ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҒЫ: СТУДЕНТТЕРДІҢ КӨЗҚАРАСЫ НЕГІЗІНДЕ

XXI ғасыр – кез-келген маманның зияткерлік, тұлғалық-кәсіби әлеуетін дамыту мақсатымен шартталған білім беру ғасыры. Бұл қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында еліміздің басты байлығына айналмақ.

Осыдан, білім алушылар мен білім берушілердің танымдық белсенділігі, өзінің тұлғалық-кәсіби дамытуға ұмтылысы, өз бетімен сын тұрғысынан ойлау қабілеті — заманауи білім берудің жаңа парадигмасына айналып келеді.

Білім беру – жалпы алғанда, жеке адамның табиғатпен, мәдениетпен өзара байланысын анықтап, әр адамның қабілетін, мүмкіндігін, әлеуетін ашатын, үнемі өзгеріс барысындағы жеке адамды болашақ өмірге қалай дайындауға болады деген сұрақтарға жауап іздеуден тұрады. Яғни, білім алушыларға тұтас әлем туралы өзіне ақпарат жинауына, өзінің әрекетін бағдарлай алу, өзін тануға үйретеді. Осыған орай, инновациялық дамудың үздіксіз үдерісі ретінде мемлекетіміздің алдында білім алушыларға жоғарыда аталған міндеттерді шешетін жаңа заман талабына сай, құзыретті маман кадрларды дайындау міндетін орындаушы оқытушы тұлғасының ролі ерекше. П.Ф.Каптеров айтқандай: «оқыту барысында оқытушының тұлғалығы басты орынға қойылады, себебі қандай да болмасын тұлғалық қасиет оқыту тәрбиесін жоғарылатады немесе төмендетеді» .

Осыған орай, аталған мақаламызды БілімБілім беру оқытушылардың тұлғалығы және оқытушылардың кәсіби әрекетіндегі тұлғалық ерекшеліктерін өздері бағалау арасындағы байланыс қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау мақсатымен тәжірибиелік зерттеу жұмысын жүргіздік.

Тәжірибиелік зерттеу жұмысына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, С.Бәйішов атындағы университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінен барлығы 100 оқытушы, 100 студент қатысты. Тәжірибиелік зерттеу жұмысына бізбен оқытушылардың студенттерге деген қарым-қатынасы, оқытушының кәсіби әрекетін сапалы да нәтижелі орындауға қажет тұлғалық қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытушылар үшін 12, студенттер үшін 11 сұрақтан тұратын сауалнама құрастырылды. Оқытушылар мен студенттерге берілген сауалнаманың сұрақтары бірдей, тек 12-ші сұрақ қана оқытушылар үшін арналады.

Сонымен, оқытушылар мен студенттердің жауаптары:

  1. Білім беру үдерісінде оқытушы: атты сұрақ бойынша:

Кесте 1

Білім беру үдерісінде оқытушы: Оқытушы

лар

Студенттер
1 Қарым-қатынаста жағымды жағдай тудыруы керек 15% 40%
2 Студентке сұрақ қоюына мүмкіндік беруі керек 13% 9%
3 Еркін өз ойын білдіруге мүмкіндік жасау қажет 22% 30%
4 Студенттің белсенділігін тудыруы керек 50% 21%

Сонымен, кестеден көріп тұрғанымыздай, оқытушылар мен студенттердің жауаптарының арасында қарама-қайшылық бар екендігін байқаймыз. Оқытушылардың 50%-ы қазіргі оқытудың кредиттік технологиясы бойынша студенттің белсенділігін тудыру керек деп есептесе, студенттердің 40%-ы оқытушылар қарым-қатынаста жағымды жағдай тудыру керек дейді, демек оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді болғанын қалайды. Расында да, қарым-қатынастың жағымды, үйлесімді болуы студент пен оқытушы арасындағы сенімді байланыс құруда маңызы зор. Алынған жауаптың нәтижелерін диаграмма түрінде ұсынуды жөн көрдік:

Сурет 1 — Оқытушылардың білім беру үдерісін ұйымдастыруы

  1. «Менің ойымша оқытушылардың бойында келесідей қасиеттер болуы керек» атты сұраққа оқытушылардың жауаптарын талдай келе, білімді, теория мен практиканы ұштастыра алатын, қабілетті, адал, жауапкершілікті, толеранттылықты бастапқы бестікке қойса, студенттер бойларындағы кемшіліктерге шыдамдылық, эмпатияны, оқытушылар жағынан өзін тану мен дамыту бойынша көмек күтетіндіктерін жазды.
  2. Оқытушылар қарым-қатынаста келесідей қасиеттерді көрсетеді:

Кесте 2

Оқытушылар мен студенттердің бағалауындағы оқытушылардың қарым-қатынастағы қасиеттері

  Қасиеттер Бағалау
4-үнемі,

%

3-көбіне,

%

2-кейде,

%

1-ешқашан,

%

Оқыт. Студ. Оқыт. Студ. Оқыт. Студ. Оқыт. Студ.
1 Сыйластық сезімі 76 33 15 49 9 10 8
2 Шыдамды 47 18 8 39 5 31 12
3 Сыпайы 46 30 37 59 17 11
4 Жауапкершілікті 42 16 49 42 9 33 9
5 Толерантты 64 7 32 43 4 45 5
6 Адал 60 13 36 55 4 32
7 Эмоционалды 37 7 44 33 19 40 20
8 Белсенді 34 11 50 42 16 36 11
9 Сабырлы 33 31 56 46 11 20 3
10 Көңіліме (көңіліне) ортақтасады 31 11 49 22 10 50 17
11 Түсіне алу қабілеті бар 33 22 56 38 11 31 9
12 Қамқор 31 10 45 48 24 32 10

Алынған мәліметтерді талдай отырып, студенттердің оқытушылардың бойында өздеріне деген сыйластық сезімі, қамқор, жауапкершілік, шыдамдылық, түсіне алмау қабілеттері жағынан тапшылық сезінетіндері байқалады. Әсіресе, қарым-қатынастағы эмоционалдылық пен көңіл-күйлерін түсіну деңгейлері төмен екендігі анықталды. Бұдан оқытушылардың эмоционалды ригидтілігін байқадық.

5.Оқытушылармен қарым-қатынасқа түсу маған ұнайды: бәрімен -1, кейбірімен -2, білмеймін -3, мүлдем ұнамайды -4.

Сурет 2 – Оқытушылар мен студенттердің өзара қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері

Студенттердің оқытушылармен қарым-қатынасқа түсуі 18%-ы «бәрімен», 51%-ы «кейбірімен», 22%-ы «білмеймін» және 9%-ы «мүлдем ұнамайды» десе, ал оқытушылардың студенттермен қарым-қатынасқа түсуі 48%-ы «бәрімен», 32%-ы «кейбірімен», 12%-ы «білмеймін» және 8%-ы «мүлдем ұнамайды» деп жауап берді. Шамамен есептегенде 10 студенттің 2-еуі ғана оқытушылардың бәрімен, 5-еуіне кейбірімен, 2-еуі білмейді және 1-уіне қарым-қатынасқа түсу мүлдем ұнамайды екен.

6.Оқыту барысындағы төмеңдегі пікірлерді төрт балдық шкала бойынша бағалаңыз:

Кесте 3

  Пікірлер Бағалау
4-үнемі,

%

3-көбіне,

%

2-кейде,

%

1-ешқашан,

%

Оқыт. Студ. Оқыт. Студ. Оқыт. Студ. Оқыт. Студ.
1 Студентті тұлға деп қабылдайды 33 14 57 28 10 51 7
2 Студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға көңіл аударады 29 13 56 32 15 33 22
3 Студенттердің бейімделуіне көмектеседі 40 33 22 12 38 43 12
4 Оқытушылар студенттердің болашағына қызығушылық танытады 23 15 72 36 15 30 19
5 Оқытушылар студенттің әлсіз және күшті жақтарын тануға мүмкіндік береді 16 8 44 34 31 45 9 13
6 Оқытушы мен студент арасында өзара түсіністік орнатылған 23 11 54 43 23 42 4

