Студенттердің кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық практиканың алатын орны ерекше. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлімі болып саналады, сондықтан болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығын олардың оқу-тәрбие мекемелеріндегі практикалық қызметпен ұштастыру міндетке алынады.
Педагогикалық практика оқыту мен тәрбиенің принциптерін, заңдылықтарын толық түсінуге, кәсіби шеберлік пен дағдыны меңгеруге педагогикалық колллективтің тәжірибесін үйренуге, мұғалім жұмысының ғылыми-теориялық негізін сапалы түрде меңгеруге ықпалын тигізеді.
Педагогикалық практиканың маңызды міндеттері – оқу-тәрбие әдістерін, мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрету, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну болып табылады.
Педагогикалық практика процесіндегі болашақ мұғалімнің педагогикалық іскерлігі мен өзіне тән кәсіптік сапаларын қалыптастыру міндеті шешіледі, ал оған мыналар жатады:
- Қоғамдық-саяси, педагогикалық және арнайы білімдерді орнықтыру, тереңдету әрі байыту, оларды нақтылы оқу-тәрбие міндеттерінде шешуге қолдау.
- Мұғалім мамандығына деген ықыласы мен сүйіспеншілігін, өзінің кәсіптік-педагогикалық тәжірибесі мен біліміне қажеттілігін, педагогикалық қызметке творчестволық тұрғыда қарауды ұдайы тәрбиелеу.
- Мектептегі орта кәсіптік-техникалық гимназиялардағы оқу-тәрбие жұмысының қазіргі жағдайымен, педагогикалық озат тәжірибесімен танысу, балалар мен жеткіншектерге тәрбие беру міндеттерін шешуде оқу-тәрбие мекемелеріне қолдан көмек көрсету.
- Мектептегі оқу-тәрбие процесінің міндеттерімен және мазмұнымен танысу:
- оқушылар коллективін, олардың жас және дара ерекшелігін зерттеп білу;
- педагогика, психология, жас ерекшелігі физиологиясы және мектеп гигиенасы пәндері бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау;
- сабақтас тыс жекелеген тәрбие жұмыстарын дербес дайындап өту;
Қорыта айтқанда, педагогикалық практика студенттердің педагогика және психология курсы бойынша теориялық білімдерін баянды етеді, кәсіби шеберлігін шыңдайды, нағыз маман дәрежесін ұғынуға, өз таңдаған мамандыққа қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша студент-практиканттың тапсыратын іс-қағаздарының тізімі
- Практиканттың бағдарламасының барлық бөлімдері көрсетілген жеке жоспары.
- Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы жөніндегі жоспары.
- Сынақ тәрбиелік шараның разработкасы.
- Тәрбиелік іс-шараға педагогикалық талдау жасау.
- Шығармашылық және ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есеп.
- Практиканттың педагогикалық практика барысындағы орындаған жұмысы бойынша нақтылы тұжырымдары мен ұсыныстары көрсетілген есебі.