1.‘’Оғыз-наме’’-түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма. Соның өзінде, шығарманың сюжеттік желісі жеке ру-тайпалар шежіресіне негізделген емес. ‘’Оғыз-намені’’-әрі көркем, әрі тарихи туынды деуге болады.
‘’Оғыз-намеде’’, негізінен, Оғыз қағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ерлік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеясы-елді ауызбірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.
Бұл көркем туындының ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқасы бар. Бірі — ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған. ‘’Оғыз-наме’’ жырының осы нұсқасы Париждің ұлттық кітапханасының қорында сақталып келеді. Ал, екіншісі-араб әрпімен жазылған. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы-атақты тарихшы, белгілі әскери қолбасшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан (1603-1663ж.).
- ‘’Оғыз-наме’’ аңызының Париж ұлттық кітапханасында сақталған нұсқасы көлемі жағынан онша үлкен емес. Қолжазба небәрі 21 парақ немесе 42 бет болып келеді. Әрбір бетке 9 жолдан ғана жазылған. Мұның өзі кездейсоқ жәйт емес, ‘’Оғыз-наме’’ өзінің композициялық құрылысы жағынан “Күлтегін” жырына өте-мөте ұқсас деуге болады. Бұл екі шығарманың авторлары сол дәуірдің өзіндік әдеби дәстүрін берік ұстаған сөз зергерлері болса керек. “Оғыз-наме” –қырықтан аса цикл-хикаядан тұрады. Әрбір циклда “Оғыз қаған” туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады. Әрбір циклдың өзі үш элементті қамтиды. Олар : бірінші — оқиғаның басталуы, екінші – оқиға желісінің үлғайып, өрістеуі, үшінші – оқиғаның түйіні, қорытынды.
“Оғыз-наме” – Оғыз қағанның ата-тегін, өмір жолын, күресін баяндайтын мифтік сюжеттегі ерлік жырға жатады.
Жыр негізгі екі бөлімнен тұрады:
1) оғыздың өсуі, билікке келуі, 2) жорықтары мен соғыстары. Алғашқы бөлім шығарманың халық аңызы мен ертедегі мифтеріне сәйкестігі екендігін аңғартса, соңғы бөлімнен тарихи деректердің кейбір елесі көрінеді. Шығармада аты аталатын жер, тайпа, мемлекет аттары шындыққа жанасады.
- “Оғыз-наменің” негізгі идеясы бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күреске шақыру болып табылады.
Дастанның оқиға желісі ақиқат пен аңызға бірдей негізделген . Мұндағы мәліметтерді ғалымдар екі топқа бөліп қарастырады: 1. Оғыз-түрікмен эпосына негізделген деректер. 2. Тарихи тұрғыдан реалдық негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен мәліметтер.
“Оғыз-намені” ақиқат пен аңызға бірдей негізделген шығарма деуге болады. Мұндағы мәліметтерді әдетте ғалымдар мынадай топтарға бөліп қарастырады: 1. оғыз-түркмен эпосына негізделген деректер. Бұған Оғыз батыр мен оның ұрпақтары жасаған әскери жорықтар туралы аңыздар енеді. 2. Тарихи тұрғыдан реалдық негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен мәліметтер. Бұл негізінен оғыз тайпаларының түрлі тарихи кезеңдерде қоныс іздеп, көшіп-қонуы жайындағы, оғыз елінің ішкі қоғамдық-әлеуметтік өмірі туралы деректер. 3. оғыз елініңкөрші тайпалармен және тайпалық бірлестіктермен қарым-қатынасы жайындағы аңыздар.
- “Оғыз-наме” аса маңызды тарихи шығарма ғана емес. Сонымен бірге, ол ғажайып әдеби ескерткіш болып табылады. Мунда түркі халықтарының көптеген аңыз-әңгімелері, өлең-жырлары, қанатты сөздері, мақал-мәтелдері өзінің көркемдік көрінісін тапқан деуге болады.
Бұл ежелгі дәуірдің әдеби мұрасынан алғашқы қауымдық құрылыс пен әуелгі орта ғасырда орын алған тарихи оқиғалардың ізін айқын аңғаруға болады. Мунда тіпті жеке адамдардың есімдері, нақтылы жер-су аттары, түрлі ру-тайпалар атаулары, т.б. бар.
Қорыта айтқанда, “Оғыз-наме” – генеалогиялық аңыздар негізінде жазылған, қазіргі түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан мағлұмат беретін, көркемдік дәрежесі биік, эпостық туынды.