Арыс ауданының тарихи мәдени ескерткіштері

Арыс ауданын орталығы Арыс қаласы. 1957 – 1997 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Арыс» кеншарының орталығы болып келген. Оның негізінде шаруа қожалықтары, ӨК құрылды. Орта мектеп, кітапхана, клуб фельдш. акушерлік пункт т.б. мекемелер бар.

Арыс облысытқ маңызы бар қала. Облыс орталығы Шымкент қаласынан батысқа қарай 60 км жерде, Арыс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Іргесі 1900-2003 жылдар Орынбор-Ташкент темір жолдарын салу кезінде Арыс станциясы болып қаланып, 1932 жылы Кент, 1956 жылы қалаға айналды. 1989-1997 жж. Арыс ауданының орталығы болды, қалада темір жол, трамвай жолы шпалдарын жасайтын «Арыс шпал зауыты» ЖШС, Темекі шығаратын «Адам» ЖШС жұмыс істейді. Локомотив вагон деполары 10 орта мектеп, аурухана, 2 диспансер перзентхана, мәдениет үйі, балалар үйі бар. Халқы 30 мыңнан астам (1970 ж.) Арыс қаласының 1-ші станциясы қаланың ескі бөлігімен іргелес. Жаңа бөлігі 2-ші Арыс станциясымен байланысады.

  1. Көне дәуірден қалған археологиялық ескерткіштер. Бұл өңір үш ландштафты аймақты қамтиды: таулы, тау бекетті және далалы кеңістік жерлер. Тас дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр ескерткіштері кездеседі. Өңірде 1960 жылы Жетісу кешенді археологиялық экспидиция 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан археологилық экспидициясы (жетекшісі К.А. Ақышев) 1980 жылы Шымкент педагогикалық институтының археологиялық экспидициясың барлау және қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде Бөріжар, Алтынтөбе, Қаратөбе зираттарымен көне қалалар орны ашылды. Барлау барысында 1973 жылы археолог Х. Алпысбаев Шаян, Арыс-Түркістан каналдарының бойынан ерте ашель дәуіріне жататын тұрақтарды тапқан. 1974-1975 жж. Арыс қаласынан 10-12 км жерде Тасқотан, Бесқотан, Байтоғай сияқты тас дәуірінің ескерткіштері табылып, бұл өңірде алғашқы адамдардың өмір сүргендігі дәлелденді. XX ғасырдың 80-жылдары әртүрлі құрылымдары 3-мыңнан астам қорғандар тобы есепке алынды. Сақ, Үйсін дәуіріне жататын үлкен қорғандардың диаметрі 70-100 м. Жоғарғы жағы 10-15 м. Биіктігі 16-18 метр болып келген. Сондай қорғандар тобына Бадамға жақын, Ақбұлақ өзенінің жағасындағы Алтынтөбе жатады. (б.з.б 3ғ, б.з. 4ғ.) Ол 300 ден астам жеке обалардан тұрады. Мұнда мәйіттер арқасына жатқызылып жерленген. Ішінен саз ыдыстар, құмыралар, кеселер, жануарлар сүйектері, әртүрлі моншақтар көптеп алынады. Кейінгі түркі дәуіріне жататын Бөріжар сияқты ескерткіштер зерттелген. (І-ҮІІІ ғғ) Арыс өзенінің сол жағалауында Бадам және Арыс жолының ортасында орналасқан бұл ескерткіштерді 1941-1951 жж А.М.Бернштам. 1970-1971 жж Б.Н.Нұрмұханбетов зерттеген. Олар 1-2,5 км жерді алып жатқан жүздеген топырақ үйінділері еді. Әр үйіндінің диаметрі 6-20 м, биіктігі 0,5-3 м. кейінгі ескерткіштер тобына бекіністер ерте, орта ғасырлық және кейінгі орта ғасырлық қалалар орны жатады. Ескерткіштердің үлкендері тау аңғарларында Арыс, Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Боралдай өзендерінің бойларында кішігірім бекіністер Бала Бөген, Бөген, Шаян, Арыстанды аңғарларында кездеседі. 3 бөліктен: Шахристан, Рабат, Цитодельден тұратын орта ғасырлық орындары бар. Олар V-VIIІ ғ арасын қамтыды. Арыс мәдениеті б.з.б IV ғасырмен б.з VI ғасыр аралығына қатысты және Қазақстанның оңтүстігінен орын алған саяси және этникалық процесстерді көрсетеді. Сол кездердің материалдары Кангюй иеліктерін Арыс, Бадам ауданының аумағымен белгілеген. Ол астанасы Битян қаласын Қараспантөбе қалашығымен (Ордабасы ауданы) байланыстыруға негіз береді.