МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Дидактикалық ойындарды оқытуды ұйымдастыру тәсіл ретінде пайдаланудың бірінші әдістемелік ерекшелігі — математиканы оқытуда сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда кез-келген кіші жастағы балаларға пайдалануға болатындығы, — деп тұжырымдаймыз. Мысалы, «Бәйге», «Баспалдақ», «Ақ сүйек», «Жамбы ату», т.б. ойындарының математикалық мазмұнын оқылатын тақырыптарға сәйкестендіріп пайдалануға болады.

Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдігімен дәлелденген халықтық педагогика үлгілері тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Қаншама заман өтсе де маңызын жоймаған халықтың педагогикалық мұрасын тәлім тәрбиенің түп қазығына айналдыру ата ананың да, мектеп мұғалімдерінің де асыл борышы. Баланың ақыл ой, зердесін тәрбиелеуде атам заманнан жиналған мол тәжірбиесі ғасырлар бойы сараланып, ұлттық тәлім тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста дамып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыр.

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, шығармашылығын оятып, логикасын жетілдіріп, бүкіл өміріне ұштаса береді, фольклор қазынасы баланың білімділік қабілетін дамытуға көмектеседі.

Халық педагогикасының ішіндегі қазақтың ұлттық ойындары: «Алтын сақа», «Бәйге», «Көкпар», «Сақина салмақ», «Бес тас», «Тоғыз құмалақ», «Күміс алу», «Ақсүйек» тағы басқалары ата бабамыздан бізге жеткен байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор [1].

Ұлт ойындарының халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаймыз, себебі адам баласы жасаған «жеті кереметтің» сегізіншісі болып осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес. Біздің оқушыларымыз өзіміздің ұлттық ойындарымызды үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата бабаларының психологикалық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістете отырып, өткені мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне ұлт ойындарын жеткілікті білулері көп септігін тигізеді. Оқушылар ойын арқылы бір бірімен тіл табысып, тез ұғынысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты, білімділікті үйренеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы болуды армандайтын оқушы жоқ. Демек, ойынның өзі балаға білімнің, тәрбиенің қайнар көзі сияқты ықпал етіп, танымын жетілдіреді.

Бала бойындағы білімділікті, қабілетті дер кезінде танып, оның өз мүмкіндігіне сенімін арттыруда математика сабағындағы ойын есептерінің маңызы ерекше. Сондықтан да ұлттық ойындарды мән мағынасына қарай жеткіншектерге жан жақты терең білім беруде орынды қолдана білу артық емес. Халқымыздың тұрмысы жан жануарлармен тығыз байланыста болғандықтан төрт түлік малды халқымыздың сүйіп, қалай өсіргендігін мына санамақ ойын есебінен көруге болады:

«Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнаққұлақ бес ешкі,

Төрт қозылы екі қой».

(он жеті)

Ұлттық ойындарда балалар жиындарда, үзіліс арасында, бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді қабілетті оқушылардың жетекшілік ролін пайдаланған жөн. Тәрбиешілер ұйымы осы оқушы белсенділер көмегімен, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындарды ойнауды жалғастырады. Оған бақылау, басшылық жасайды. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойын барысында тынығады. Оқушыөмір танымын кеңейтеді бірлеседі ұжымшылдыққа үйренеді.

Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Мысалы, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ойнауға мынадай қазақтың ұлттық ойындарын ұсынуға болады: «Айгөлек», «Арқан тарту», «Белбеу тастау», «Соқыр теке», «Қойыңа қасқыр шапты», «Ат қума», «Жаяу көкпар», «Түйе-түйе», «Омпы», «Жалау алу», «Қасқыр мен ешкі», «Алшы», «Хан», «Хан жақсы ма?», «Күзетшілер», «Ұшты-ұшты», «Көрші-көрші», «Сақина жинау», т.б. [2].

Ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрімен әдет ғұрыпын жоғалтпай, оны ары қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулап, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін артырады, денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Бұл ақыл-ойдың, мидың қабылдау процесіне әсер етеді. Дене шынықтыру пәнінде және сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындар өткізу мынандай кезеңдерден тұрады: 1. Ойын өткізілетін орынды таңдау; 2. Ойынды ұжымдастыру, басқару; 3. Жаңа ойынды ойнау, өткізу; 4. Ойынды қорыту.

