ҚР Экология құқығының түсінігі мен пәні

  1. Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты.

Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын ұтымды пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларға енгізілумен, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік, жалпы халықтық міндет болып табылады.

Экологиялық құқық — бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін қоғам табиғат аясындағы қарым-қатнасқа байланысты қоғамдық қатнастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. “Экология” — бұл жалпы және жалғыз үйіміз-“жер” туралы ғылым.

Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866ж неміс ғалымы Геккель ұсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымында ғана қолданды.Ол өзінің әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болады, өйткені тура осы кезден бастап адам мен қоршаған орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатнасты анықтайтын білім ретінде қолданылады.

Табиғат — санада және санадан тыс жүретін обьективті анықтылық және адамжаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты үш түрлі қызметтерді атқарады:

  1. Жердегі өмірге қажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін экологиялық қызмет.
  2. Адамдардың материялдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экологиялық қызмет.
  3. Адамның жан дүнесінің қалыптасуына әсер ететін негіз- құлықтылық қызмет.

Адам — табиғаттың эвалюциялық дамуының нәтижесі. Табиғат қатынасына байланысты ол, оның әсерін байқайтын, өмірдің жаратылысынан тәуелді болатын, оны қоршаған ортаның обьектісі ретінде танылатын, табиғи ресурстарды пайдаланатын, өзінің шаруашылық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін табиғатты бейімдеуші субьектісі реттінде танылады.

Қоғам мен табиғаттың өзара байланысты негізі екі нысандағы қоғамдық қатнастар негізінде табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда көрініс табады. Табиғат экологиялық даму мүддесі болып табылады.Бірақ тірі организмдердің (соның ішінде адамның да, қоғамның да) жалпы қоршаған ортамен емес, табиғи ортамен байланысты екендігінде көрсету керек. Экологияны сөзбе-сөз түсіну үшін, тек табиғи ортамен ғана өзара қарым-қатынас болған жағдайды айту керек. Міне тек осы жерде ғана табиғатты дамыту жақсарту туралы, экологиялық заңдарды сақтауға аса назар аудару керек.

Қоршаған ортада — бұл әлеументтік экологиялық заты емес, әлеуметтік экологияға оның құрамдас бөлігі ретінде құқықтық экология кіреді. Құқықтық экология деп — қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын қоғамдық (экологиялық) қатнастардыреттейтін нормалардың жиынтығын айтамыз. Құқықтық экологияның анықталуының бірі болып, экологиялық құқығы болып танылады. Экология құқығы деген ұғымды үш тұрғыдан қарастыру керек: құқық саласы ретінде, оқу пәні ретінде, ғылым саласы ретінде.

  1. Экология құқығы- құқықтың саласы ретінде қазіргі және болашақ үшін қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен байланысты қоғам мен табиғаттың (экологиялық) қатынастарды реттеуге бағытталған нормалардың жиынтығы.

Мемлекеттің экологиялық құқығы деген атқа ие болған жаңа құқықтық бірліктің құрылуына алып келеді. Құқық саласының құрылу процесі обьективті түрде негізделінеді, яғни табиғаттың қорғау немесе қоршаған ортаны қорғау туралы басты реттеуші заңдардың болуы және болмауына байланысты емес.Ондай заңның пайда болуы берірген бірлестіктің ішкі даму процестерінің нәтижесі болып табылады, егер оның өмір сүруі халықтыңтүбегейлі қажеттіліктерінен туындайтын болса, кез келген жүйе – біріккен, жүйе құрайтын факторларды ретке келтіруші көптеген элементтерден тұрады.Экология құқығының өзіндік пәні ( реттейтін қоғамдық қатынастарды) әдістері, қағидалары мен жүйесі бар. Экология құқығының пәні ретінде құқықтың нормаларымен реттелетін қоғам мен табиғат арасындағы қарым — қатынастар, мысалы: қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану.

Экология құқығының әдістері дегеніміз — экологиялық құқықтың қатнастарды реттеуде қолданылатын тәсілдер жиынтығы, олар қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа жетуге бағытталған, экологиялық заңдылықтардың құқықтық реттелуінің сақталуына негізделген. Экология құқығында императивтік және дипозитивтік әдістер қолданады. Императивтік әдістер бір тараптың екінші тарапқа басымдылығын білдіреді. Мемлекет табиғат байлықтардың меншік иесі ретінде табиғат пайдаланушыларға өз билігін көрсете алады, мысалы: қоршаған ортаны ластанғаны үшін жауапкершілікке тарту, табиғи ресурстарды пайдалануға беру немесе оларды мемлекеттік мұқтаждары үшін қайтарып алу кезінде. Ал дизпозивтік әдістер тараптардың теңдігін білдіреді, бұл әдіс экология саласында шарттық қатнастарды жүзеге асыруға қолданылады. Экология құқығының ішкі табиғатын білдіретін өзіне тән қағидалары бар. Олар ҚР ”Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңның үшінші бабында көрініс тапқан.Оларға мыналар жатады:

1) Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру.

2) ҚР нарықтық қатнастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қәзіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатына қоршаған ортаның әлеуметтік — экономикалық міндеттерімен проблемаларын теңдестіре отырып шешу.

3) Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарды экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру.

4) Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезең – кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру енгізу.

5) Биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық ғылыми және мәдени жағынанерекше маңызы бар қоршаған обьектілерін сақтауды қамтамасыз ету.

6) Қоршаған ортаны қорғау туралы мемлекеттік реттеумен мемлекеттік бақлау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымрасыздығы.

7) Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау.

8) Халықтың қоғамдық бірлестіктері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу.

9) Халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралықынтымақтастық. Экологиялық құқықты оқу пәні ретінде біз, теориялық және тәжрибелік сұрақтарын қамтитын оқыту әдістемесіне және де құқық нормалары мен олардың тәжрибе жүзінде асыруға қажеттілігін білуге мән береміз.

Құқықтық ғылым саласы ретінде экология құқығы көптеген ғылыми теориялардан, көзқарастардан, тұжырымдамалардан тұрады. Олардың незігі мақсаты ғылыми тұрғыдан, экология құқығын қалыптастырудың себептерін анықтау.

Күрделі теориялық мәселелерін шешу, қолданыстағы экологиялық заңдарын жетілдіру жолдарын корсету. Экология құқығы ғылыми саласында отандық мынадай атақты ғалымдарымыз бар, олар: Байсалов С. Б; Еренов Ә.Е; Стамқұлов Ә. С; Байдельдинов Д. Л;Мухитдинов Н. Б.

  1. Табиғатта күн, оның сәулесі, ай оның жарығы, алып су қоймалары

(мұқит, Каспий сияқты теңіздер) олардың табан, минералды заттары, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, Арктика мен Антрактида, жел және басқа байлықтар бар. Егер мемлекет сондай су қоймаларының жағасында болса, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдікткр дүниесін пайдалану құқығына ие бола алады.

Ал алып су қоймаларындағы Арктика мен Антрактида табиғат байлықтарын пайдалану тек халықаралық келісім бойынша жүргізіледі.

Мемлекет аумағындағы табиғат байлықтары дүниежүзі немесе жер шары байлықтарының иемденген бір бөлігі болғандықтан, оларды табиғи ресурстар дейміз. Экология құқығының объектілері болып — қоршаған табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттілігіне жұмсалатын табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастар мен адамның өмірі мен денсаулығына байланысты Экологиялық жағдай жөніндегі қоғамдық қатынастар болып табылады.

ҚР табиғи ресурстарына мемлекет аумағындағы жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, табиғаттың көрікті жерлері мен ескерткіштері және басқа осы сияқты байлықтар жатады.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» 1997ж. заңда құқықтық реттеуге жататын табиғи ресурстардың түрлері аталған. Солардың ішінде жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, дағдылы және сирек кездесетін ландшафтар, табиғи қорықтар, ұлттық табиғи парктер, табиғат ескерткіштері, жердің климаты мен азонды қабаты, сондай-ақ атмосфералық ауа, табиғи Экологиялық жүйелер мен биосфераның құрамдас бөлігі ретінде өзге де табиғи объектілер бар.

Адамның денсаулығы менөміріне қоршаған табиғи ортаныңқолайлы болуы, шаруашылық және өзге де қызметтің зияндыықпалына жол бермеу сияқты экологиялыққатынастар экология құқығыныңобъектісі бола алады.

Табиғат қорларыназаңдарда құқықтық мәні бар қосымша нышандар беріледі. Мысалы: жер қорғалатын табиғат объектісіне оның жоғарғы қабаты, құнарлы топырағы және теңіздердің, көлдердің, өзендердің табандары жатады.

Табиғи ресурстар — азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім, құрылыс материалдары т.б пайдалы заттар алынытын байлық көздері.

Табиғи ресурстар қалпына келетін, қалпына келмейтін, жаңартылатын, жаңартылмайтын, сарқылатын, сарқылмайтын түрлерге бөлінеді. Мысалы: топырақтың құнарлылығы, орман қалпына келтірілетін, жаңартылатын, қалпына келмейтін жәнесу сарқылатынбайлықтарға жатады. Сондықтан,табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және оны қорғау экологиялық құқықтың негізі болып табылады. Экологиялық сараптама объектілерінежататындар:

  1. Табиғатты пайдалану мәселелеріне байланысты жоспарлау алдындағыжәне жобалау құжаттамасы, шарттар, келісім — шарттар мен халықаралық келісім — шарттар.
  2. ҚР. қабылданбақ болып белгіленіп отырған, қоршаған ортамен денсаулығына ықпал жасайтын заң актілері мен нормативтік құқықтықактілерінің жобалары.
  3. Шаруашылық қызметті жүзеге асырукезіндетабиғиат пайдаланушылардыңқоршаған ортаны және халық денсаулығын қорғау жөніндегі талаптарды сақтауын бағалау материалдары.
  4. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғаусаласындалицензияларменсертификаттардыалу кезіндеэкологиялық мінездеме үшін табыс етілетінқұжаттама.

Субъектілері:

ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқару органдарымен оның жергілікті жерлесі бөлімшелері мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге тартатын министрліктер. Мемлекеттік комитеттерменорталық және жергілікті атқарушы органдар. Қоғамдық экологиялық бірлестіктер, ғылыми мекемелер және олар тұратын экологиялықсараптама органдары. Экологиялық сараптама жүргізуге тартылған жеке тұлғалар және азаматтар.