Өсімдіктер мен қоршаған орта

1.Ортаныңорганизмге әсер ететін құрамдас бөліктері орта факторлары немесе экологиялықфакторлар деп аталады. Бұлардың барлығының организм үшін маңызы бірдей емес: біреулерінсіз организм тіршілік ете алмайды, екіншілері оған зиянды, ал енді бір факторлардыңбар-жоғын организм байқамайды.

Экологиялықфакторлардың үш тобын ажыратады. Өлі табиғат факторлары немесе физикалық факторларға жарық, ылғалдық , жылу, жел, жаңбыр, бұршақ, топырақ пен судағы тұз және газ құрамы жатады. ( Бұл осы факторлардың тек кейбіреулері ғана ). Тірі табиғат факторлары тірі организмдердіңтіршілігімен байланысты. Үшінші, ерекше фактор ретінде адамның қызметін, оның табиғатқа әсерін қарастырады.

Ортафакторлары алуан түрлі. Дәл сол сияқты тірі организмдербұлардың әсеріне түрліше жауап қайтарады. Өлі табиғат факторларының әсері тірі организмдердіңбіздің ғаламшарымызда таралуын анықтайды. Көптеген өсімдіктер менжануарлар үшін осындаймаңызды фактор ең алдымен жарық болып саналады.Жарықтың әсерінсіз фотосинтез жүрмейд, яғни органикалық заттар түзілмейді, оттегі бөлінбейді, ауа арқылы қоректену бұзылады.

2.Су өсімдіктермен жануарлардыңтіршілігінде үлкен рөл атқарады. Оның жеткіліксіздігі тіршілік процестерініңтоқтауына, тіпті организмніңөліміне алып келеді. Сондықтан да жануарлар мен өсімдіктердің судытабу мен оны үнемді пайдалануғабейімделген алуан түрлі құрылымдары болады. Шөл өсімдіктерінің тамыры суды терең жерден сіңіруге бейімделген( жантақтың тамыры 16 метрге дейін жетеді.) Сексеуілдің қабыршақ тәрізді немесе кактустың ине тәрізді жапырақтары судың булануын күрт азайтуға мүмкіндік береді.

Көптеген шөл жануарларынақорек құрамындағы су да жеткілікті, кейбіреулері суды ішкі май қорынан алады, мысалы, түйе. Ал, енді біреулері жазғы ұйқыға кетеді, бұларға ең алдымен әр түрлі кеміргіштер мен тасбақалар жатады.

Құрлық жануарлары мен өсімдіктерінің көпшілігі үшін маңызды фактор-температура . Тірі организмдер төмен температураға шыдай алмай тіршілігін жояды,ал олардың шыдайтын ең жоғары температурасы көбіне + 40 С0— +45 С0-тан аспайды.

3.Ауа – экологиялық факторлардың ең бастысы. Өсімдіктер де ауаның құрамындағы оттегімен тыныс алады. Сонымен қатар олар ауаның құрамындағы көмірқышқыл газды өздерінің бойында органикалық заттарды түзуге пайдаланады. Оттегінің әсерінен өсімдіктер организмінде барлық тіршілік иелеріне тән процестер (түзілу және ыдырау) жүреді. Химиялық тілмен айтқанда, тотығу –тотықсыздану процесі жүреді. Соның негізінде зат алмасу жүйесі тоқтаусыз жүреді.

4.Топырақтану – топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттерін және географиялық таралу заңдылықтарын, түзілуін, табиғаттағы орнын, тиімді және жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.

Топырақ жер шарының тіршілік дамыған аймағы — биосфераның негізгі компоненті. Топырақтың табиғаттағы рөлі өте зор.

Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстарына айналуы керек. Жер бетінде тау жыныстары күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте- бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналады.

Топырақтың қатты фазасынның біршама бөлігі органикалық қосылыстар үлесіне тиесілі, жыл сайын топырақта өсетін өсімдіктер, майда жәндіктер мен микробтар топырақ бетінде, оның қабаттарында көптеген қалдықтар болып жиналады.

Топырақ — қопсытылған су сиымдылығы бар дене. Топырақ ылғалы – оның ылғал топыраққа аудан шаруашылығымен жер бетіндегі судан, жер астының ылғал суынан келеді.

Топырақтың құрамында үнемі ауа болады, бұл ауаның мөлшері топырақтың ылғалдылығына, тығыздылығына, өңделу жағдайларына, механикалық құрамына, өсіп-өнген өсімдіктерге т.б жағдайларға байланысты. Егістікте егілетін, өңделген топырақтарды ауаның мөлшері топырақ көлемінің 30-40%-ке тең, мұның бірақ өзегі топырақ бөлшектеріне сіңеді. Ал ауаның қалған мол бөлігі топырақ кеуектерінің арасында болады.

Топырақ өсімдіктер мекендейтін орта. Сонымен қатар, өсімдіктер топырақ арқылы қажетті минералдық заттар мен суды өз бойларына жинайды.