Балалардың танымдық қабілетін дамытатын жеке қызығушылығының негізгі бір жолы – дидактикалық ойындар. Ойынды мұғалім баланың ойлау іс-әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданады.

Жаңа тақырыпты түсіндіру, оны пысықтау үшін, жаттығулар орындау, өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау үшін пайдаланатын дидактикалық ойындардың мазмұндары, мысалы, «Орамал тастау», «Сақина салу», «Жамбы ату», «Ханталапай», «Ақ сүйек», т.б. ойындар [3].

Ойынды жүргізу барысында балаларды ұлттық ойындардың желісі арқылы тақырыпқа сәйкес ойын-есептер ұйымдастыру, сол арқылы олардың бойына ибалық, байсалдылық, тапқырлық, шыншылдық және т.б. қасиеттерді сіңіру, қалыптастыру — басты нысаны. Сондықтан математика сабағында пайдалануға болатын дидактикалық ойындардың мазмұнын, шарттық көрнекі құралдарын, ойнау ережелерін, қарапайым тапсырмаларды оқушылар өздері орындауға шамасы жететіндейін сұрыптап үлгісін ұсынамын.

Дидактикалық ойындарға тапсырмалар өзегі табылады. Бұл ойындарды математика сабақтарында және сабақтан тыс уақытта өткізуге болады. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, шығармашылық қабілетін оятып, логикасын жетілдіріп, бүкіл өміріне ұштаса береді. Дидактикалық ойындар баланың математикалық қабілетін дамытуға көмектеседі.

Бұл дидактикалық ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне және оқу

бағдарламасына байланысты математика сабағында пайдалануға болады. мысалы, «Орамал тастау» (1-нұсқа) ойыны.

Дидактикалық мақсаты: Балаларға сан құрамын толық меңгертуге және есеп құрап шығара білуге үйрету. Ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құралдар: Әр топқа бір-бірден бет орамал таратылады. Үлкен етіп жазылған 13,15,16 сандары.

Мазмұны: Топ қатарға байланысты топқа бөлінеді. Әр қатар бір топ болып есептеледі. Ойын басқарушы бала бір қолына орамал алады, ал екінші қолына жазылған сан алады. Бала санды жоғары көтеріп, орамалды өзі қалаған балаға береді. Ол санның құрамын айтып, орамалды келесі балаға жалғастырып, бала бірден жауап береді. Қалған топтың балалары ойынды бақылап отырады.

13=7+613=9+4

13=8+513=11+2

13=10+313=14-1 т.с.с.

1-ші топ болған соң, 2-ші, 3-ші топтар жалғастырады. Ойын барысында әр топтың тұсына (тақтаға) қате жіберген жағдайда, белгі қойып отырады. Нәтижесі сол арқылы анықталады. Ойынды бір тақтаны (санды) санға ондықтан аттап қосу, ондықтан қосу, ондықтан аттап азайту, екі таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға қосу және азайту т.с.с.

«Орамал тастау» (2-нұсқа).

Дидактикалық мақсаты: Теңдеуді шешуге, әріпті өрнектрдің мәнін табуға арналған (ең қарапайым жеңіл түрі алынады).

Керекті құрал: Топтағы оқушылар екі топқа бөлінеді де, бір-біріне қарама-қарсы тұрады немесе отырады (арасы 5-6 метр, 10 м болуы керек). Жүргізуші қолындағы орамалды 1-ші топтың шеткі ойыншысына береді. Ол ойыншы қарсыласына теңдеу немесе әріпті өрнек жасырады (жұмбақ жасыру ойыны сияқты): (х+8=12) Белгісіз қандай санға 8-ді қосқанда 12 саны шығады? Қарсы топтағы бала орамалды қосып алып, жауабын айтады. Егер жауабы дұрыс болмаса, өнер көрсетіп орнына отырады немесе ойыннан шығып кетеді де, бақылаушы болып отырады. Егер дұрыс жауап берсе, ойын әрі қарай жалғасады. х-4=7 қай санды 4-ке азайтқанда 7 саны қалады? (жауап береді), жауапты тек қана орамалды ұстаған, аты аталған бала ғана айтады. Күрделендіріп мұғалім өз қалауынша келесі сабақтарда қолдана беруіне болады.

«Шынжыр» ойыны.

Дидактикалық мақсаты: 20 көлемін ауызша және жазбаша есептеп дағдыландыру.

Қажетті материалдар: Цифрлар жазылып, қиып алынған карточкалар.

