МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ТӨЗІМДІЛІКТІ ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІ

Төменгі мектеп жасындағы балаларда төзімділікті дамыту жөніндегі әдістемелік тәсілдерге қатысты нәтижелерін зерттеген кезде оны дамыту әдістемесі жөніндегі көзқарастардың қарама-қайшылықты екендігіне назар аудару керек, осы жәйт біздің зерттеуіміздің негізі болып қызмет етті.

Төзімділік терминімен оның нәтижелілігін төмендетпей, қандай да бір іс-қимыл, әрекетті ұзақ уақыт бойы орындауға қабілеттілік түсініледі. Төзімділік — бұл белгіленген бұлшық ет қызметі барысында физикалық қажып, болдыруға қарсы тұру қабілеті.

А.Г.Сухаревтің [1. 96 б] пікірінше, төзімділікті өлшеу шамасы болып осы уақыт бойы белгілі бір сипаттағы және қарқындылықтағы бұлшық ет қызметі орындалатын уақыт табылады. Осылайша, төзімділік бұлшық ет белсенділігінің белгілі бір деңгейін ұстап тұру уақыты бойынша бағаланады.

Кейбір авторлар жаттығуды орындау қарқындылығы бойынша күш салулардың келесідей бөлінуін анықтауда:

  • шағын – жүрек қысқаруларының жиілігі (ЖҚЖ) 140 cоққы/мин дейін;
  • орташа — ЖҚЖ 170 cоққы/мин дейін;
  • күшті — ЖҚЖ 190 cоққы/мин дейін;
  • шекті — 190 cоққы/мин жоғары.

Төзімділік проблемасымен көптеген отандық және шетелдік зерттеушілер айналысқан болатын. Біздің елдегі де, шетелдегі де көптеген зерттеулер балалар мен жасөспірімдердің қандай да болсын дене қасиеттерін дамыту әдістемесінің қозғалу функцияларының жас заңдылықтарын ескере отырып құрылуға тиісті екендігін дәлелді түрде көрсетіп берді.

Мектептің оқу-педагогикалық процесіндегі төзімділікті дамытудың қандай орын алып отырғандығы жөніндегі мәселе әлі күнге дейін шүбәсіз қызығушылық тудырып келеді. Істің мәнісі, бастауыш сыныптарға(1-4 сыныптар) арналған мектеп бағдарламасында төзімділікті дамытудың арнайы міндеті қойылмайтындығында болып отыр. Оқытудың осы кезеңінде шапшаңдық пен ептілікті дамыту барысында төзімділікке де әсер ету жүріп отырады. Бұл үшін алуан түрлі ойындар (ережелері қарапайым етілген қозғалмалы және спорттық ойындар), ұзаққа созылмайтын жүгіру және шаңғымен қозғалу пайдаланылады. Төзімділікке күш түсіруді мөлшерлеудің күрделілігіне орай, мектептерде дене қасиеттерінің даярлығының осы бір құрамдас бөлігінің көрініс табуын көбіне көп шектеп отырады.

Ғалымдарда төзімділікті мектеп оқушыларының денсаулығы үшін зиянсыз қанша жастан бастап дамыту керектігі жөнінде бірыңғай пікір болмай отыр. Бір авторлар төзімділікті ертерек дасмыта бастау керектігі туралы пікір айтуда және бала организміне ұзақ уақыт жүгіру, суда жүзу, конькимен сырғанау және т.б. зиянсыз деп есептейді.

Өзге ғалымдар жалпы төзімділікті жасөспірім жаста дамыта бастау мүмкін болады деп есептейді.

Аралас орын ауыстырудың және бірқалыпты ырғақпен ұзақ уақыт жүгірудің көмегімен төзімділікті жетілдіру төзімділікке арнайы жұмыс істеуге көшу үшін даярлаудың маңызды тәсілі болып қызмет етеді. [2. 88 б] 2-4 сыныптарда сабақтардың негізгі мақсаты мектеп бағдарламаларының негізінде дене қасиеттерін жан-жақты даярлау болып табылады. Мектеп оқушыларында төзімділікті дамытудың шұғылданушылардың ересек топтарын жаттықтырудың әдістемесінен ерекшеленіп отыруы өте маңызды.

