жергілікті мекемелердің арасындағы болған шиеленіс, біржола жойылған жоқ, беймәлім сатыға өтіп, ендiгәрi, қалай болғанда да, Дала өлкесі шектерiндегi отаршыл саясатын жүргізуде көрініс тапты деп қорытынды жасауға болады.