БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАР МАҢЫЗЫ

Информатиканың жоғары оқу орындарындағы жаңа курстарын құру мен дамыту объект және оқу құралы ретінде қатысатын түрлі компьютерлік құралдарды қолданумен тығыз байланысты. Ақпараттандыру құралдарының сапасынан информатиканы оқытудың тиімділігі тәуелді болады.

Информатиканы оқытудың құралы ретінде білім беру электрондық ресурстарын қолданумен жүзеге асырылатын оқыту әдістемесі ерекше рөл атқарады. Зерттелетін тақырыпқа зерттеу жүргізгенде, электрондық ресурстардың қалыптасу және құрылу тәсілдерін игеру керек.

Ақпараттық материалдардың, оларды жүзеге асыруда қажетті техникалық құралдармен байланысты екендігін түсіну керек. Магнитофон мен кассета, проектор мен слайдтар жиыны білім беруде бұрыннан қолданылып келе жатыр. Өткен ғасырдың соңында әрбір оқытушы техникалық оқыту құралдары жайлы кішкене болса да, хабардар болатын.

Бірақ, бұл құралдар студенттерге информатиканы оқытуда толық қолданылмаған.

Бүгінгі күні жүргізу үшін компьютерді қажет ететін электрондық ресурстар қолданылады. Электрондық ресурстар немесе басылымдар деп материалдық тасымалдағыштарда: дискетада, оптикалық компакт-дискілерде (CD-ROM, DVD) орналасқан өнімді айтады. Оларды кітаптар сияқты қолда ұстауға да болады, ол өнімдерді тарату үшін физикалық тираждау керек.

Жазудың магнитті әдісі ретінде қолданылатын дискеталар бірте-бірте қолданыстан кетіп қалды. Оларда сақталатын жаңа ақпараттардың көлеміне дискетаның сақтау қасиеті (1,4 Мбайт) аз. Оларды оптикалық компакт-дискілерде CD-ROM (Compact Disk-Read Only Memory – 700 Мбайт) және DVD (Digital Versatile Disk – 3 – 9 Гбайт) тасымалдайды.

Республиканың жоғары оқу орындарында бүгінгі күні оқу материалдарының үш тобы қолданылады – баспа, аудиовизуалды (техникалық оқыту құралдары тобы) және компьютерде жүргізілетін электрондық ресурстар. Осымен байланысты, кітаптың қолданылып келе жатқанына 500 жыл, техникалық оқыту құралдарына шамамен 50 жыл, ал электрондық ресурстарға – 7-8 жыл (Қазақстанда).

Кітап барлық ұрпақтарға белгілі, жұмыста, білім алуда қолдануға ыңғайлы. Оның қасиеті қолдану қарапайымдылығында болып отыр. Ал кемшілігі – ақпараттың мәтіндік түрі. Онда көптеген жағдайларды мысалы, өнер туындыларын немесе қозғалыстың жүйелілігін толық түсіндіру мүмкін емес.

Техникалық оқыту құралдары білім алушыға аудиовизуалды ақпаратты ұсынады. Бұл маңызды қасиет. Бірақ үш кемшілігі бар. Біріншіден, техникалық оқыту құралдары интерактивті емес. Ортасынан немесе басынан бастап қайта көру немесе есту ғана мүмкін. Екіншіден, бұндай құралдарда аудиодиск қолданылады, ал оларды плеерсіз тыңдау мүмкін емес. Үшінші кемшілігі – құрылғыны жүргізу әртекті. Тағы бір аспект – кітапты оқығанда ойлау және елестету дамиды, кітап аз да болса интерактивті – берілген беттері арқылы қажетті бөлімді оңай табуға болады. Сондықтан да, техникалық оқыту құралдары жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолданыс таппай отыр.

Электрондық ресурстар да аппараттық қолдауды, яғни компьютерді қажет етеді. Бұл кітаппен салыстырғанда олардың кемшілігі болып табылады. Өткен ғасырдың 80–жылдары компьютер тек символдық (әріптер, сандар) ақпаратты ғана емес, аудиовизуалды ақпаратпен жұмыс істеуді үйретті. Видеоқатар мен дыбыстық қатарларды сандық түрде кодтауды үйретті. Нәтижесінде, бүгінгі күні белгілі кез-келген ақпаратты: мәтін және сандық кесте, сурет және фотографиялар, анимация және видео, музыка және

сөздерді физикалық деңгейде бірыңғай сандық кодта сақтау мүмкін болды.

