Мектептану — педагогиканың маңызды саласы

  • Мектептанудың негізгі мәселелері.
  • Қазіргі кезеңдегі мектеп басшысының ролі, талаптар, басқару әдістері, стилі.
  • «Білім туралы» Заңның негізгі ережелері.

Бұл заңға сәйкес Қазақстан Республикасы үкіметінің білімді дамыту туралы ұсыныстарын жүзеге асырудың жолдары белгіленген. Заңдағы ережелер білімнің дамуына жағдай жасайды. Білім жүйесінің орталығы білігі- жалпы орта білім. Оны жалпы білім беретін орта мектептер, жекеленген түрдегі тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, кешкі мектептер, интернаттар, денесі мен психикасында кемшілігі бар балаларды тәрбиелеп, оқытатын мектептер береді.

Жалпы білім беретін оқу орындарының алдында тұрған басты міндеттер «Білім туралы» Заңныңғ 8-бабында белгіленген. Олар:

1) Жекеадамды дамытуға, қалыптастыруға жағдай жасау.

2) Оқушының білім беру бағдарламаларынмеңгеруіне жағдай туғызу.

  • Оқушының шығармашылығын дамыту.
  • Адамгершілік тәрбиесін беру.
  • Салауатты өмір салтының негізін жасау.
  • Баланың дамуына жағдай жасап, оған ақыл-ой тәрбиесін беру.
  • Елжандылыққа тәрбиелеу.
  • Құқықтық тәрбие беру.
  • Саналы тәртіпке тәрбиелеу.
  • Қазақ халқы мен республикасының басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы, дәстүрлерін, мемлкеттік, орыс және шетел тілдерін оқыту.
  • Оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
  • Білім беруді ақпараттандыру.
  • Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.

«Білім» Заңына сәйкес бұрынғыкәсіптік – техникалық және орта арнаулы оқу орындары деген атау кәсіптік оның орнына бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік т.б. атаулар алынды.

«Білім туралы» Заң жас ұрпаққа берілетінбілім мазмұнын мемлкеттің стандарттауын талап етеді. Онда оқушы меңгеруі тиіс негізгі білімдер, іскерлік дағдылар көрсетіледі.