- ХІХ ғасырда Қазақстан жерін отарлау жұмыстары төмендегідей бағытта жүргізілді: барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы, ресми қазақ хандықтарының жойылуы, аға сұлтандық (округтық), болыстық, старшындық, ауылдық отарлық басқару жүйесінің енгізілуі т.б. Ресей империясының қазақ елін отарлау саясатына бағытталған ресми құжаттары жасалды: “Сібір қазақтарының Уставы” (1822), “Орынбор қазақтарының Уставы” (1824).
ХҮІІІ ғ. аяғында Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы /1787-1797/ болды, олХҮІІІ – ХІХ ғ.ғ. әдеби, фольклорлық шығармашылық мұраларда көрініс тапты.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында отарлық езгіге қарсы Қазақстанда болған қарулы көтерілістер: Қаратай сұлтан /1797-1814/, Арынғазы сұлтан /1816-1821/, Исатай-Махамбет /1936-1838/ бастаған көтерілістер, олар әдебиет шығармаларда бейнеленді. Бұған дәлдел сол кезеңде шыққан тарихи жырлар.
- Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс /1824-1847/ осы жылдар арасында жүргізілді,бұл қозғалыста әдебиеттекөрініс тапты. Кенесары, Наурызбай және олар бастаған қозғалысқа қатысқан батырлар туралы тарихи жырлар дүниеге келді. Нысанбай жыраудың “Кенесары-Наурызбай”, Доскей Әлімбаевтің “Кенесары”, Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының “Қисса Наурызбай төре” дастандары, Досқожа ақынның “Кенесары қоныстан ауғанда айтқаны” өлеңі, “Кенесарының өлеңі”, “Кенесары жырының бірнеше ауызы” атты халық өлеңдері, т.б.
Қазақстан жеріндегі Ресей патшалығының отаршылдығы ХІХ ғ. екінші жартысында күшейе түсті. Ресейдің отарлық саясатына және Хиуа, Қоқан хандықтарының басқыншылық соғыстарына қарсы көтерілістер туындады: Есет батыр /1853-1859/, Жанқожа батыр Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария бойындағы, 1867, 1868, 1870 жылдары Орал, Торғай, Маңғыстау облыстары халқының көтерілістері туралы тарихи жырлар дүниеге келді.
Күні бүгінгі шейін зар заман ақындары төңірегінде айтылып жатқан жайлар аз емес.1932жылы С.Сейфуллин қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі тарихын екі дәуірге бөлді. 1. «Билер дәуірі», 2. «Орыс патшасына бағынған дәуір ». Сәбит Мұқанов Шортанбай дәуірін « зар заман әдебиеті» деп, ғылыми негізде баға берді. Былайғы уақытта бұл дәуір қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіне қатысты пікір айтқан Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Ы. Дүйсенбаев сияқты ғалымдарымыздың да арнайы тоқтап, айрықша мән беріп өткен дәуірі болды.
Соңғы жылдары ғалым Мекемтас Мырзахметов зар заман әдебиетін орыс отаршылығына қарсы туған сипатына қарап: «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет» деп атауды ұсынды.
Мұхтар Әуезов 1927 жылға «Әдебиет тарихы» оқулығына енген «Зар заман ақындары» атты зерттеуінде зар заман ақыны кім, дәуірі қандай еді, көтерген мәселелері қандай дегенді нақты да дәлелді қозғаған-ды. Ол зар заман ақындары деген терминге бірнеше теориялық тұжырымды негіз етеді. М.Әуезов жүйелеуіндегі «зар заман әдеби ағымы» мынандай мәселелерді ажыратудан барып айғақталады:
Зар заман ақындары деп кімді айтамыз?
Бұл дәуірдің алғашқы ақындары кімдер?
Барлығының басын қосатын күй қайсы?
Көпшілігі қандай жайды тақырып еткен, нені толғаған?