Кестеден көріп тұрғанымыздай, оқытушылар мен студенттердің берген жауаптарының арасында қарама-қайшылықты байқауға болады. Сауалнаманың нәтижесінен, біз оқытушы мамандардың білім беру үдерісі субъектілерінің арасында сенімді, ашық қарым-қатынас құру маңыздылығын түсінетіндері анықталды. Ал, студенттердің жауаптарын талдай келе, оқытушылар студент тұлғасына емес, пәнге бағытталатындығы байқалады. Осылайша, студент пен оқытушы қарым-қатынасының ерекшеліктерін бағалаудағы сәйкессіздіктен, оқытушылардың өзіндік сана мен өзін түсінуі төмен, өзін бағалауы жоғары екендігін анықтадық. Олар оқытушы тұлғасына талап ететін қоғам сұранысын расында өздерінде бар деп мойындап, студенттермен өзара әрекет барысында орын алатын кәсіби әрекеті мен мінез-құлығындағы қателіктерімен кемшіліктерін саналы түсінбейтіндігі анықталды. Бұдан, оқытушыларымыздың өзін-өзі жетілдіруі мен өзіндік дамуын тежейді деген қорытынды шығардық.

  1. Оқыту үдерісіндегі оқытушының стилін суреттеп беріңіз атты сұраққа студенттер оқытушылардың 70% — ы субъективті қарым-қатынас жасайтынын, яғни авторитарлық стильдің басым екендігін, ал оқытушылар болса, өздерін демократиялық стилді ұстанатындары анықталды.
  2. Сабақ барысында оқытушы қандай жағдайды тудырады атты сұраққа студенттердің шашамен 60%-ы оқытушының ағымдағы көңіл-күйіне байланысты десе, оқытушылар жағымды, позитивті деп жауап берді.
  3. Оқытушылардың студенттің жағымсыз жағдайында көбіне қолданатын үш тәсілді атаңыз атты сұраққа студенттер бірінші бестікке дауыс көтеру, студентті аудитория алдында намысын түсіру, аудиториядан шығару мен студентке ескерту айту болса, оқытушылар өздерін бірінші бестікке ескерту жасау, дауыс көтеру, мәселені шешу үшін жекеше сөйлесу, қосымша жазбаша тапсырмалар беру мен тәрбиелеу шарасын қолдануды жазды.
  4. Өзіңізді тұлғалық-кәсіби дамыту үшін қандай әрекеттер жасайсыз атты сұраққа оқытушылардың 11%-ы кітаптар оқимын, 6%-ы тренингтерге қатысамын, 58%-ы –өзімді жетілген тұлға деп есептеймін, 13%-ы ештене істемеймін және қалғандары телидидардағы бағдарламаларды қараймын, фитнеске барамын деп жауап берсе, студенттердің 9%-ы тұлғалық өсу, даму бойынша кітаптар оқимын, 5%-ы тренингге қатысамын, 22%-ы өзімді жетілген тұлға деп есептеймін және қалғандары «ештеме жасамаймын» деп жауап берді.
  5. «Неліктен» деген сұраққа оқытушылардың 66 %-ы және студенттердің 56 %-ы уақыттың тапшылығы десе, қалғандары маған бұл қызық емес деген нәтижелер берді. Бір қызығы студенттер арасында 4-ші курста оқитын 3 студенттің жауабынан «Неліктен?» атты сауалдағы сұраққа жауап беру барысында дәріс оқитын оқытушысының қызықтырғандығы және өздері тұлғалық өсуге байланысты кітаптардың авторларын беріп, оқуларын сұраған екен. Бұдан біз демек, өзін тұлғалық-кәсіби жетілдіретін оқытушы студенттің тұлғалық өсуіне себеп болатындығын байқаймыз. Ал, тұлғалық-кәсіби өзін дамыту бойынша оқытушылардың тек 11%-ы кітап оқуы мен 6%-ы тренингтерге қатысуы бізді алаңдатты.

