Мақсаты : Біртұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін анықтау. Біртұтас педагогикалық процестің компоненттері бөліктерінің заңдылықтарының арасындағы байланыстары туралы, оның ішкі құрылымын көрсететін ұғымды қалыптастыру.
Міндеттері: а) “ Мәні ” және “ компонент “ деген ұғымдардың
мәнін ашу.
ә) Педагогикалық процесс — педагогикалық
теорияның обьектісі болатындығын көрсету.
б) “Заң” , “Заңдылық” туралы ұғымдардың мәнін
анықтау.
Қаралатын мәселелер:
- Мектептегі педагогикалық процестің мәні мен компоненттері.
- Педагогикалық процестің тұтастығы:
Негізгі тірек ұғымдар: ғылым, жүйе “ұстаздар-оқушылар” жүйесі,педагогикалық процесс, педагогикалық ситуация.
Пәнаралық байланыстар: философия, психология, жүйелердің теориясы, педагогиканың әдіснамасы,саясаттану,
әлеуметтану.
- Мектептегі педагогикалық процестің мәні мен компоненттері.
Елімізде қайта құрумен байланысты оқыту, білім беру, тәрбие мәселесінде айтарлықтай өзгерістер пайда болуда. Оның өзіндік әлеуметтік – экономикалық негізі де бар. Бір орталықта топтастырылған, сол арқылы бүкіл оқу тәрбиенің процестерінің орталық арқылы реттеп отыратын, салаларға бөлінген, басқару жүйесі күйреді. Еліміз өз алдына мемлекет болып, енді өз алдына барлық шаруашылық – экономикалық, ағарту – педагогикалық, саяси — әлеуметтік ахуалды өз қолына алып, өзі басқару дәрежесіне жетті. Сондықтан, еркін елдің болашақ азаматтарына жаңа жағдайларға байланысты, жаңаша тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіне қойылған кезек күттірмейтін мәселе болып отырғаны белгілі. Олай болатын себебі қоғамдық — өндірістің дамуы, қоғамдық- экономикалық қатынасуы күрделі өзгерістерге түсуде . Меншік түрлері өзгеріп, енді жекеменшік иелері, шаруашылықтың түрлі саласында оның ішінде білім беру саласында да жаңа терминдер, жаңа ұғымдар, жаңа құрылымдар пайда болуда. Бұрын орта, жоғары оқу орындарымен мектептен тыс мекемелерде бір мақсатта, біртұтас ынтымақты жұмыс жүргізілмей келсе, бүгінгі күннің өзгерісі ендігі жерде біртұтас педагогикалық процестің мәні зор болып табылады .Бастауыш мектепте білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процеске айналдыру немесе біртұтас оқу – тәрбие процесі деп атау, оқу-тәрбие процесін ұштастырып жүргізуге, олардың мақсатын бір жерге ұштастыруға зор педагогикалық мүмкіншілік береді. Демек, білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу бүгінгі таңда оқу – тәрбие процестің басты шарты болып табылады. Педагогика ғылымында бүгінгі таңда ұсынып отырған біртұтас педагогикалық процестіңкомпоненттері деп мыналарды атауға болады: оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны формалары мен әдістері, сонымен қатар олардың шығатын , нәтижелер. Бұл компоненттер бір — бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады. Демек педагогикалық процесс сонда ғана нәтижесін береді. Тәрбие мен оқыту процестерін бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процесіне(ауысды) ұласады. Сондықтан, тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерініңтабиғи бірлігі деп қарастырлады.
Педагогикалық процестің тұтастығы.
Педагогтың мектепте мамандық дәрежесін көрсететін бір көрсеткіш алынатын өлшем (оның өзі басқарып сабақ беретін) , ұжымды басқаруда дұрыс әдіс-тәсіл қолдана білу. Ұжымның тұрақты, қалыпты өміршеңдігін көрсету-сол әдіс –тәсілге де байсанысты. Дұрыс ұйымдастырылған балалар ұжымы олардың әржақты, толық қанды әрекетіне жол ашып, оқушылардың ынтымақтасуына мүмкіншілік туғыза отырып, оларға қанағаттанғандықтан сезім, қуаныш әкеледі. Мүндай ұжымда педагог пен тәрбиеленушілердің арасында түсіністік орнайды. Көрнекті педагог А.С. Макаренко былай деп жазған болатын: “Жеке басы бақытты болу үшін тәрбиелемеу керек, жалпылық бақыт үшін жалпылық күрес үшін тәрбиелеу керек”.
