XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті.

  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті-ұлттық сөз өнері тарихының елеулі
  • бір кезеңін қамтиды. Аузшы дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзия табиғи сабақтасып, көркемдік стилдік жалғасын тауып жатты. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті әлемдік озық көркемдік әдістерді шеберлікпен пайдалана білді. Әлемдік әдеби дамудың ортақ заңдылықтарын игеріп, ақын – жазушылар жаңашылдықпен реалистік тұрғыда көрнекті туындыларды дүниеге келтірді. Әдебиет алыптары қазақ сөз өнерінің философиялық, гуманистік-ағартушылық, эстетикалық мазмұнын жан-жақты байытты.
  • Ресей империясы Қазақстан жерінг отарлау жұмыстарын кең өрістетіп, барлық аймақтарда әскери қамалдар, бекіністер салынды, ресми қазақ хандықтары жойылып, аға-сұлтандық, болыстық, старшындақ, ауылдық түрдегі отарлық басқару жүйесі енгізілді. Патша өкіметінің қазақ елін отарлау саясатына бағытталған құжаттары: “Сібір қазақтарының Уставы” (1822), “Орынбор қазақтарының Уставы” (1824).
  • Отаршылыққа қарсы XVIII ғасырдың аяғы мен XIXғасырдың бірінші жартысында бірнеше халық қозғалыстары бой көтерді:
  • Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы(1787-1797);
  • Қаратай сұлтан(1797-1814);
  • Арынғазы сұлтан(1816-1821);
  • Исатай, Махамбет бастаған көтерілістер(1836-1838);
  • Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс(1824-1847).
  • Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайына келсек, XIX ғасырдың бас кезінде Бұқара, Самарқан, Хиуа, Қазан, Уфа, Түркістан, Ақмешіт қалаларындағы медреселерден білім алған қазақ оқығандары ағартушылық қызмет атқарды.
  • Отарлау саясатының мақсаттыр үшін 4-5 кластық қалалық училищелер, орыс-қазақ мектептері, гимназиялар Омбыда, Семейде, Верныйда, Торғайда, Қостанайда, Ырғызда,т.б. жерлерде ашылды.Орынбор қаласында Сібір кадет корпусы (1847), Неплюев кадет корпусы, Бөкей ордасында орысша-татарша сауат ашу мектебі, Омбыда, Ташкентте мұғалімдік семинариялар ашылды.
  • Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу жұмыстарының екі жақты сипаты бар: бірінші-патшалық өкіметтің отарлау саясатының мақсатын орындау, екінші-ғылымдық ізгі ниет.
  • А.И.Левшин, П.П.Семенов- Тянь-Шанский, В.В. Григорьев, Н.И. Ильминский т.б. еңбектері отаршылық ниетке негізделді.
  • Ғылымдық ізгі мақсатта халық мұрасын жинап зерттегендер: В.В.Радлов, И.А.Березин, Г.Н. Потанин , Ә. Диваев, т.б.
  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнында реализм, романтизм тәрізді көркемдік әдістер көрініс тапты. Ауызша және жазба ақындық дәстүр табиғаты, жыраулық поэзия сілемдері сақталды.Ежелгі түркілік, шығыстық жазба әдеби дәстүрлермен сабақтасып жатты.Фольклордағы синкретизм әнші- ақындар шығармашылығы арқылы жаңғыра дамыды. Жаңа реалистік жазба әдебиет мазмұнындағы лирикалық, сатиралық өлең, поэма, проза (әңгіме, очерк, ғылыми-көсемсөздік мақала) жанрлары, философиялық трактат, аудармалық және нәзиралық шығармалар қалыптасып, дамыды.