Ақпаратты көрсетудің барлық түрлері қосылған, бір тасымалдағышта ақпараттық өнімнің болуын білдіретін, «мультимедиа» деген термин пайда болды. Сәйкесінше, бұл өнім барлығына бірдей құрылғы – компьютерде көрсетілді.

Электрондық ресурстарды қолданып оқыту жаңа педагогикалық технологияның бір түрі болып табылады, ол педагогиканың негізгі заңдарына бағынады және білім берудің дәстүрлі дидактикалық ерекшеліктерін ұстанады, бірақ оқу ортасының жаңа шарттары мен критерийлерімен толықтырылады.

Оқыту тәжірибесі және психологиялық-педагогикалық зерттеулер оқытудың тиімділігі барлық мүшелер сезімдерінің белсенділік дәрежесімен тікелей байланысты екендігін көрсетті: оқу материалын қабылдау сезімі барынша әртекті болса, онда ол соншалықты нақты игеріледі .

Сонымен, информатиканы оқытуда жетістікті оқу құралы электрондық ресурстар болып табылады. Бұндай құралдар бірден бірнеше ақпараттық технологияларды қолдану негізінде іске асады. Соңғыуақытта Интернет әлемдік желілік құрылымына қолданушылардың белсенді қосылуы жүріп жатыр. Әлемдік инфрақұрылымды өзгерткен техникалық жаңалық гипермәтіннің жасалуы болды. Гипермәтін немесе гипермәтіндік құжат басқа

құжаттарға сілтеме бола алады, таңдалған жүйелілік ізімен мәтін элементін қолдана отырып, басқа құжатқа өте алады. Гипермәтін ойының әрі қарай дамуы гипермедиа болып табылады, яғни гипермәтін мен мультимедианың қосылысы, мәтінге график, дыбыстық қосылыс, видеофрагменттер қосылған орта. Осы орталарда беттер арасында бір-біріне өту мәтіндер арқылы емес, бейнелер арқылы жүргізілуі мүмкін.

Гипермәтін мен гипермедианың мүмкіндіктері электрондық ресурстар жасауда тиімді қолданылып келеді. Гипермәтіндік басылымдардың көптеген түрлері бар. Олардың бір бөлігі – білім беру мақсатында қолданылатын кәдімгі қағаз басылымдар дубликаты. World Wide Web (WWW) –Интернет желісі арқылы ақпаратты қабылдауды жеңілдететін мәтін, графикалық иллюстрация, дыбыстық фрагменттер және анимациялар біріктірілген құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін технологиялар. Жалпы алғанда, WWW Интернет желісі қызмет ететін коммуникациялық негіз, ауқымды гипермәтіндік орта деп айтуға болады.

Жаңа компьютерлік коммуникациялардың жоғары білім беру саласында оларды жемісті қолдануды қамтамасыз ететін сипаттамалары бар.

Олардың көмегімен, барынша үлкен қашықтыққа ақпараттың кез-келген көлемін жедел беруге, үлкен көлемді ақпараттарды компьютердің жадында оларды кез-келген уақытта қағазға шығарып алу мүмкіндігімен, ұзақ уақытқа сақтауға, интерактивтік байланыс көмегімен жедел кері байланыс орнатуға, Интернет желісінің арқасында түрлі ақпарат көздеріне еркін қол жеткізуге болады.

Білім беруде Интернет желісінің электрондық пошта, телеконференция, жіберу тізімдері (Mailing lists), электрондық оқулықтар, электрондық кітапханалар, WWW де ақпарат іздеу сияқты мүмкіндіктері кең қолданылып жүр.

Электрондық пошта жаңа телекоммуникациялық құралдардың негізігі компоненті болып табылады. Электрондық пошта көмегімен берілген кез-келген қашықтықтағы адреске ақпараттың барлық түрлерін жіберуге болады.

Оны жүзеге асыру үшін локальды компьютерлік желілерді немесе дәстүрлі телефон желісін қолдануға болады. Білім беру саласында электрондық пошта көмегімен бір мақсатта білім алатын түрлі топтардың өзара байланысы жүзеге асырылады. Олар республиканың әртүрлі аймағында немесе әлемнің түрлі елдерінде отырып, оқу, іздеу немесе зерттеу сипатындағы өзіндік жұмыстарын жүргізе алады.

