Өркениетке ұмтылған бүгінгі күннің талабына орай болашақ ұрпақты ұлттық тәлім – тәрбие өнегесіне сүйене отырып, парасатты тұлға ретінде қалыптастыру, ақыл-ой, таным қабілеттерін жетілдіруде дербес іс-әрекетке баулу, адамгершілік эстетикалық сезімталдыққа ,еңбекқорлыққа тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда Қазақстан Республикасының Конститутциясының «Тіл туралы» заңында, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетіледі. Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың оқу, тәрбие жағдайы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі ретінде қарастырылып отыр. Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени даму тұжырымдамасында: «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму дегеніміз-ең алдымен адамзат прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге, халықтардың рухани байлықтарына қайта оралу,мәдениеттің барлық салаларында ұлттық мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау»- деп атап көрсеткен. Осы қағидалар негізінде балаларды мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап еңбекке баулу. Іскер, еңбекқор, өз еңбегін де,өзгенің еңбегін де,бағалай білетін еңбек дағдысы қалыптасқан елінің әлемдік өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуына үлес қосатын білімді адамзат етіп тәрбиелеу әрбір ата-ана мен педагогтың міндеті. Халық ұлт ретінде ежелден келе жатқан өзіне тән өнері мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдени тұрмыстары арқылы жетілетіні белгілі. Өйткені, ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып жалғасын тауып, мазмұнын жетілдіріп келе жатқан халық мұраларындағы озық үлгілер, әрбір жеке тұлға дамуына себепші болады. Қазіргі таңда ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, жаңа көзқараспен болашақ ұрпақты тәрбиелеу мақсатында зерттеу қажеттілігі өмір сұранысынан туындауда. Ұлттық салт-дәстүрдің тәрбиелік қағидаларын ұрпақ бойына сіңіру баланың мектепке дейінгі кезеңнен, отбасы, балабақша, мектеп арқылы орнығатын ұзақ үрдіс. Қазақ халқының бай мұрасы, тұрмысындағы терең мазмұнды мәдени ұлттық ерекшеліктері, бүлдіршіндердің талғам-сезімдеріне, қиялдары мен ерік-жігерлеріне ықпал етіп еңбекқор болып өсуінің маңызы зор. Осыған орай қазақ балабақшасындағы оқыту; тәрбие мазмұнын жаңарту тұжырымдасында: «балабақшадағы тәрбие мазмұнын қайта құру, баланы ұлттық дәстүрлер негізінде тәрбиелеуде басты міндеттердің бірі-бойында ұлттық психология қалыптасқан, ұлттық салт-дәстүрлерді меңгерген дені сау, тілі түзу, еңбекқор ұл мен қыз тәрбиелеуде әулет пен балабақша арасында халықтық педагогика негізінде ізгілікті тәрбие берудің негізін қалау» — деп көрсетіледі. Ал, халық педагогикасының түп тамыры қазақ халқының әлеуметтік, тұрмыс-салт шаруашылық кәсібімен, қолөнермен сабақтасып, салт-дәстүрімен тығыз байланыста туындап, дамып ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырғаны белгілі. Қазақ халқында ата-заманнан келе жатқан салт-дәстүрдің алатын орны ерекше. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік мәні зор. Балабақшадағы балалардың бойына салт-дәстүрді сіңіре өсіру біздің міндеттіміз. Ата-бабамыздан мұра болып қалған салт-дәстүрсіз, ішкі рухани байлықсыз, әдет-ғұрыпсыз баланы тәрбиелеп, білім беру мүмкін емес. Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-балабақша. Сондықтанда тәрбиеші ретінде өз тәжірбиемде балаларға ұлттық ойындар ойнатуды үйреттім, астарын ішіп болған соң, бата берілгеннен соң орындарынан тұруды үйренді. Мысалы: ұлттық ойын ойнау баланың салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Ойын арқылы балалар сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын оятады. Балалар сабақ барысында немесе сергіту сәтінде ұлттық ойындарды ойнаса да болады. Ойын дегеніміз-жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ұлттық ойындардың түрлері: асық, қыз қуу, арқан тарту, ақсүйек ойындарын ойнату. Ұлттық ойындар арқылы балалар салт-дәстүрді меңгерумен қатар, дене жаттығуы мен де ерекшеленеді. Қыз балалар қуыршақты ұйықтату үшін де, бесік жырын айтып әлдейлейді.Балаларға жақсы тәрбие,үлгі өнеге беруде мақал-мәтелдердің де орны ерекше. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды. Мысалы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде, тірлік бар» — деген тақырыптарда тәрбие сағаттарды өткізуді жолға қою.Тәрбие сағаттарда қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәнін ұғындыру. Балалардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Баланың өмірге көзқарасының,алғашқы еңбек туралы түсінігімен еңбек дағдыларын бастапқы кәсіби бағдарының негізі отбасында қалыптасатыны сөзсіз. Мектеп жасына дейінгі балалардың меңгеретін қарапайым еңбек әрекеттері, олардың өмірге даярлықтарының басты да алғашқы мүмкіндіктері болмақ. Тәрбиешінің арнайы мақсат көздеп,ұйымдастырған еңбек тәрбиесі арқылы бала айналасының бәріне қызығушылықпен қарап, еңбекке деген талпынысы оянады. Балабақшада баланы еңбекке баулудың мақсаты, оның мазмұны, еңбек түрлері, әдіс-тәсілдері көп жағдайда ата-аналарға таныс болмайды. Баланың еңбекке талпынысын, қызығушылығын дамыта түсу үшін,ата-ана мен тәрбиешінің байланысы, бірлескен педагогикалық әрекеті аса қажет. Мектепке дейінгі болашақ ұрпақты еңбекке баулу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырып, тұрмыс-салт дәстүрі негізінде еңбекке баулуға байланысты арнайы зерттеу жұмысын жүргіздік. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу мәселесі біз қарастырған педагогикалық мүмкіндіктермен шектелмейді. Өйткені, тұрмыс-салт дәстүрлерінің өзі аса бай, мол мұра. Ал оны ғылыми тұрғыда жетілдіру, толықтыру, түрлендіру болашақтың арқауы болмақ.