Балалардың организміне циклдік жаттығуларды (жүгіру, шаңғы тебу және т.с.) орындау кезіндегі ұзаққа созылатын күш салулар зиянын келтіре алмайды деп есептегендіктен, кейбір авторлар сонымен қатар спортпен (жалпы алғанда) шұғылдануды ерте бастау қажеттігі туралы пікірлер айтуда.

Кейбір ғалымдар төзімділікті, күш пен шапшаңдықты кешенді дамытудың, бірақ жалпы төзімділікті аздап күш салумен ұзақ уақыт жұмыс істеу арқылы алдын ала тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсетеді. Осындай тәсілдер ретінде спорттың алуан түрлерін (шаңғы, коньки, волейбол, футбол, ұзақ уақыт қозғалумен байланысты келетін қозғалмалы ойындар және т.б.) пайдалану ұсынылады. [3.63 б]

Алдыңғы қатарлы педагогтардың тәжірибесі мен зерттеу нәтижелері төменгі мектеп жасындағы балаларда төзімділікті дамыту – олардың жан-жақты физикалық даярлығының маңызды құрамдас бөлігі екендігін көрсетіп отыр. Жалпы дене қасиеттерін даярлаудың басқа да тәсілдерімен ұтымды үйлесімін таба отырып, төзімділікті дамытуға бағытталған жаттығуларға айтарлықтай көп орын бөлінетін сабақтар тек қана төзімділіктің емес, шапшаңдықтың, күштің, қуат қасиеттерінің даму деңгейінің артуына ықпалын тигізеді. Бұл негізгі дене қасиеттерінің арасында тығыз функционалдық байланыс пен өзара себепшілік бар екендігімен түсіндіріледі.

Қазіргі таңда жан-жақты физикалық даярлық қажет екендігі туралы ереже жалпыға бірдей танымға ие бола бастады. Физиологиялық зерттеулер мен дәрігерлік бақылаулардың мәліметтеріне арқа сүйей отырып, кейбір авторлар мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеудің жалпы жүйесінде төзімділікке бағытталған дене жаттығуларын пайдалануға жол беруге болады, бірақ тәсілдерді дұрыс таңдау және күш түсулерді мұқият мөлшерлеу шарты орындалуға тиіс деп санайды. Жекелеген отандық және шетелдік мамандардың айтқан пікірінше, балалық шақтың өзінде-ақ төзімділікті дамытуға үшін қолайлы алғышарттар бар.

Қолданылатын педагогикалық әдістердің (жол берілетін күш салулар, жаттығу жұмыстарының, арнайы және жалпы дене қасиеттері даярлығының амалдарының қарқындылығы мен көлемдерінің ұтымды өзара байланыстары және т.б.) тиімділігін анықтау оқушылардың морфо-функционалдық дамуын бақылаудың негізінде жүргізілуге тиіс. Әсіресе төзімділікке бағытталған жаттығулардың негізгі «ауырлығы» осыларға түсетін жүйке, жүйке-тамыр және тыныс алу жүйелерінің күйін мұқият зерттеу маңызды болып келеді. Осы міндетпен байланысты мәселелер шеңберіне өзіне, жекелей алатын болсақ, жүректі ерте жастан бастап шектінің маңындағы қуаттылықпен ұзақ уақыт жұмыс істеуге бейімдеудің мүмкін болатын зардаптарын зерттеуді қосады. Жүйке жүйесінің, зат алмасудың және реттеудің бүкіл жүйесінің бала жастан басталған, ұзақ уақытқа созылған денеге күш салулармен жүргізілетін жүйелі түрде шұғылданудың нәтижесіндегі күйін зерттеу де қызығушылық тудырады.

