- Біздің эрамыздан бұрынғы ХХ ғасыр шамасында Инд мен Ганг жағалауындағы көне үнді жұрты жалпы көлемі «Илиада» мен «Одиссеяға» барабар бір мың жирма сегіз гилен шығарып, оларды «Ригведа» атаған. Он кітапқа топтастырады. Гилендердің классикалық қопарылмалы тіліндегі әлем-айшық-өрнектерге, лирикалық толғаныстарға, көркем образдарға қарағанда үнді халқында тіпті «Ригведаға» дейін де ғасырлар бойы дамып, жетіліп келген сөз өнері болғанға ұсайды. «Ригведа» гимдері арқылы қалыптасқан әдеби дәстүр этикалық талғам тағы бір мың жыл өткен соң үнді халқының әлемге әйгілі ұлы дастандары «Махабхаратаға» одан кейін «Рамаянаға» ұласады. «Махабхарата» — керемет көркем ескерткіш: дастанның 19 кітабындағы өлең көлемі екі жүз он төрт мың жол, немесе «Илияда» мен «Одесседан» сегіз есе артық. «Махабхаратаның» бір алуан (наль туралы) аңызын В.А.Жуковский аударған болатын. Аударманың көркемдік құнын В.Г.Белинский жоғары бағалаған. Осы фактының өзі-ақ көне үнді поэтикасында эстетикалық талап пен талғам жоғары болғанын аңғартады. Екі поэмадағы бас кейіпкерлер «Махабхаратадағы» кришина «Ромаянадағы» Рама мифтік нанымдар тұтқынында бұлаңдап, құдайға баланған қалпында қалып қоймайды, жерге түседі, кәдімгі жер басып жүрген адам бейнесінде суреттеледі. Әсіресе «Ромаянаның» 2-6 кітаптарындағы суретеулермен баяндаулар әрі шынайы, әрі шыншыл. Осыған қарағанда, я болмаса поэманың көркемдік ерекшеліктеріне қарағанда, көне үнді поэтикасында жоғары дәрежедегі (әжептеуір) эстетикалық пинцип және жүйе болған.Қысқасы эллада эстетикасынан жүздеген жылдар бұрын көне үндінің көркемдік көзқарасы туып, қалыптасқан: сол арқылы үнді поэтикасының өзгеше заңы, ережелері белгіленген. Ол заң ереже бойынша, үнді жазушылары өздерінің көркемдік шығармаларын әрқашан тек «Ригведа» гимдеріндегі «Махабхарата» және «Рамаяна» дастандарында сю жеттер мен образдар негізінде ғана жазушы шарт болған. Мысалы, аты шулы калидаса өзінің «Шакунтала» драмасын «Махабхаратаның» бір эпизодына құрса, одан бір мың бір мың, бір мың бір жүз жыл кейін Тулси Дас (ХVІ ғ.) «Дамаяна» сюжетін негізге алып, «Рамаяна» немесе «Рамачаритаманаса» деген поэма жазған. Бұл жайды біз тек факті ретінде ғана айтып отырған жоқпыз. Үнді әдебиетіндегі мұндай көркемдік дәстүр үнді жазушыларына дайын эпикалық тақырыптар, сюжеттер мен образдар ұсынып қана тынған жоқ, соларды игеру, көркем жинақтау тәсілдерін қоса көрсетті. Мұның өзі аталған дәстүр арқылы көне үнді әдебиетінде белгілі дәрежеде логикалық байптау, шығармашылық жинақтау, эстетикалық жүйелеу, жасалды деген сөз. Ал, байптау, жинақтау, жүйелеу атаулының бәрі-теория. Баяғы, базғы заманның парасат дүниесіндегі алғашқы әдебиет-эстетикалық талғамдар, міне, осындай туған.
- «Махабхарата»-бұдан 2500 жылдан астам уақыт бұрын дастан болып қалыптасып, халық арасында аса кең тараған көне Үндінің ұлы эпосы. Әлем әдебиетінің алтын қорынан алатын орны айрықша.
Шығармашылық негізіндегі фабуласы-Гастинапур патшалығындағы панада мен каураға атты туысқан екі рулы елдің трагедиялық ұрысы. Осыдан өрбіген сюжет қызықты. өріліп, арналы әңгімеге ұласады.
«Махабхаратаны» ежелгі Үнді халқының сан ғасыр өмірінің тіршілік-тынысының, бүкіл болымысының энциклопедиясы деп атауға болады. Өз алдына тұрған түрлі философиялық концентрациялар мен ұшқыр фантастика, астарлы аллегрия мен нәзік лирика, махаббатқа, сүйген жарға кіршіксіз адалдық, адам психологиясы мен әдетғұрпы, салт-сана бүкіл дастан бойында желіленіп, алуан оқиғалар арқылы ауыса астасып жатады.
Және бір ғажайып — бүгінгі ғылыми-техникалық революция замандағы шырқау шың-космос пен шыңырау терең-су асты, адамзат арқыл-ойының озық жетістіктері осынау көне дастаннан көрініс беретініне таңданбасқа шара жоқ.
Әлем әдебиетінің осы бір ұлы шығармасы түркі тілдес халықтардың ішінде қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып отыр. Аударған белгілі ақын, жазушымыз Әбубәкір Нілібаев.