Біртұтас тәрбие процесін адамдар арасындағы қайырымдылық, өзара түсіністіктен бөле қарауға да болмайды. Сондықтан бүгінгі тәрбиенің де алдындағы мақсаты балаға білім бере отырып, сол білімді өзінің мақсатына сай пайдалана білу, басқалардан рақым күтіп отыру емес, өз басын әр түрлі жағдайлардан жол тауып шыға білетін, өзінің де өзгені де бақытты болу үшін күрсе білетін адамдарды тәрбилеп шығару- бүгінгі біртұтас педагогикалық процестің алдына қойған негізгі принцпі болуға тиіс. Бүгінде егеменді елге , өз алдына мемлекетке айналып отырған Қазақстанның болашаққа қызмет ететін өркендерін жан-жақты жетілген адам етіп тәрбиелеу барысында әрекет ететін біртұтас педагогикалық процесс өзінің басқару іс-әрекетінде жаға қабылданған Конституцияның 1-ші бабының 2-ші тармағына сүйенеді:”Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірін маңызды мәселерінің демократия әдістермен, оның ішінде республикалық реферумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешу”-деп көрсеткен. Бүгінгі деомократияланған қоғамда адамның жеке басын қадірлей отырып оған талаптар қойу арқылы өзінің де , өзгенің де бақытыүшін күресе алатын адамды тәрбиелеу біртұтас педогогикалық процесстің алдындағы аса абыройлы міндет болып саналса керек. Бұл жерде педогогтің жеке басы мен балалар ұжымына ара қатынасы, жеке оқушы мен мұғалімнің арасындағы қатынас, мұғалім шеберлігі, оқушылардың басқарудағы өзіндік ерекшеліктірі ескеруі тиіс.
Тәрбие өте күрделі процесс сондықтан педагог өте іскерлікпен алдын –ала ойласырған күрделі ғылыми жоспар арқылы ұзақ жұмыс істеуге тура келеді . Оқыту, білім беруден тәрбиенің өзіндік ерекшелігі оқытудың нәтижесі оқушының білімінде болса оны күнбе күнгі педагогикалық іс-әрекет арқылы тексеріп білуге болады. Ал тәрбиені алатын болсақ , ол — өте күрделі процесс. Ол бірден көзге көрініп өзін-өзі анық айқын көрсете бермейді.
Оқыту мен тәрбие процесі туралы сөз болғанда, оларды бір-бірімен ажыратуға болмайды десекте, бұлардың әрқайсының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тәрбие процесі-бұл күрделі диалектикалық процесс. Оған қоршаған ортаның,әлеуметтік жағдайдың ықпалы жоғары, атап айтқанда: отбасының, түрлі адамдардың ерекше әсері бар.Сондықтан жоғарыда айтқанымыздай тәрбие процесін, оқыту процесі сияқты тез іске асыру, тексеру және нәтижелерін анықтау өте қиын. Мысалы, мінез-құлықты адамгершілік сезім мен сенімнің және дағдының бірлігін тексеруге бола ма? Өйткені мұндай қасиеттер балада жастайынан бастап,бүкіл өмір бойы қалыптасады . Тәрбие процесі әр уақытта динамикалық қозғалмалы жылжымалы болады. Сондықтан педагогикалық ықпал әр балаға әр түрлі әсер етеді, біріне әсер етсе,екіншісіне әсер етпейді.Педагогикалық ықпал ету үшін баланың қөңіл-күйін, психикалық жағдайын, орнын еске алған жөн. Сондықтан ертеде қазақ халкы “Ақпа құлаққа айтсаң ағып кетеді, құйма құлаққа айтсаң құйып алады” деген. “Біреу тыңдар сөзді ұққанынша,біреу тыңдар үйден шыққанша”-деп Абай тегін айтпаған. Әрине баланың тәрбиені қабылдауына әр түрлі сыртқы және ішкі факторлар өте күшті немесе өте әлсіз әсер етуі мүмкін-мұғалім оқу-тәрбие процесінде бұл факторларды есінен шығаруға болмайды. Оқыту процесі-тәрбиеге қарағанда анағұрлым жеңіл басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, бір сабақтың үстіне бақылау, жаттығу, сұрақ, жауап секілді оқушылардың білімін тексеру әрекетін іске асырып, олардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, қортынды шығаруға болады.Оқыту мен тәрбие процестері негізгі үш функция бірлігі бойынша іске асырылады.Олар: білім беру, тәрбиелеу және дамыту функциялары. Оқыту мен тәрбие процесі-балаға білім берудің даму функциясын жүзеге асырудың негізі. Осы екі процесс-баланы жан-жақты дамытып, қалыптастырудың негізі болып табылады.