Телекоммуникациялық қатынастың тағы бір түрі телеконференция болып табылады. Телеконференциялар екі түрлі әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін. Бірінші әдісі электрондық поштаға негізделген және offline режимінде жұмыс істейді. Екінші әдіс Web серверге негізделген және online режимінде жұмыс істейді. Web серверде хабарландырудың электронды тақтасы деп аталатын арнайы орын болады. Бұл тақтаға қатысушылардың ойын тыңдайтын және мәселені талқылауға өздері де қатысатын қосылушылардың кез-келген саны бір мезгілде қосыла алады.

Әлемдік гипермәтіндік орта (WWW) көмегімен білім беру мекемелері өз қызметтері жайлы ақпараттарды жариялай алатын, WEB-беттер құру арқылы практикалық, ғылыми, әлеуметтік потенциалдарын жариялау мүмкіндіктеріне ие болады. WEB-беттер көмегімен қажетті ақпаратты іздестіруді жүргізуге болады. WEB-технологиялар Интернет желісінің кез-келген ресурстарына жеңіл қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Сірә да қазір, интернет ауқымды желісінде табу мүмкін емес ақпарат жоқ шығар. Интернет өзінің көлемдері мен мүмкіндіктері жөнінен бірегей мәліметтер қоймасы болып табылады. Мұнда әлемдегі бар нәрсе туралы ақпараттың өте көп түрі сақталады. Сол сияқты, желіде білім беруде пайдалануға болатын интернет ресурстардың үлкен көлемі бар. Бұл сайттар интернетте үлкен сұранысқа ие.

Білім беруде интернет ресурстары өте жиі қолданылады. Тіпті интернетті ақпарат көзі ретінде оқушылар мен студенттер де қолданады.

Интернет ресурстардың көп бөлігі тек қана мектеп бағдарламасына арналған.

Әдетте бұл, әртүрлі шешімдер жинақтары, шпаргалкалар, дайын рефераттар, оқу әдебиеті. Алайда онда шынымен де қызықты ақпараттық ресурстар да кездеседі. Тіпті оларға емін-еркін қол жеткізуге де болады, яғни тегін алуға болады. Айтып кеткеніміздей, білім берудегі ақпараттық ресурстарды жоғары оқу орындарының студенттері де пайдаланып жүр. Себебі интернет кітапханадан іздеп табу қиын немесе кейде табу мүмкін емес ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Алайда білім берудегі интернет ресурстары – не туралы болмасын ақпаратты сақтайтын немесе дайын жұмыстарға арналған сайттар ғана емес.

Жыл санап интернетте әртүрлі оқу орындарының білім беру ресурстарының көптеген саны шыға бастады. Бұл дегеніміз әртүрлі оқу пәндері бойынша кеңейтілген ақпаратты сақтайтын білім беру сайттары болуы мүмкін. Бірақ, сондай-ақ интернетте қашықтан білім беру жүйелері де берілген. Осындай интернет ресурстарының арқасында көптеген адамдар оқу орнына бармай-ақ, қашықтан оқу мүмкіндігін алды. Олар басқа қалаларда, тіпті басқа мемлекетте өмір сүрсе де осындай интернет ресурстар көмегімен білім ала алады, өйткені ауқымды компьютерлік желінің мүмкіндіктері шексіз.

Бертінге дейін біздің елімізде интернет шын мәнінде қол жеткізу қиын байлық қатарында болды, оны кез-келген адам өзіне қолдана алмайтын еді.

Және бұл жерде мәселе қаржы жағында ғана емес, әрине қаржының да

маңызы жоқ деуге болмайды, бірақ таза техникалық жағынан алғанда адамдар интернетке барлық жерде қосыла алмайтын. Ауқымды желі жұмысы тек қана ірі қалаларда ғана іске татырлық болатын. Алайда соңғы кездерде жағдай түп-тамырымен өзгерді. Сөйтіп, қазір интернет әрбір үйде бар деуге болады және өте көптеген адамдар интернет ресурстарды өздерінің білім алуына пайдалана алады.

Интернет мектептегі білім беру мен жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін бірегей мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім беру ақпаратының таусылмайтын массиві ғана емес, сонымен бірге оны іздеу, өңдеу, қою құралы қызметін де атқарады. Интернет оқушының шығармашылық жағынан өзін-өзі шыңдауын, оның екпінді интеллектуалды және коммуникативті еңбегінің керемет көзі болып табылады, соның нәтижесінде оқушыда қажетті білімдер, біліктілікпен дағдыға ие болу мүмкіндігі пайда болады. Қазіргі уақытта Интернетте мектептегі білім беру мақсаттарындағы ресурстарды жасау және бір жүйеге келтіру үрдісі қызу жүріп жатыр. Білім беру веб-сайттары жаңа білім беру ақпараттық технологияларының маңызды элементі бола бастағандықтан, пән мұғалімдері мен әдіскерлерді Желінің дидактикалық потенциалымен, мұндай сайттардың оқушыларды тәрбиелеу мен білім беру мақсаттарында бере алатын мүмкіндіктерімен таныстыру маңызды. Білім беру ресурстарының әртүрлі классификациясы бар. Мектеп бағдарламасының әртүрлі пәндері бойынша оқу процесінде пайдаланылуы мүмкін Қазақстандық білім беру ресурстарының кейбірін атап өтсек, мысалға:

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ресми сайты

http://www.edu.gov.kz/

Мұғалімдер даңк кітабы

https://portal.edu.kz/kk/SitePages/книга.aspx?

Математикалық портал

https://portal.edu.kz/mam/SitePages/Жаналықтар.aspx

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

http://www.ksu.kz

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

http://kaznpu.kz

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

http://www.agun.kz

Математикалық портал

https://portal.edu.kz/mam/SitePages/Жаналықтар.aspx

Сорос Қазақстан фонды

ГЛАВНАЯ

«Дарын» дарынды балалар мектебі

http://www.daryn.kz

Мемелекеттік тілді жеделдетіп оқытудың республикалық орталығы

http://til.gov.kz

Мен студент

http://www.ya-student.kz

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

http://www.kazsu.kz

Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет

http://www.emu.kz

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

http://kaznpu.kz

«Болашак» президент бағдарламасы

http://www.edu-cip.kz/

ҚР Ұлттық кітапханасы

http://www.nlrk.kz

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

http://www.semgu.kz

Білім беруді ақпараттандырудың республикалық ғылыми-әдістемелік рталығы

http://www.unesco.kz/rcie/

Білім берудің мемлекеттік стандарттар орталығы

http://www.testcenter.kz

Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана

http://www.rntb.kz

Ұлттық тестілеу орталығы

www.testcenter.kz

Республикалық “Дарын” ғылыми-практикалық орталығы

www.daryn.kz

“Балдаурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығы

baldayren.kz

«Назарбаев зияткерлік мектептері»

http://www.orken.org

Қазақстанның ақпараттық-білім беру порталы

Semestr.kz т.б.

Аталған тақырыпты қарастыруда электронды білім беру ресурстарын олардың білім беру үрдісінде қолданылу белгілері бойынша классификациялау (әрине, бұл классификация интернет-ресурстарына да тиесілі) неғұрлым ұтымды.

Оқушылардың өздік жұмыстары ресурсы. Бұл категория ресурстарына қойылатын талаптар: контингенттің жас ерекшеліктерін есепке алатын мазмұндау қарапайымдылығы, жоғары көрнекілік, оқыту бағдарламасына сәйкестік, оқушыға оқыту нәтижесін дұрыс бағалауға және ары қарайғы сабақтарды ұйымдастыру жөнінде ұсыныс алуға мүмкіндік беретін, білімін бақылау жүйесінің болуы.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуына арналған ресурстар. Бұл категорияны тағы да екі категорияға бөлуге болады: көрнекі материалдарды іріктеуге арналған және әдістемелік ресурстар. Ресурстардың бұл түріне қойылатын негізгі талаптар ондағы бар ақпараттың шынайы және мол болуы болып табылады.

Мұғалімнің өз білімін көтеру ресурсы. Ресурстардың бұл категориясына әртүрлі қашықтан оқыту сайттарын, сондай-ақ институттар мен қоғамдар т.б. сайттарын жатқызуға болады. Сабақта практикалық жұмысты ұйымдастыруға арналған ресурс.

Мұнда виртуалды эксперименттерді, лабораториялық жұмыстарды т.с.с. өткізу үшін мультимедиалық технологиялар мен интернетті қолдануға мүмкіндік беретін ресурстар жатады.

Пән бойынша сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру ресурсы. Бұл әртүрлі интерактивті викториналар, конкурстары бар, сондай-ақ қызықты

тәжірибелерді ұйымдастыру бойынша материалдар т.б. орналастырылған сайттар.

Қазіргі уақытта интернет-ресурстарды оқу процесінде пайдаланудың

әдістері мен формалары жасалу үстінде. Әртүрлі пәндер бойынша оқу процесінде интернет ресурстарды қолдану бойынша «Интернет-білім беру сұрақтары (http://center.fio.ru/vio)» электронды журналынан табуға болады.

Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі бойынша интернет-ресурстар мен әдебиеттерге көптеген сілтемелерді «Ашық колледж (http://www.college.ru/)» сайтынан және басқа да интернет-ресурстарының білім беру каталогтарынан көруге болады.

