Критериалді бағалау технологиясының болашақ кәсіптік оқыту мұғалім

Аңдатпа. Оқыту үдерісі көптеген міндеттерді талап етеді. Оның біреуі – баға қою. Бағалаудың ең маңыздысы мұғалімнің әділ болуы. Сондықтан, мұғаліммен қатар студенттің де баға қою мәселесінен тыс қалмай, жауапкершілігін арта түскенін қалаймыз. Бағалауда студенттердің де пікіріне құлақ салған жөн. Бұл жұптардың өзара және өз-өздеріне баға беру арқылы жүзеге асады.

Кілттік сөздер. Критерилі бағалау технологиясы, білім жетістігі, тапсырмалар.

Он екі жылдық білім беру тұжырымдамасы мен оның білім беру мазмұнын құрастыру және талқылау кезеңдері аяқталу барысында білім алушылардың білім жетістігін бағалау жүйесі анықталып, оны қоғамның зиялы және педагог қауымы қызу талқылауға кірісе бастады. Бұл критериялар бойынша білім алушылаға білім беру тұлғалық — іс-әрекеттік парадигма (үлгі) арқылы жүзеге асырылуын көздейтінін және білімді толық меңгеру технологиясын қолдануды ұсынады [1]. Осы білімгерлердің білім жетістігін бағалау жүйесіндегі әдіснамалық және теориялық зерттеулерде қарастырылды, оның сапалы және орнықты дидактикалық мүмкіндігін талдап көруді орынды көрдік.

Біздің еліміздегі білім беру жүйесіндегі жаңартудың жан-жақты ауқымдағы үдерісі жекелей-әрекеттік оқытуды іске асыру жолымен сапалы нәтижеге жетуге кепілдік беретін тиімді бағалау жүйесін оқыту үдерісіне енгізуді көздейді.

Білім берудің мемлекеттік бағдарламасында білім беру ісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты бүгінгі заман талабына сай білім беру жүйесінің халықаралық талаптарға сай дамыту міндеті тұр. Бұл міндетті жүзеге асырудың бірден-бір жолы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін жаңашаландыру, яғни өмір бойы үздіксіз білім алуға көшу.

Қазіргі уақытта мұғалімнің алдында тұрған жауапты міндет – білім алушыға тиянақты білім беру. Оқыту үдерісінде білім алушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімін туғыза білу, білім алушының білімге ынтасын көтере білудің маңызы ерекше. Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт — бағдар беру, ой — өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті.

Осы заманғы әрбір жас маман тек дайын білім жүйесін қабылдап, оны қайталап қолдануға ғана емес, сонымен қатар күрделі стандартты емес мәселелерді шешу үшін қажет болатын шығармашылық қызметті де орындауға әзір болуы керек.

Қазақстанда жоғары білім беру стандарттарын енгізумен қатар, ғылыми негізделген, студент білімін бағалайтын және бақылайтын диагностикалық әділ жүйені ұйымдастыру да — өзекті мәселенің бірі. Басқа сөзбен айтқанда білім беру жүйесінде студент пен оқытушы әрекеті барысында студент білімін әділ бағалау үшін қолайлы жағдай туғызу керек. Білімді бақылау және бағалаудың әдіснамасын құрып, жалпы қағидаларын анықтау мәселесі — қазіргі таңда оқытушылар арасында қызу талас туғызып отырған мәселенің бірі.

Мұндағы, күтер нәтиже: қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім – тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан – жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.

Соңғы кезге дейін Қазақстанның оқу орындарында қолданылған, білім сапасын бағалайтын жүйе — бес балдық баға шкаласы болды. Мектептерде осы шкала әлі сақталған. Мұндай баға шкаласы тек сессия уақытында ғана емес, ағымдағы білім деңгейін бақылауда да қолданылды. Аталған мәселені шешу үшін қазір жұмыс жасап жатқан және келешекте жұмыс жасайтын 12 жылдық бейіндік мектептерде оқытудың мақсатына, міндетіне және күтілетін нәтижесіне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу қажеттілігі туындады. Сондықтан жаңа тұрпатты мектептерде жұмыс жасайтын болашақ педагогтар Критериалды баға технологиясын меңгеруі тиіс.