Бұл еңбекте М.Әуезов заман сарына терең үңіледі. Барша ерекшелік, өзгешелігін қамти айтады. Біздің, зар заман ақындары дегенде, жалпы қазақтың атам заманнан бергі өмір тарихындағы зарды емес, дәл осы М.Әуезов атап беріп отырған, орыспен арадағы саяси ахуалға байланысты туған мұң мен зарды нысанада ұстауымыз қажет. Отаршылдық саясаттың зардаптары мен мақсаттары саяси жүйе ретінде, тарихтың белгілі бір беті ретінде көрінген тұсты бар сипат-өзгешелігімен тұтас қабылдап, оның әдебиетке түскен көлеңкесін көрсету.
Зар заман ағымына: М. Әуезов ХІХ ғасырда жасаған ақындардың бәрін кіргізеді:
«Бұқар жыраудан соң ХІХ ғасырдағы зар заман ақындарының басы-Махамбет. Одан кейінгілері Шортанбай, Мұрат, Алтынсарыұлы, бұлардан соңғы бір буын Абаймен тұстас ақындар». Нарманбет, Шернияз, Досқожа, Күдері-қожа, Ығылмандардың заманы Абылай заманы емес, енді іс қана қалған, алыстан толғап, ойға тартамын деп отыруға болмай қалған заман екенін ұғындырады.М. Әуезов жүз жылдық әдебиетті үш кезеңге бөліп, әр уақыттың өзіндік ерекшелігін, ортақ сарын аясындағы өзгерістерін атап-атап көрсетіп отыр.
- Әлеуметшілдік, ойшылдық сарыны-Бұхар заманы.
- Ісшілдік- Махамбет.
- Дін мен мәдениет-Ыбырай.
Ресейдегі капиталистік қарым – қатынастардың дамуы Қазақстандағы табиғи байлық шикізаттарының көздерін игеруге ықпалын тигізді. Сауда-саттық кеңінен дами түсті. Ақмола, Атбасар, Қарқаралы, Қарқара, Талды-Қоянды, т.б. жәрмеңкелер ашылып, олар қазақ өнерінің кең танылуына өзіндік септігін тигізді.
- ХІХ ғасырдың бас кезіндегі оқыту түрлері. Бұқара, Самарқанд, Хиуа, Ташкент, Қазан, Өфе, Түркістан, Ақмешіт қалаларындағы медреселерден білім алған қазақ оқығандары ағартушылық қызмет жасады.
Отарлау саясатының мақсаттары үшін әртүрлі басқышты оқу орындары /4-5 кластық қалалық училищелер, орыс – қазақ мектептері, гимназиялар/ Омбыда, Семейде, Өскеменде, Верныйда, Торғайда, Қостанайда, Ырғызда және т.б. жерлерде ашылды.
Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу жұмыстарының екі жақты сипаты болды: ең бастысы – патшалық өкіметтің отарлау саясатының мақсатын орындау, екіншісі – ғылымдық ізгі ниет.
Қазақ халқының рухани мәдениетін, этнографиясын, фольклорын патшалық империяның отарлау пиғылына орай игеруді негізгі мақсат еткендер: А.И.Левшин, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, В.В.Григорьев, А.П.Рычков, П.С.Паллас, Н.И.Ильминский, А.И.Алекторов, т.б. Бұлардың еңбектерінің отаршылық ниетке негізделгенімен, қазақтың ұлттық мұраларын әлемдік өркениетке таныстырудағы ғылыми маңызы бар.
Ғылымдық ізгі мақсатта, адал ниетпен халық мұрасын жинап зерттегендер: В.В.Радлов, И.А.Березин, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев, т.б.
