- Балалар ұжымының өзін-өзі басқару мәселелері И.П. Ивановтың коммунарлық методикасы.
- Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекетімен қарым-қатынасымен іс-әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері.
Ұжым теориясына Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Макаренко, С.Т. Щацкий, В.А. Сухомлинский т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты.
Н.К. Крупская, А.С. Макаренко балалардыұжымда тәрбиелеудің теориясының әріпрактикасының негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақтаөмір сүруге, еңбек етуге үйретуге керек деп есептеді. Н.К.Крупская 1926 жылы «Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы» атты еңбегінде: «Қазіргі тәрбие ісінің көлемдіміндеттерінің бірі- балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүругеүйрету»,- депатап көрсетті.
Ұжымда тәрбиелеу принципінкеңірекжәне сенімді түрде іскеасыру ұлы педагог А.С.Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мәнін түсініп қоймай, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. А.С. Макаренко ұжымныңнақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудыңшарттарынанықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерінашты.
А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнінжойған жоқ. Ол міндеттер төмендегілер:
- Ұжым алдында айқын түрде мақсат болуы;
- Барлық ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;
- Ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысынң өзіндік пікірі болуы;
- өз арасында міндеттер белгілеу;
- белгіленген міндеттерді орындау;
- қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы;
- өз мүшелері үшін ұжым алдында жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым-қатынас болуы