- Диагностикалық құралдарарқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын анықтап, содан кейін оларды білімдеріне қарай саралап оқытамыз.
- Оқу материалын меңгерту және бекіту үшін танымдық іс — әрекетті ұйымдастыру.
Бұл бөлік педагогикада жақсы зерттелген оған бұрын жасалған алуан түрлі оқыту әдістемелері кіреді. Бүгінгі таңда бастауыш мектептерде дәстүрлі, Л.В. Занков және Д.Б Эльконин, В.В. Давыдов әдістемелері қоданылады.
- Материалды меңгерудің сапасын бақылау.
Егер әдістмелерде оқушылардың білімді меңгеріп және бекітуі үшін оқышылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оның нәтижесін тексеру қатаң жүреді. Бұлар өзара байланысты. Олардың біреуіне жете көңілбөлмеу педагогикалық жүйені бұзады.
Білім сапасын тексеруді жеке алып қарау оны жан –жақты зерттеугемүмкіндік береді. Оқушылар материалды қаншалықты деңгейде меңгерені анықталып, олармен істелетін жұмыстар белгіленеді. Мұғалім бүкіл материалды бекіте алады, бірақ материалды меңгермеген жеке оқушылармен жұмыстар істеледі. Ал оқу материалынсыныптыңкөбі меңгермесе, онда өткен материалды бекітумен қатар оны меңгермеу себептері анықталады. Ол үшін диагностикалық құралдар (тест, бақылау жұмыстары, интервью, әңгімелесу) қолданылады.
- Топпен немесе жеке оқушылармен қосымша жұмыс істеудіңтәсілдерімен мен әдістерін таңдау. Мұндайәдістержекепән әдістемелерінде жазылған.
- оқушылардың үлгермеу себептерін анықтау. Технологияның бұл бөлігі әлі толық зерттелмеген. Шет тілі, әдебиет, физика, химия пәндері бойынша жекеленген сыныптар үшін тестілер жасалған. Тапсырмаларарқылыоқушылардың біліміндегі кемшіліктер анықталады, оныжойғанда ғана келесі бөлікке өтуге болады.
- Сыныптың барлықоқушыларыныңбілімі мен тәрбиесіндегікемшіліктерді жоятын әдістемлерді таңдау.
Бұл бөлікте барлық сынып оқушыларыныңмаңгермегентақырыптарын түсіндіру үшін мұғалім сабақ жоспарларыныңалуан түрлі варианттарын қолданады. Мұғалім бұрынғы сыныптарда оқылған, бірақ қазір ұмытлғанматериалдардыжаңа тақырыптармен байланыстырады.
Соныментехнология әдістемеден өзге, себебі ол оқушылардың материалды меңгеру іс-әрекетін басқарады, олардың үлгермеу себептерін анықтауға рекше назар аударады. Технологияғабілімді сапалы түрде меңгеру процесінбасқару және білім сапасын тексеру блоктары, кері байланыс жүйесіенеді. Кері байланысты мұқият түрдежан-жақт жасау керек. Ең бастысы оқу материалыноқушының меңгеруі. Педагогикағылымындабілім сапасыбірінші орынға шығуда. Оны көтеру педагогика мен психология ғылымдары алдындатұрған маңызды міндет.
Оқу материалынмеңгеру заңдылықтары. Оқушыкез- келген оқу тапсырмаларын бұрынғы меңгерген ақпараттарынасүйеніп орындайды. Бала іс\әрекетінің тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз біліміне сүйеніп жасайтын іс\әрекетін репродуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп жаңа өнімдер жасауын продуктивтік іс\әрекет дейді.
Іс-әрекетке үйрену репродуктивтік іс-әрекеттен басталады. Бала ереже, алгоритмдерді қолданып жаттығулар жазады, есептер шығарады, мәтіннен түсінгенін айтады, бір сөзбен айтқан дайын білімдерге ештеңе қоспайды.
Өз бетімен ізденіп біліміне қоса білім қосса, оқушының репродуктивтік іс-әрекеті продуктивтік (өнімді) іс-әрекетке айналады. Оқушылар білетіндерін бір-бірімен салыстырып өздері үшін жаңалық ашады. Осы аталған екі іс-әрекет түрлері оқушының материалды түсінуіне мүмкіндік жасайды. Түсініктің 4 деңгейін В.П.Беспалько зерттеген. Енді оларға тоқталайық.
І-деңгей. (оқушылық) \ репродуктивтік іс\әрекеттің ең қарапайым деңгейі. Оқушы бұрынғы білімдеріне сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындайды, бұрынғы тақырыптың мазмұнын өзгертпей пысықтайды. Оқушы үлгі бойынша есептер шығарып, жаттығулар жазады.
ІІ- деңгей. (алгоритмдік) \ репродуктивтік іс\әрекеттің күрделі түрі. Оқушылар алгоритм бойынша түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, мұғалім құбылыстарды оқушылардың қалай түсінгенін мынадай жоспармен анықтайды:
- Құбылыстың сыртқы белгілері.
- Өткен кездегі жағдай.
- Құбылыс мәні, оның өту механизмі (құбылысты ғылыми теорияларға сүйеніп талдау)
- Осы құбылыстың басқа құбылыспен байланысты.
- Құбылысқа сандық тұрғыдан сипаттама беру.
- Құбылыстың зиянды ықпалдарының алдын алу тәсілдері.
- Баланың мектептегі өмірінің бастапқыкезеңініңерекшеліктері
Қазіргізаманғы тәрбиежүйесіндебастауыш мектепшағы бала өмірініңжеті жастан он бір он –екі жасқадейінгікезеңін қамтиды (мектептің I-III сыныптары). Бастауыш мектеп жасының пайда болуы экономикалық жағынан дамығанелдердежалпығабірдей міндетті толықемес және толық ортабілім беру жүйесініңшығуыменбайланысты.