Еңбек тәрбиесінің негізі

Жоспары.

  • Педагогтар, көрнекті адамдар еңбек тәбиесі туралы.
  • Еңбекке тәбиелеудегі қазақ халқының еңбек дәстүрлері.
  • Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
  • Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі:
  • Кәсіптік бағдар беру жұмысы.
  • Экономикалық тәрбие.

Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болшақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Ол-өмірлік өсиет, ұлағатты сөз. Бұл тарих тағылымының тәрбиелік үлгісі, еңбек етудің алғы шарты болса керек. өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп оның ішінде ғылымның, тәрбиенің, бүгінгі мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен еңбек бөлінбестей берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі баршаға бірдей қазына. Әбу-Насыр Әл-Фараби (870-950)бұл қазынаның барлығын халық жасайды, ол адал да ерінбей еткен еңбектің жемісі деген болатын.

Фараби тәрбие мәелесін логикамен байланыстыра уағыздағанын білеміз. Ол жазған «Ақыл мен түсінік» атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізітаза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің негізінен туындайды деген еді.

Қоғамның даму тарихына байланысты, соған сәйкес еңбек тәрбиесі әртүрлі формада дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Орта ғасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы. Я.А.Коменский (1592-1670) педагогикасының негізі-гуманизм мен демокрадизм болғаны педагогика тарихынан белгілі. Демек, бұл тек педагогика емес, бүгінгі қоғамды қайта құрудың басты принципі гуманистік және демократиялық принциппен үндес келіп отыр. Коменский балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін «адамгершілік шеберханасы» болуға тиіс дене көз-қарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиенің оған сәйкес жүргізу қажет деп есептейді. Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704ж) тәрбиедегі Коменский ұсынған «табиғатқа сәйкестілік» еңбек және дене тәрбиесі арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп берді.

Ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі эволюциялық ілімнің негізін салушы Чарльз Дарвин еңбектің, еңбекке баулудың, оның теориялық негізі еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары бағалаған еді. Шверцария педагогы Генрих Песталоцци (1746-1827) тәрбиесінің мақсаты-баланың күшін дамытады. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Сөйтіп, Песталоцци дене тәрбиесін еңбек тәрбиесімен ұштастыра жүргізуді дәлелдеп береді. Сондай-ақ, оқуды өнімді еңбек пен ұштастыру, соның ішінде қол өнері және ауыл шаруашылық еңбегімен ұштастыру, песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді.балалардың бір-бірімен өзара және олардың ересектерімен дұрыс қарым –қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде ол-еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздады.