- 1. Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары. Оның орта ғасырлық мәдениетпен байланысы. Орта ғасырлық дәстүрді жалғастырудағы фольклор мен қалалық мәдениеттің өрлеуі. Табиғат, антикалық пәлсапа, риторика поэтика және поэзия туралы гуманистік антикалық ілімдердің қайта жандануы.
- Джовани Боккачо Парижде 1313 дүниеге келіп, 1375 жылы қайтыс болды.
Джовани Боккачоның өзгелерден айырмашылығы көркем прозаның негізін салған. Ол Петрарка секілді әрі ғалым, әрі филолог болды. Джовани Боккачо әдебиетте еуропалық гуманизімінің көсемі тұрғысынан емес ол сол кездегі ең төменгі жанр новелист жазушы ретінде танылды.
Джовани Боккачо Флоренциялық саудагермен француз әйелінен туған некесіз ұл болды. Ол Парижде туылды. Кейін әкесінің қолдауымен алғашында сауда, кейін заң ғылымымен айналысты.
Дегенімен Петраркамен деңгейлес бола алмады. Джовани Боккачо 14 жасында Неопль қаласына келеді. Бұл кезде Неопль ірі филос офиялық қаланың орталығы әрі Петрарканың досы
Роберд Анжускидің королдік сарайы осында болды. Роберд Анжуски Неоплді өнер ортасына айналдырды. Ал Джовани Боккачо осы кезде Неоплдің гуманистігімен танысып, осы таныстық арқасында сарай маңындағылармен танысады. Сөйтіп король Анжускидің өкіл қызы Мария Аквинаға ғашық болды. Оның өзінің сүйіктісінің атын Фяметта деп атаған. Сөйтіп өзінің сүйіктісіне ғашықтық шығармаларын арнайды. Джовани Боккачоның Фяметтаға деген ғашықтық шығармаларының Данте Амрори мен Франческоға қарағанда өзіндік ерекшелігі болды. Петраркада әйел нақты суреттелгенімен қиял мекен Платонизмдік қиялдан ғана болу.
Ал Джовани Боккачоның Петаркадан ілгерілеп нағыз өзінің басынан кешкен махаббаттарын жырлады. Сонда Мария Фияметтамен Боккачо тек әдеби кейіпкерлер ғана емес өмірде де бірін – бірі сүйген ғашықтар болған. Джовани Боккачоалғаш рет 1336 жылы сенбіде шіркеуге барады.
Сан Лоренсе шіркеуінде көріп ғашық болады. Кедей (Флебей) жігіт салтанатты корол қызына тек жазушылық таланты аралығы ғана қол жеткізді. Дегенімен бұл бақыт ұзаққа созылмай, Мария оны басқаға айырбастайды. Бұдан кейін құлай сүйген Джовани Боккачо өзінің біркездегі ғаламат ғашықтық сезімдерініңкшімен соны еске алу аралығы талай туындады.
Джовани Боккачо өзінің шығармашылығын Неоплда бастап Флоренцияда аяқтады. Ол 1338 жылы „Филокола” романын жазды. Мұнда Флоркомен Бенжефлоның аралығындағы махаббат тартысы суреттеледі. 1341 жылы Джовани Боккачо „Аметта” өлең қарасөзбен жазылған идеясын жазды.
Идея баллада сияқты шығарманың түрі. Джовани Боккачоның жас кезіндегі көркемдігінің бірі „Фяметта” 1348 жылы кейде оны Фяметто Мадоннаның эллегиясы деп те атайды. Қарасөзбен жазылған бұл повесті Батысеуропа әдебиетінде тұңғыш психологиялық роман деп атады. Джовани Боккачо шығармашылығының басты жетістігі өзіне дейін әйелдерді мадақтау басым болса енді Джовани Боккачо әйелдің ішкі жан дүниесін психологиялық тұрғыдан сөз етті.
1350 жылы Джовани Боккачо Франческо Петраркамен кездесіп достық қарым – қатынаста болды. Олардың көркем шығармалары италиян тілінде жазылса өздерінің еңбектері латын тілінде жазылды. Джовани Боккачоның өнімді еңбектерінің бірі латын тілінде еді. Джовани Боккачо латын тілін қанша құрметтегенімен құнды дүниесін италиян тілінде жазды. Ол латын тілін ғылыми еңбектерін және 16 экологтық шығармаларын жазды. „Декамерон” ең алғаш новеллалық жинағы Джовани Боккачолар әлемдік даңқтың алып келген 1352-1353 жылы жазылған туындысы „Декамерон” бұл шығарма италиян көркем прозаның бастауы болып табылды.„Декамерон”- 10 күн дегенді білдіреді. Бұл новеллада 1348 жылы әйгілі флоренциядағы оба оқиғасы суреттеледі.
7 әйел 3 жігіт қаланың шетіне ауруы жұғып кетпесіндеп тұрады. Мұнда әр кейіпкердің 10 новелласы бар. Барлығы 100 Шахризаданың 1001 түні осыған сәйкес келеді.
Бақылау сұрақтары:
1.Қайта өрлеу мәдениетінің көп құрамдылығы және қайшылықты жақтары.
2.Оның орта ғасырлық мәдениетпен байланысы.
3.Орта ғасырлық дәстүрді жалғастырудағы фольклор мен қалалық мәдениеттің өрлеуі.
4.Табиғат, антикалық пәлсапа, риторика поэтика және поэзия туралы гуманистік
антикалық ілімдердің байта жандануы.
5.Джовани Боккачо өмірі
6.Джовани Боккачо шығармашылығы
7.Шығармаларындағы махаббат сарыны
8.„Декамеронның” италиян көркем прозасының дамуына әсері
- Джовани Боккачоның италиян және еуропалық новвелистикаға әсері
10.Джовани Боккачо әдебиетте еуропалық гуманизімінің көсемі
- „Декамерон”- 10 күн дегенді білдіруі.
- Джовани Боккачо жөнінде мәлімет жинау