Мазмұны: Мұғалім 1-ден9-ғадейінгісандаржазылған карточкаларды балаларға таратып береді. Ойынның тәртібімен таныстырады. Бір балаға карточканы береді де, тақтаға шығарады. Бала қолындағы санды атайды. Мұғалім балаларға қарап, сол санды 9-ға дейін толықтыр дейді. Содан соң оны 14-ке, соңынан тапсырма береді. Қалған оқушылар бақылушылар ролінде болады.

6+3+5+6=20

2+8+7+3=20

4+2+3+6+5=20

Ойыннәтижесіндетезжәнеқатесізорындағантопозып шығады. Ойынды сан құрамын табуға,ондықтан аттап қосу мен азайтуға да пайдалануға болады. Келесі сабақтарда күрделендіріліп, орындай беруге болады [4].

«Ақ сүйек» (Белгісіз санды табу). Дидактикалық мақсаты: Белгісіз санды табуға, өрнектің мәнін табуға жасырынып тұрған санды тауып жаттауға арналған ойын.

Керекті құралдар: Белгісіз санды табуға арналған кесте, әріпті өрнектер мен теңдеулер (осы ойынға тиесіле ғана тоқтап алады).

Мазмұны: Ойынға топ толық қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «Ақ сүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Дұрыс шығармаса, көрмей аттап кетеді.

12 7   9 3 4 5   А 8 7 9 6
12   8           А+4        

«Бәйге» ойыны.

Дидактикалық мақсаты:Біртаңбалысандықосужәнеазайту, ондықтан аттап қосуға байланысты мысалдар шығарып жаттығу.

Керекті құралдар: Әр топқа арналған кішкентай жолаушылар, сол ойынға қатысқанбалаларғаарналғанномер,қосымшамысалдар жазылған карточкалар, плакат.

Мазмұны: Мұғалім топты бірнеше топқа бөледі де, оқулықта жаттығуға берілген мысалдарды карточкаларға немесе ойын тақтасына плакат жазып қояды. Бәйгеге түсетін бала алдын ала 1-ші турдан өтіп мысалдарын шығарып, жарысқа қатысуға жолдама алады. Жарысқа қатысуға жолдама алған топтың балалары алдымен бір-бірден тақтаға шығады: мұғалім жарыс тәртібімен таныстырады. Екі бала өздеріне тиесілі жолдың бойындағы есеп-мысалдарды шығара отырып, алға жылжиды. Кім бірінші болып мәреге жетсе, сол топ жеңеді. Мәреге жеткенше қатысқан баланы шаршады деп есептесе, басқа балалармен ауысуға болады. Қалған топтың балалары «жанкүйерлер» болып отырады. Ойынды күрделендіріп келесі сабақта қолдана беруге болады.

«Сақина салмақ» ойыны.

Дидактикалық мақсаты: Оқулықты пысықтауға арналған бағандағы мысалдарды ауызша немесе жазбаша орындап, жаттығу кезінде пайдаланады. Жарыса отырып, жылдам есептеуге жаттығады. Керекті құралдар: Топ санына байланысты 2 немесе 3 сақина, не оның орнына құрт, кәмпит, түйме, т. б. Қолда барды пайдалануға болады (әр қатарға бір-бір сақинадан болса, ойын тез жүреді).

Мазмұны: Топтағы балалар 2 немесе 3 топқа бөлінеді. Сыныпта неше қатар парта болса, сонша топ болады. Әр топқа бір-бір сақина береді. Тақтаға топ санына байланысты, баған түрінде мысалдар жазып қойылады. Әрбір қатар мысалдарды топқа бөліп береді. Мұғалімнің командасы бойынша, қолында сақинасы бар ойын бастаушылар бірінші мысалды шығарып, ойынды жалғастырады. Ойын үнсіз жалғасады. Ойынды қай топ бірінші аяқтаса және дұрыс орындаса, сол топтың балалары ұтады (бағалауға да болады). Ойын бірдей уақытта басталып, бір мезгілде үш топпен бірдей аяқталуы да мүмкін. Онда шығарылған мысалдардың дұрыстығы ескеріледі [5].

Сабақта осындай дидактикалық ойындарды қазақтың ұлттық ойындармен байланыстыра жүргізу келешек жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Себебі ұлттық ойындар арқылы жас ұрпақ өзінің кім екеніне, ата-анасының өсу тарихына көз жібереді.