Төменгі мектеп жасындағы балалардың аэробтық жұмысқа қабілетін зерттеулер келесіні растап отыр: төзімділікті анықтайтын күш салулар кезіндегі жалпы жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері организмнің аэробтық өнімділігімен тығыз байланысты және жас өсе келе заңды түрде арта түседі. Зерттеулер төзімділікті дамытатын күш салулардың әсерімен шұғылданушыларда тыныш жағдайда жүрек қысқару жиілігінің төмендеуі байқалатындығын көрсетіп отыр. Осылайша, бұл жағдай қан айналымының тиімділігін азайтпай, керісінше, функционалдық мүмкіндіктер диапазонын кеңейте түседі. Жүрек қысқаруларының жиілігі күш салуларға бейімделу барысында жүрекке күш түсу көрсеткіші болып қызмет атқарады.

Тамыр соғуының қалпына келу жылдамдығы күш түсу қарқындылығымен тығыз байланысты. Циркуляциялаушы қандағы анаэробтық метаболиттердің концентрациясы төмен болып қалып отыратын салыстырмалы түрдегі шағын жұмыс қуаты кезінде тамыр соғуының қалпына келу жылдамдығы жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердің қанмен жабдықталуына байланысты болып келеді. Қарқындырақ жұмыс істеген кезде және анаробты метаболиттердің, оның ішінде сүт қышқылының жоғары концентрациясы кезінде күш түскеннен кейін тамыр соғуы жұмысының қалпына келуі қанның минуттық көлемінің адекватты арту дәрежесіне байланысты болады.

Мектеп жасындағы балаларда төзімділікті дамыту олардың жан-жақты дене қасиеттерінің даярлануының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Төзімділік қимыл-қозғалыс әрекетінің айтарлықтай көлемін орындауға; орындалып отырған жұмыстың жоғарғы деңгейін ұзақ уақыт ұстап тұруға; айтарлықтай күш түскеннен кейін күштерін жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Субмаксималды қарқындылықта жұмыс істеген кездегі төзімділікті және жетілген организмнің қажып, болдыруын зерттеуге арналған жұмыстар көлемінің көп болғанына қарамастан, бұл мәселелер мектеп жасындағы балаларда жеткіліксіз түрде шешілген болып табылады. Төзімділікке әсер ететін факторларды анықтау оны дамытудың ең тиімді жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің зерттеуімізде дене қасиеттерінің дайындалғандығының осы бір маңызды құрамдас бөлігінің дамуына ықпал ететін факторлардың үлкен шеңберінің жас өсе өзгеруін зерттеуге ұмтылыс жасалды. Әсіресе мұны дене шынықтыру сабақтарының негізгі міндеттеріне кереғар келмеуге тиіс болатын, мектеп жағдайларында төзімділікті дамытуға бағытталған педагогикалық процесті құрған кезде ескерген маңызды.

Жоғарыда айтылып кеткеніндей, төзімділіктің көрініс табуына факторлардың кешені себепші болады. Жалпы қабылданған түсініктерге сәйкес, қарқынды бұлшық ет жұмысын орындаған кезде төзімділік осыларға байланысты болып келетін негізгі факторлар болып өзіне энергиямен жабдықтаудың үш негізгі түрін: аэробты, анаэробты-гликолиздік және анаэробтық лактатты түрлерін қосатын, организмнің аэробтық және анаэробтық мүмкіндіктері табылады. Өз кезегінде энергиямен жабдықтау көздері қуатпен – энергияның босану жылдамдығымен, сыйымдылықпен – пайдалану үшін жол берілетін субмаксималды қорлардың (майлар, көміртектер, гликоген, аденозин үшфосфорлы қышқыл, креатипфосфат) мөлшерімен және организмдегі метаболалық өзгерістердің жол берілетін мөлшерімен сипатталады.