Ел ескілігінің бір алуаны тарихи өлеңдер. Тарихи өлеңдер, ең алдымен, ел тірлігінде анық болып өткен тарихи оқиғадан туады. Сол дәуірде арнаулы оқиғаның қақ ортасында болған атақты адамдардың басынан кешкен өмір, қолымен істелген істің жыры болады. Тарихи өлеңдердің ішіндегі адамдар жалпақ елге аты белгілі, жалпақ елге қадірлі сүйікті адамдар. Сол адамдардың істеген ісі, беттеген мақсаты, көптің өміріне қозғау салған әсері, көптің аузында неше алуан әңгіме болып қалады. Бұл әңгімелердің көбі сол оқиғалардың ішінде болған, көзі көргеннің әңгімесі.
Сондайлық тарихи оқиғалар өз тұсында көпке жайылған жанды әңгіме болып жүрсе, кейде ақындардың қолына жетіп, өлең өлшеуіне түседі. Тарихта болған оқиға, өлеңге айналған соң өзі ескінің тарихы болып жоғалмайтын болады. Бұл күнгі қазақ ескілігінен бізге қалып отырған тарихи өлеңдердің барлығы да, осы жолмен туып өскен. Нағыз тарихи өлеңдердің басталатын кезі Абылай заманынан бері қарай деп санасақ , қазірде Абылайдың өз жорығын баяндаған өлеңдер, онан соң Сырым қозғалысын айтатын өлеңдер біздің қолымызға тиген жоқ. Жалпы тарих өлеңдері, өз сынан қарағанда, ескі батырлар өлеңінен аз болмауға керек. Бірақ бұл күнде қолдағысы Кенесары, Бекет өлеңдері болғандықтан, тарих өлеңдері турасындағы жалпы сөзді осы айтылған екі-үш өлеңге қарай топшылаймыз.
Әуелі бұл өлеңдерді бас-басына қарастырудан бұрын, осыларды туғызған тарих, дәуір туралы біраз айтып кетпей болмайды. Себебі, бұл өлеңдерді туғызған ел тіршілігінің тарихы, тарихта орын алған ұлы оқиғалар. Сол себепті тарих өлеңдерін толық ұғу үшін алдымен солардың мезгілін, сол заманның шартын білу керек. Тарихта екі дәуірдің жапсары Әбілқайыр, Тәуке, Қайып, Абылай хандардың заманына келеді. Бұл дәуірдің басы 1723 жылғы ақтабан шұбырынды. Екінші сатысы шет жұртқа бағынуға айналып, елдің алдында «темір ноқта мен қайыс ноқтаның» таңдауы шыққан заман. Ақыры: орысқа бағынып, ноқтаға бас иіп, асаудың жуасып, алыптың басылған уақыты болады.
- Қазақ елін орысқа бағындыруға зорлаған себептер көп. Бір жағынан қалмақ сияқты елдің тізесі батқан жаулығы болса, екінші: Орта Азия халықтарының қысымшылығы; үшінші: орыс үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы, осымен бірге тағы бір зор себеп, қазақтың өз хандарының алалығы.
Әдебиетте қалың елдің бұл қайғысы Абылай айналасынан шығады. Абылай маңына жиналады. Себебі сол аласапыран дәуірде қалың елдің «қайраңдап жан қала ма» деген «Қазы құрттай» үміті, жалғыз ғана Абылай басында қалған болатын. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін, ту көтеріп бір араға жиған Абылай болатын. Бұлай болса кейінгі заманда туатын үлкен тарихи оқиғалар мен тарихи жырлары түгелімен Абылай заманынан суат алады. Қазақтың жат елге бағынбай өз елдігін сақтап қалып, іргесін бөлек салуы, Абылай заманынан бері қарай ХІХ ғасырдың ортасынан ауғанға шейін, жаңа саяси бет сияқты болады.
Тарихтың дәл суретімен толығырақ танысамын деген кісі болса, қазақ тілінде шыққан Халел Досмұхаметовтың «Исатай-Махамбет» жырының басына жазған баяншысы мен Қошмұхамбет Кемеңгеровтың «Қазақ тарихынан» деген еңбектерін қарастыру керек.
Түр жағынан қарағанда, тарихи өлеңдер, бұрынғы батырлар өлеңдерімен туыс. Мұнда да сондай