Мұндай электронды журналдар мен қашықтан оқыту курстарында интернет-ресурстарды қолдану арқылы өткізілетін презентация-сабақтар, зерттеу сабақтары, виртуалды эксперимент, лабораториялық сабақ, тақырыптық жоба, электронды викторина, білім бақылау, факультатив, желілік жоба, жекелеп оқыту, қосымша сабақ сияқты сабақтар түрлері ұсынылады.

Әрине басқа да формалар болуы мүмкін, мысалы, «виртуалды экскурсия», желілік ойын, пресс-конференция, шығармашылық есеп-сабақ, қашықтық олимпиадалар, телекоммуникациялық жобалар және басқалар.

Интернет ресурстары мұғалімдер үшін өзінің квалификациясын көтеру мақсатында қолданылуы мүмкін(желілік әдістемелік бірлестіктер, виртуалды педагогикалық кеңестер, қашықтан оқыту, желілік жобаларға қатысу т.б.) Қашықтан оқыту курстарында білім беру интернет-ресурстарын келесі түрде пайдалануға кеңес береді:

— сабақтарға дайындық жүргізуде, яғни, қажетті дидактикалық материалдарды ары қарай offline режиміндегі сабақтарда пайдалана алатындай жинақтау;

— желіден компьютерлік оқыту және модельдеуші бағдарламаларды ары қарай сабақта қолдану үшін көшіріп алу;

— желі ресурстарын пайдалану арқылы online режимінде сабақ өткізу, мысалға анимациялар, апплеттер немесе интерактивті виртуалды лабораториялар пайдалану арқылы сабақ өткізу;

— оқыту мен білім деңгейін тексеруді қашықтан оқыту сабақтары мен тесттері арқылы ұйымдастыру;

— оқушыларды үй тапсырмасын орындау үшін желінің білім беру ресурстарына бағыттау;

— оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарда интернет-ресурстарды пайдалану, мысалы, жоба құруда; оқушылардың қашықтық олимпиадалар мен викториналарға қатысуын ұйымдастыру;

— ауқымды желінің ресурстарын әртүрлі телеконференциялар мен виртуалды педагогикалық кеңестерге қатысу арқылы немесе чаттарда және электрондық почта арқылы әріптестермен пікір алмасып, сондай-ақ әдістемелік бірлестіктер сайттарында орналасқан көптеген материалды оқып- үйрену арқылы өзіндік кәсіптік деңгейді көтеру үшін пайдалану.

Жалпы ақпараттық білім беру мен интернет-ресурстарды оқу үрдісінде қолданудан күтілетін нәтижелер:

Білім беру ортасынының қоғамның ағымдағы сұранысына бейімделуі;

Түрлі әлеуметтік топтар мен түрлі аймақ өкілдеріне білім алу мүмкіндігінің тең дәрежеде болуы;

Үздіксіз білім беру жүйесін қолдау;

Білім беру процесінің тиімділігін арттыру;

Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі үшін компьютерлік технологияны қолдану арқылы ақпаратты сақтау және өңдеу жұмысының тиімділігінің артуы;

Оқыту сапасының артуы, мұғалімнің өз пәні саласында білімнің жинақталуы, оқытудың қазіргі әдістерін меңгеруі мен педагогикалық процесті компьютерлік технология көмегімен ұйымдастыруы;

Педагогтар мен оқушылардың 21 ғасырдың ақпараттық технологиясына инновациялық және базалық дайын болуы.

Оқушылардың оқу материалын көрнекі мультимедиялық құралдарды қолдану арқылы жақсы меңгеруі;

Ақпарат ресурстарына локальді желі немесе Интернет арқылы шығуы 21 ғасырдың медиасауаттылық, сын және жүйелі ойлау, шығармашылық міндеттерді шешуге қабілеттілігі, командада жұмыс жасай білу, дербестік, терең ойлай білу, азаматтық сананың болуы сияқты қасиеттерден тұратын сапасы мен білігінің даму деңгейі;

Әлемдік білім беру кеңістігінде кіріктірілу;

Халықтың оқу мекемелері ұсынған білім беру қызметінің кешенімен қамтамасыз етілуі;

Педагогтер мен оқушылардың оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының, оқу әдістемелік кешенмен және т.б. еркін таңдауының қамтамасыз етілуі;

Оқытушылар мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет мотивациясының, қарым-қатынас мотивациясының, қол жеткізу мотивациясының жоғары деңгейі.