- Ақыл –ой тәрбиесі және оның міндеттері.
- Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары.
- Оқу еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу.
Ақыл-ой тәрбиесіәр қашанда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогикалық анықтамалары мен сәйкес келетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп – шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана сезімін, оқу мен еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикасының анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушының ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой, еңбек мәдениетін дамытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндурді айтамыз.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты негізі. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың жеделдамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн
Ақыл-ой тәрбиесі.
Табиғат пен қоғам дмауының заңдылықтары бейнеленгенғылымының деректерін, заңдарын мақсатты меңгерту
|
|
|
|
!
Ақыл-ой тәрбиесіз дүниегеадамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез- құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат пен қоғам құбылыстарының талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселесін шешеу мүмкін емес. Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Ақыл-ой тәрбиесініңең басты құралы – оқыту. Ақыл-ой күштерін оқыту барысында оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын , оқу әрекеттерін орындайтын, танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүреді.
Теориялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың ақыл-ойындамытуға бағыталған оқыту әдістемесідамыта оқытудың тұжырымдамасынан орын алады.
Мазмұнды әдістемелік дұрыс ашып беру, дамыта оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдап алу.Оқушылардың жасын ақыл-ойының дамуын қамтамасыз ететін сабақта белсенді ақыл-ойеңбегіне қол жеткізугеталаптанудағы мұғалімніңшынайышығармашылық еңбегінің ауқымы болып табылды.
Зяилылық іскерліктіқалыптастыруғакөмектесетін тапсырмалардыңтүрлері де ақыл-ойтәрбиесініңқұралы ретінде пайдаланылады.
- Зерттеу және бақылау ісіне қатысты бар тапсырмалар; бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауылшаруашылық тәжірибелік жұмыстар т.б.
- Шығармашылық жұмыстар: шығарма жазу, суретке қарап әңгіме құру, сурет салу, рефераттар т.б.
- салыстыруға байланысты тапсырмалар: логикалық және жинақтай ойлау.
- Ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған тапсырмалар; алгаритмдерді, алгаритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру.
- Анализдеу оқу жұмысына байланысты тапсырмалар; заттарды, құбылыстарды топқа бөлу.
Жалпы айтқанда , ақыл-ой тәрбиесін ақыл ойдың дамуын қамтамасыз етуде тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұрғысын қалыптастырғысы келсе,өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін шешу мұғалімнің біліміне, жалпы және әдістемелік мәдениетіне, оның өзінің танымдық күшінің дамуына байланысты екендігі сөзсіз. Барлық оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке тарту, түрлі тапсырмаларды пайдалану, оқытуды лұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы дамуын және рухани қажеттерінің өсуін қамтамасыз етеді.