Бітіруші мамандардың заманауи мектептегі жаңаша бағалау жүйесін меңгеруін қамтамасыз ету мақсатында 2013-2014 оқу жылынан бастап 5В012000- кәсіптік оқыту мамандығының оқу жоспарына «Критериалды бағалау технологиясы» пәні енгізілді.

Кафедрада 1 кредит көлеміндегі «Критериалды бағалау технологиясы» пәнінің Оқу-әдістемелік кешені әзірленді. Пәннің мазмұны педагогикалық технология ретіндегі бағалау теориясы мен әдістемелерінің негіздері, Қазақстан Республикасының 12-жылдық білім беру Концепциясының, Бейіндік оқыту тұжырымдамасының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім Беру Стандартының талаптарына сай бағалау талаптарын, сонымен қатар әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер жасау тапсырмаларынан тұрады.

Пәнді оқыту мақсаты – болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, әрбір студенттің оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан — жақты және әділ бағалай білу.

  1. Кәсіпке оқытудың әр кезеңіндегі білімдерін бағалау жөнінде студенттерге нақты түсінік беру; педагогтың сабақты ұйымдастыруы мен материалдық жабдықтауы, оларды жоспарлау жұмыстарын бағалау және оларды сабақтан тыс, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен басқаруда ескеру.
  2. Білім алушылардың пәндік білім, білік, дағдыларын және адамгершілік нормалары бағдарлы, жалпы адами және ұлттық құндылықтар тұрғысындағы іс — әрекет тәсілдерін меңгеру бойынша жетістіктерін көрсететін нақты нәтижелерді бағалау.
  3. Білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау.

Білім алушының оқу іс — әрекеттері тәсілдерін саралау үш деңгей аясында жүзеге асыру мәселесін қарастыру. Критерийлік – бағдарланған шкала нақты оқу үдерісі аясында білім, білік және құзырлықтарды берілген деңгейіне қаншалықты қол жеткізетіндігін анықтауға мүмкіндік беретін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы болып табылатынын ескру.

  1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуде білім берудің белгілі бір деңгейдегі білім беру стандарты аясындағы әрбір пәнді оқытуда орындалатын оқу іс — әрекетінің барлық түрінен алған ұпайларын жинау арқылы қол жеткізіледі. Бағаның объективтілігі білім алушылардың білімін және олардың іс — әрекеттерінен күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде оқушының оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау.
  2. Өз жетістіктерін бағалау — өзін — өзі тексеру мен бақылау, өзінің іс — әрекетін сыни тұрғыда бағалау, қателерді айқындау және оларды жоюдың жолдарын табу, сондай – ақ бағалау критеррилерін анықтай алу болып табылатын білім алушылардың өз іс — әрекеттерінің нәтижелерін алдын — ала өзіндік бақылауын ескеру.

Пәнді оқыту барысында келесі білім мен іскерліктерді меңгереді: балл жинау оқу жетістіктерін бағалауды даралауды жүзеге асыруға, белгілі бір уақыт аралығында жинақталған балдардың қосындысы көрініс табатын және оқу портфолиосы формасы түрінде жүзеге асырылатын білім, білік, дағдыларын мүмкіндіктеріне, қалауларына және қабілеттеріне қарай тереңдетуге, кеңейтуге және оның өзінің дамуының жеке траекториясын өз бетінше таңдауына мүмкіндік жасау. Нәтижесінде білім алушылардың өздері, олардың ата – аналары белгілі бір уақыт аралығындағы жетістігін салыстыра отырып, оның жеке даму динамикасын тұрақты қадағалауға мүмкіндік алады.

Пәнаралық байланысы: Педагогика. Кәсіби педагогика. Психология. Кәсіптік оқыту әдістемесі. Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру.

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болыптабылады [2].

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

«Бағалау» (appraisal) сөзі тағы басқа мағыналарды білдіреді. Ол бағалау әрекетін, бағалау қорытындысын, немесе зерттеу нәтижесі бар есептің мағынасын білдіруі мүмкін.

Бағалау — бірде бастапқы деректерден бірдей қорытынды, нәтиже шығатын ғылым.

Бағалаушыбелгілі бір обьектіге бағалау жүргізуге арнайы білімі бар маман.

Бағалаушының және бағалаудың анықтамасын қарастырайық:

Бағалау мақсатықұн туралы қорытынды жасау,

Бағалаушының мақсатымақсаты анық белгіленген бағалауға қорытынды жазған кезде тәуелсіз және үшінші жақ етінде әрекет ету.

Критерий — ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды [3].

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

  • алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
  • анық, айқындылығы;
  • бағаның әділдігі;
  • өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

«Критериалды бағалау технологиясы» пәнінің мазмұны студенттердің білім деңгейінің жетістігін бағалау 5 критерий (А,В,С,D,F) бойынша құрастырылды. Әрбір критерий тапсырмалары жүйелі орындауға бағытталған. «Тапсырма» сөзі бұл арада кең ауқымда қолданылады – ол мұғалімнің сұрағы, жаттығуы, шығармасы, жобасы және т.б. болуы мүмкін. Бағалау үдерісіндегі критерий түсінігі, мазмұны ондағы қолданылатын тапсырмалар мен әдістер келесі 1-кестеде келтірілген.

Кесте 1. Бағалау критерийлері

Критерий Әріп

тік жүйе

Мазмұны Білім алушылардың

когнитивтік іс – әрекеті

Тапсырмалар,

Бақылау әдістері

Білім А Меңгеретін және берілетін білім негіздерінің критерийі Білім алушылар мен мұғалім Тест тапсырмалары; терминдер мен ұғымдарды жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбi.
Түсіну В Білімді қабылдап, түсіну критерийі Студенттердің

белсенділігі

 

Ойды қозғау және аяқтау; графикті, суреттерді түсіндіріп беру.
Қолдану С Алған білімді қолдану критерийі Студенттің шығармашылығы

 

Шығармашылық оқу тапсырмалары, жеке — дара жұмыс жасау мақсатын түсіндіру; берілген болжамды тексеру.
Жинақтау

 

D Білімді жай қабылдамай, талдап, саралап салыстыру критерийі. Білім алушының өз іс – әрекеті мен белсенділігі Білімді жүйелеу және білімді топтастыру; салыстыру;
Талдау  

 

 

F

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығару критерийі Білім алушының өз іс – әрекеті мен белсенділігі Талдау, шешімін табу, алгоритм құрастыру, жүйелеу, зерттеу
Баға (сыни өзіндік пікір) Өз пікірін білдіріп, сынап, жоққа шығару, мақұлдамау критерийі Білім алушылар мен мұғалім Нәтиже шығару.

Мұндағы: түсіну, жинақтау, талдау – бұл категориялар ойлау үдерісінің операциялары және танымның әдістері болып саналады. Ал, болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің әдістемелік іс-әрекетінде — бұл білім нәтижесін алуға ықпал ететін бағалау критерійлері болып саналады. Бұл тұста Б.Блум таксономиясын қолдану болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің әдістемелік іс-әрекеттерін шыңдай түсуге жол салады, атап айтсақ, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру [4]. Б.Блум таксономиясының негізінде болашақ мұғалімдердің креативтілігі, шығармашылық дербестілігі қалыптасады деп білеміз. Өйткені, кәсіптік оқыту үдерісінде болашақ мамандардың алған білімдерін шығармашылық деңгейге жетелеу, өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Б.Блум таксономиясының ұтымдылығы да сонысымен ерекшеленеді (Кесте 2).

Кесте 2. Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерінің мазмұндық сипаты

Бағалау критерийлері Мазмұндық сипаты
Білім Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Түсіну Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: Трансляция –оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.); Интерпретация –оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау; Жорамалдау –оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Қолдану Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Жинақтау Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді. Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру.
Талдау Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, т.б.), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Баға (сыни өзіндік пікір) Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

Кесте 3. Критерий бойынша білім алушылардың білім жетістігін бағалауға арналған дескрипторлар

Критерий Дескрипторлар
F Бағдарлама материалы бойынша білімдер жоқ; оқу бағдарламасының негізгі материалын білмеу; дөрекі қателерді жіберу.
D

 

Жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес; бағдарлама материалын терең түсінбейтіні байқалады; басымды идеялар мен теориялық қағидаларды баяндау барысында жеке қателіктер жіберіледі
С Материалды тек репродуктивті баяндай алатыны байқалады; дербес қорытындылар мен тұжырымдар жасай алмайды.
В Жауап толық, дұрыс, негізгі идеяларды білетіні көрінеді; оқыған заңдардың қағидаларын білу, қоғамдық құбылыстарды дұрыс бағалау. Нақты материалды, негізгі түсініктерді және заңдылықтарды білу. Периодтық баспадан және басқа пәндерден материалды қосымша қолдану. Дәлелдей білу, аргументтер келтіру, қорытынды, тұжырымдар және қарсы пікірлер бере білу. Бірақ баяндау барысында басымды емес қателіктерге әкелетін мәліметтердің болуы.
А Жауап толық, дұрыс, негізгі идеяларды білетіні көрінеді; оқыған заңдардың қағидаларын білу, қоғамдық құбылыстарды дұрыс бағалау. Нақты материалды, негізгі түсініктерді және заңдылықтарды білу. Периодтық баспадан және басқа пәндерден материалды қосымша қолдану. Дәлелдей білу, аргументтер келтіру, қорытынды, тұжырымдар және қарсы пікірлер бере білу.

Мектеп жағдайына тоқталсақ [5]: Бағалау критерийлері мазмұнның күрделілік дәрежесіне тікелей бағынышты және тапсырмалардың күрделілігіне сәйкес квалиметриялық амал (сапаны өлшеу амалы) негізінде қойылған баға ғана білім сапасының нағыз әділ көрсеткіші бола алады: егер оқушы үш деңгей тапсырмаларын біртіндеп: толық және 75 пайыздан төмен емес көрсеткішпен дұрыс орындаса «өте жақсы», алғашқы екі деңгей тапсырмаларын ғана дұрыс орындаса – «жақсы»,тек бірінші деңгей тапсырмаларымен шектелсе – «қанағаттандырарлық» деп бағаланады (төмендегі 4-кестеге назар аударыңыз):

Кесте 4. Әр пән бойынша білім алушының білім жетістігін өлшейтін бағалау критерийлері

Деңгейлер Критерийлер Білім жетістіктерінің ең жоғарғы өлшемі
1-деңгей Білімі: тек ақпараттық сипаттағы мазмұнды «біледі», қайтадан айтып бере алады.

Біліктілігі: үлгі бойынша «қолданады».

5 балл, немесе

«сынақтан өтті»

2-деңгей Білімі: а) ақпараттың себеп-салдарын «түсінеді», б) «талдау» жұмыстарын жасай алады.

Біліктілігі: өзгертілген жағдайда «қолданады».

+4 балл = 9балл
3-деңгей Білімі: алған білімін «жинақтай» алады.

Біліктілігі: өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шеше алады (рефлексия жасай біледі).

+3 балл = 12 балл
Барлығы 12 балл

Баллды бағаға айналдыру шкаласы:

  • 11-12 балл – бағасы «5» (90%-100%);
  • 7-10 балл — «4» (75%-89%);
  • 5-6 балл — «3» (69%-74%);

5 баллдан төмен – «сынан өтпеді» (ешқашан «2» қойылмайды, себебі сынақтан өтуге міндетті).

Мұндай мазмұнның күрделілігіне сәйкес бағалау бойынша ұйымдастырылған жаңа сипаттағы оқыту үлгісін барлық типтегі мектептерге енгізу арқылы ауылдың да, қаланың да жалпыға бірдей орта білім беретін мектептері мен элитарлы мектептердің арасындағы айырмашылықтарды жою мәселесі шешімін табады: барлық оқушы барлық пәндерден бірінші деңгейдің тапсырмаларын толық орындап, «сынақтан өтуге міндетті» болғандықтан жүз пайыздық үлгерімге қол жеткізеді. Яғни, Ұлттық Бірыңғай Тест тапсырмалары көбіне ақпараттық мазмұнда болатындықтан, оқушылар ең жоғары балл жинауға кепілдік алады; жеке басының қабілетіне сәйкес бағыттағы пәндерді толық және терең меңгеріп жүйелі түрдегі берік білім алуына қолайлы жағдай туады. Дарынды оқушылар барлық пәндерден төртінші шығармашылық деңгейден көрінетін болады. Сонымен қатар, біріктірілген сыныптары бар шағын комплектілі мектептердің де өзекті мәселелері шешімін табады.