12.Менің дамуым мен өсуіме стимул болатын факторлар атты сұрақ бойынша жауаптардың нәтижесін диаграмма түрінде беруді жөн көрдік:

Сурет 2 — Оқытушылардың тұлғалық дамуына стимул болатын факторлар

Мұндағы: 1- Әріптестерімнің мінез-құлықтары, үлгі болуы, әсерлері, 2 — Басшылардың қылықтары, үлгі болуы, әсерлері, 3 — Курстарда оқу, 4 — Іс-әрекеттердің жаңашылдығы, жұмыстың шарттары, тәжірибиелік жұмыстарға мүмкіндіктердің болуы, 5 — Өзімнің білімімді жетілдірумен айналысу, 6 — Жұмысқа қызығушылық, 7 — Ұжымда беделге ие болу мүмкіндігі, 8 — Материалдық стимулдау, 9 — Жанұяда қолдау (туыстар, жақындар), 10 — Қызметтегі өсу (карьера), 11 — Өзіме көңіл толмаушылық, өзгеруге деген ұмтылыс, 12 — Түрлі білім алу көздері арқылы алынған ақпараттар (кітап, БАҚ, байланыстар, сыбыстар)

Диаграммадан, іс-әрекеттердің жаңашылдығы, жұмыстың шарттары, тәжірибиелік жұмыстарға мүмкіндіктердің болуы — 26%, ұжымда беделге ие болу мүмкіндігі – 14%, жұмысқа қызығушылық – 12%, өзімнің білімімді жетілдірумен айналысу – 10%, материалдық стимулдау – 10%, қызметтегі өсу (карьера) – 9%, басшылардың қылықтары, үлгі болуы, әсерлері – 4%, түрлі білім алу көздері арқылы алынған ақпараттар (кітап, БАҚ, байланыстар, сыбыстар) – 4%, әріптестерімнің мінез-құлықтары, үлгі болуы, әсерлері – 3%, курстарда оқу – 3%, жанұяда қолдау (туыстар, жақындар) – 3%, өзіме көңіл толмаушылық, өзгеруге деген ұмтылыс – 2% деген көрсеткіштер көрсетті.

Сонымен, сауалнаманы қорытындылай келе, оқытушылардың студенттермен қарым-қатынас жасау барысында эмоционалды ригидті екендігі және өздерін тұлғалық-кәсіби дамыту бойынша үнемі өзін үздіксіз жетілдіруді мақсатты қолданбайтындығы анықталды. Қарым-қатынас барысында өзара түсінуі төмен, мінез-құлықты тануға қасиеттерінің төмендігі басым. Студенттер оқытушы жағынан эмоционалдылық, көңіліне ортақтасу (эмпатия), шыдамдылық қасиеттерін жеткілікті сезінбейтіндігі анықталды. Аталған қорытындылардың ішіндегі негізгісі — оқытушылардың бойындағы аталған таптаурындар санасыз түрде студенттерге беріліп, нығайтылады. Студенттердің тұлғалық даму қажеттілігін түсіне отырып, өзіндік тұлғалық дамуға ұмтылу керек екендігіне есеп бермейді деген қорытынды шығардық. К.Г.Юнг айтқандай, өзі тұлға [1, 185 — б] болып қалыптасқан тәрбиеші ғана бала бойындағы тұлғаны жетілдірудің негізгі факторы (ата-ана, мұғалім). «Өзі тұлға емес адам, баланы тұлға ретінде тәрбиелей алмайды», демек өзінің бойындағы қалыптаспаған қасиеттерді оқытушы студент бойына дарыта алмайды. Келесі зерттеулерімізде оқытушылардың тұлғалық дамуына байланысты тәжірибиелік зерттеу жұмыстарымызды одан әрі жалғастырмақпыз … .