— Белгіленген қарқындылықтағы қызметті, іс-әрекетті энергиямен қамтамасыз етудің (аэробтық энергоөнімділіктің, яғни жұмыс істеп тұрған бұлшық ет бірліктеріне оттегін жеткізу (негізінен алғанда орта және ұзын қашықтықтарға жүгіруде және спорттық жүрісте) тиімділігі;

— анаэробтық лактатты энергоөнімділік (көбіне көп орта қашықтықтарға жүгіруде);

— анаэробтық алактатты (фосфатты) энергоөнімділік (көбіне көп қысқа қашықтықтарға жүгіруде, секірулерде және лақтыруларда);

— шұғылданушының координациялық қабілеттері;

— төзімділіктің көрініс табуы үшін жасалатын қимылдардың үйлесімділігі, энергетикалық мүмкіндіктерді шығындаудың үнемділігін анықтайтын іс-әрекеттер кешенін меңгеру маңызды мәнге ие болып келеді. Бұл ретте кемеліне жеткізілген техника энергияны үнемдеуге, күшті сақтап қалуға, келіп жететін шаршап, қажудың дәрежесін төмендетуге, яғни төзімділіктің жоғарырақ деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

— шұғылданушының ерік-жігер қабілеттері, яғни іс-әрекетті, қызметті орындаудың ішкі де, сыртқы да өзгеріп отыратын орта жағдайларындағы тиімділігін қамтамасыз ететін жеке бас қасиеттері (жолдан тайдыратын факторларға қарамастан, мақсатқа жетуге ұмтылу, шамадан тыс күш түскенде ауыруды жеңіп шығу, қолайсыз жағдайларда жұмыс істеу және т.с.). Сүт қышқылының шамадан тыс жиналуына тұрақтылық (әдетте, орта және алыс қашықтықтарға жүгіргенде).

Жалпы төзімділіктің негізгі құрамдас бөліктері болып жұмысты энергетикалық қамтамасыз ету факторлары, функциялық және биохимиялық экономикаландыру, жеке бас-психика факторлары табылады.

— Жұмысты энергетикалық қамтамасыз ету факторлары және энергия алмасу мен түрлендіруді қамтамасыз ететін жүйелердің функционалдық қуаты (ішкі және сыртқы тыныс алу, оттегін өкпеден жұмыс істеп тұрған органдарға көшіру жүйелерінің қызметін сипаттайтын аэробтық энергия өндіргіштік); анаэробтық лактаттық өндіргіштік); анаэробтық алактатты (фосфатты) өндіргіштік;

— функционалдық және биохимиялық үнемшілдік факторлары жаттығуды орындау нәтижелері мен оған қол жеткізуге кеткен шығындардың ара қатынасын анықтайды; үнемшілдіктің екі қыры бар: техникаға және оны меңгеру деңгейіне немесе жарысу іс-әрекетінің, қызметінің ұтымды тактикасына байланысты болып келетін биомеханикалық үнемшілдік; тотықтырғыш жүйесінің сүт қышқылын жинаусыз энергиясы есебінен жұмыстың қандай үлесі орындалатындығымен анықталатын функционалдық үнемшілдік.

— жеке бас-психикалық факторлар. Оларға жоғарғы нәтижеге жетуге деген мотивация, ұзақ уақыт қызмет етуге, іс-әрекет жасауға тұрақтылық, ерік-жігер қасиеттері (мақсатқа ұмтылғыштық, табандылық, организмнің ішкі ортасындағы қолайсыз қозғалыстарға шыдай білу) жатқызылады.

Жалпы төзімділіктің анықтаушы факторларының бірі организмнің жұмыстың қуаттылығына сәйкес қан айналысының тұрақты деңгейін ұстап тұруға қабілеттілігі болып табылады. Бұл ерекшелікті арта түсетін қуаттылықтағы велоэргометриялық күш түсу жағдайларында тамыр соғуының және артериялық қысымның қисығын жалпы қабылданған әдістермен зерттей отырып тексеруге болады.

Төзімділікке күш түсіру кезіндегі организмнің жұмысқа қабілеттілігі адамның жасымен тығыз байланысты. Бұл қуаттылығы арта түсетін велоэргометриялық күш түсірумен сынаған кезде айдан анық білінеді. Шұғылданушының жасы неғұрлым көбірек болған сайын, сыналушы қол жеткізетін шекті қуаттың деңгейі соғұрлым айтарлықтай болады.