- Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері
- Мұғалімнің профессиограммасы. Мамандық қасиеттері. Балаларға деген сүйіспеншілігі, іскерлігі (ұйымдастырушылық, коммуникативтік, дидактикалық, перцептивтік, экспрессивтік)
- Мұғалімнің педагогикалық әдеби мен шеберлігі.
Баланың тұңғыш ұстазы- мектептабалдырығын алғаш аттағанда алдынан күтіп алып, әріп танытып, жазу жаздырып үйреткен мұғалімі. әрі қарайғы оқушынысабақ алған барлық мұғалімдері мен дәріс тыңдаған оқытушылары да ұстазғасаналады. Бірақ бұл жерде ұстаз сөзі мұғалім, оқытушы,ғылыми жетекші деген сөздерге әсте толық мағыналас болып шыға бермейді. Әдетте, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім-білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылыми негіздерін тоқыта алған, бүлдіршіндімайталман бағбандай мәпелеп баулып, үйренген нәрселерін өмірдеіс жүзінде қолдана білуге жттықтыра алған сөйлеген сөзі; істеген ісі, парасат-пайымы, инабаты, білімініңтереңдігімен жан- жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адамұстазға саналады. Екінші сөзбен айтқанда , ұстаз- адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалаптастыратын, оларғаөмірден өз жолын дұрыс таба білугекөмектесетін, айналасына білім-тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрынтөгетін қоғамдық қайтрткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірі дұрыс бағытта дамып, көркеюіне себепші болып, олардың тағдырынашапағатты із ұялататын өмір тәжірибесі мол әрі дана адам болып табылады.
Педагогикалықмамандықтың ерекшеліктері деп әсіресепедагогтың ізденімпаздығын, талмай оқитындығын, білуге деген құмарлығын , артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен ұлғайтып, тереңдетудегі айрықша педагогикалық бағыттаушылық қабілеті болып табылады.
Психология –педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, И.В.Стралов, В.А.Сластенин, т.б. педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі бар дейді.
Олар:
- Дидактикалық қабілет-мұғалімніңоқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдарысын дұрыс анықтай білу өз пәнінеқызығушылығынарттыруы, таным белсенділігі мен ойын дамытуы.
- Академиялық қабілет-мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих т.б.) сәйкестігі. Ондай мұғалім өз пәнінғылым дамуына сай біледі, өз бетімен қарапйым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
- Перцептивті қабілет- оқушының ішкі дүнесін тани білу. Қабілетті мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі психикалық жағдайын (ренішін сабаққа қаншалықты әзір, әзір емес екенін т.б) бірден байқалады.
- Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті-тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі. Бұл мұғалім үшін өте маңызды қабілет ерекшелігі.
- Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірллей білуі, ұжымды дұрыс басқарып ұйымдастырабілуі, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұштастыру, оқушыларға бағыт беріп, рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналар мен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыру, мұғалім өз жұмысын ұйымдастырабілуі.
- Комуникативті қабілет-оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білуі, педагогикалық әдептілікті жетілдіруі.
- Конструктивті қабілет-оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналық, жауапкершілікпен, ойлылықпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.
- Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спот, оймен, келетін шахмат,тоғызқұмалақ, дойбы, көркемөнер, бейнелеу өнері, туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатынасуы арқылы өз дегеніне жетуге баланы жан-жақты дамыту ісіне үлесін қосуы тиіс.